Сенбі, 4 сәуір күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа райы күтілетіні белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Алматыда күн құбылмалы болады. Күндіз ауа температурасы +27 градусқа дейін жылынса, түнде +10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с аралығында.
Астанада аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы +19 градусқа дейін көтеріліп, түнде +4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с жетеді.
Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз +21 градусқа дейін жылынса, түнде температура +13 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, таңертең және күндізгі уақытта жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







