2026 жылдың мамыр айы қазақстандықтар үшін нағыз мерекелі әрі демалысқа бай айлардың бірі болмақ. Мемлекеттік мерекелер мен Құрбан айт мейрамына орай бірнеше қосымша демалыс күндері қарастырылған, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мамырда еліміздің тұрғындары бірден бірнеше маңызды мейрамды атап өтеді. Атап айтқанда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. Сонымен қатар, биыл Құрбан айт мейрамының алғашқы күні 27 мамыр, сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Бұл күн ай күнтізбесіне байланысты болғандықтан, нақты күні біршама өзгеруі мүмкін екендігін ескерген жөн.
Мамыр айы жұмыс күндерінің саны жағынан да ең қысқа ай болмақ. 5 күн жұмыс істейтіндер үшін – 14 демалыс, 17 жұмыс күні болса, 6 күндік кестемен жұмыс істейтіндерге – 9 демалыс және 22 жұмыс күні қарастырылған.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні жұмаға түседі. Бес күндік жұмыс кестесімен істейтіндер бірден үш күн демалады: 1, 2 және 3 мамыр күндері. Ал алты күндік кестемен істейтіндерге 1 мамыр демалыс, 2 мамыр – жұмыс күні, ал 3 мамыр қайта демалыс күні болады.
7 және 9 мамыр күндері де ұзақ демалыс жалғасады. Жеңіс күні (9 мамыр) сенбіге келгендіктен, демалыс дүйсенбі, 11 мамырға ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс кестесімен істейтін азаматтар 7 мамыр (бейсенбі), 9-11 мамыр (сенбі–дүйсенбі) демалып, арасында тек 8 мамыр жұмыс істейді. Ал алты күндік кестедегілер үшін 7 және 9 мамыр – демалыс күндері, ал 8 және 11 мамыр – жұмыс күндері.
Құрбан айт
Құрбан айт мейрамының бірінші күні – 27 мамыр, сәрсенбі де қазақстандықтар үшін қосымша демалыс болып бекітілген. Бірақ 2024 жылғыдай күннің өзгеруі мүмкін екенін ескерген жөн. Ол кезде мерекенің күні соңғы сәтте өзгертіліп, тұрғындардың жоспарларын өзгертуге тура келген еді.
Сондай-ақ, мамыр айында бірқатар кәсіби және атаулы күндер бар. Атап айтқанда:
10 мамыр (айдың екінші жексенбісі) – Аналар күні;
17 мамыр – Байланыс қызметкерлерінің күні;
20 мамыр – Метрология қызметкерлерінің күні;
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні;
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
31 мамыр (айдың соңғы жексенбісі) – Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні.
Жалпы алғанда, мамыр айындағы мереке күндері ел тұрғындары үшін жақындарына баруға, табиғат аясында демалуға және отбасылық шараларды ұйымдастыруға қолайлы кезең болмақ. Ұзақ демалыстарды тиімді жоспарласаңыз, көктемнің ең шуақты кезеңін есте қаларлықтай өткізуге болады.
NASA ғарыш агенттігі жариялаған жаңа суретте Айдың Жерден көрінетін жағы мен бізге беймәлім қарама-қарсы жағы қатар бейнеленген.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







