Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы күндері жайлы ауа райының орнына жауын-шашынды кезең келеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ел аумағында жел күшейеді, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Күндіз кей өңірлерде бұршақ, дауыл және шквалды жел тіркелуі мүмкін.
Астанада түнде ауа температурасы +2…+4 градус шамасында болады. Ауа райы құбылмалы, аздаған жаңбыр мен тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Күндіз +15…+17 градусқа дейін жылиды, жауын-шашын болмайды.
Алматыда түнде +12…+14 градус, жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-батыстан соққан жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз +23…+25 градус, өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады.
Шымкентте түнгі температура +13…+15 градус. Ауа райы тұрақсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей сәтте шквалды жел соғуы мүмкін. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысында түнде -1…+4 градус, оңтүстігінде +7 градусқа дейін көтеріледі. Кей аумақтарда жаңбыр жауып, тұман түседі. Күндіз +12…+17 градус, негізінен жауын-шашынсыз өтеді. Көкшетауда түнде +1…+3 градус, күндіз +15…+17 градус шамасында.
Алматы облысында түнде +9…+14 градус, таулы аймақтарда 0…+5 градус. Кей жерлерде жаңбыр мен найзағай, тауда қар аралас жауын-шашын ықтимал. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз +23…+28 градус, таулы өңірлерде салқындау. Қонаевта түнде жаңбыр мен найзағай, күндіз жауын-шашынсыз +24…+26 градус.
Жетісу облысында түнде +8…+13 градус, кей таулы аудандарда +3 градус. Найзағайлы жаңбыр күтіледі. Күндіз +22…+27 градус. Талдықорғанда түнде жаңбырлы, күндіз ашық, +24…+26 градус.
Түркістан облысында түнде +12…+17 градус, кей өңірлерде жаңбыр, бұршақ, шквал болады. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз +23…+28 градус. Түркістан қаласында да найзағайлы жаңбыр сақталады.
Батыс Қазақстан облысында түнде +5…+10 градус, кей жерде нөсер жаңбыр жауады. Тұман түсіп, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді. Оралда да осындай жағдай сақталады. Күндіз +12…+17 градус, найзағай мен бұршақ ықтимал.
Атырау облысында түнде +7…+12 градус, күндіз +18…+23 градус. Кей өңірлерде жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болуы мүмкін. Атырауда күндіз өткінші жаңбыр, жел екпіні 18 м/с-қа дейін.
Маңғыстау облысында ауа райы тұрақсыз: жаңбыр, бұршақ, қатты жел күтіледі. Ақтауда да нөсер жаңбыр мен шквал байқалады. Күндіз +15…+17 градус.
Ақтөбе облысында түнде +4…+9 градус, күндіз +15…+20 градус. Кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай болады. Ақтөбе қаласында да күндіз жауын-шашын күтіледі.
Тұман түсіп, жаңбыр жауады
Қостанай облысында түнде -2…+3 градус, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +14…+19 градус, жекелеген аумақтарда жаңбыр жауады. Қостанайда күн ашық, +17…+19 градус.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде 0…+5 градус, тұман түседі. Күндіз +13…+18 градус, жауын-шашынсыз. Петропавлда да осындай жағдай сақталады.
Павлодар облысында түнде +3…+8 градус, кей жерлерде жаңбыр. Күндіз +13…+18 градус. Павлодарда күн ашық, +15…+17 градус.
Қарағанды облысында түнде 0…+5 градус, кей аумақта тұман. Күндіз +15…+20 градус. Қарағандыда түнде +3…+5, күндіз +16…+18 градус.
Ұлытау облысында түнде +5…+10 градус, күндіз +19…+24 градус, жауын-шашынсыз. Жезқазғанда күндіз +21…+23 градус.
Шығыс Қазақстан облысында түнде 0…-5 градусқа дейін төмендейді. Кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз +15…+20 градус. Өскеменде күндіз жаңбыр күтіледі.
Абай облысында түнде +2…+7 градус, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр. Күндіз +17…+22 градус. Семейде күндіз жаңбыр жауады.
Қызылорда облысында түнде +8…+13 градус, күндіз +18…+23 градус. Найзағай, шквал күтіледі. Қызылордада күндіз жаңбырлы.
Жамбыл облысында түнде +8…+13 градус, таулы аймақтарда салқындау. Күндіз +22…+27 градус. Кей өңірлерде жаңбыр мен найзағай байқалады. Таразда күн ашық, +23…+25 градус.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







