АҚШ пен Иран арасындағы Ормуз бұғазына қатысты шиеленісті жағдай күтпеген жерден бейбіт түрде шешімін тапты. Пәкістанның араағайындығымен қос ел атысты тоқтату туралы келісімге келді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тарихи келісім АҚШ-тың президенті Дональд Трамп белгілеген ультиматум мерзімі аяқталуға санаулы сағаттар қалғанда қабылданды. Бұған дейін Трамп Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы қалпына келмесе, Иранды «тұтас өркениеттің жойылуына» әкелетін соққы жасауға дайын екенін мәлімдеген еді.
Жағдайды реттеуге Пәкістанның дипломатиялық араласуы айтарлықтай ықпал еткен. Иран билігінің өкілі жаңа келісім бойынша Ормуз бұғазының қайта ашылатынын, бірақ Тегеран тарапынан қойылған нақты шарттардың орындалуы маңызды екенін атап өтті.
Бұл келісім әлемдік қауымдастықты едәуір жеңілдетті. Себебі бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс өте қауіпті шегіне жетіп, аймақтағы геосаяси ахуал ушығып кеткен болатын. Екі ел арасындағы қарулы қақтығыстың алдын алған келісім бүкіл әлем үшін үлкен қауіптен құтқарды деуге болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ормуз бұғазындағы дағдарысқа байланысты халықаралық сауда жолдары жабылып, мұнай бағасы күрт көтерілген еді. Бұғаз арқылы күн сайын әлемдік нарыққа миллиондаған баррель мұнай тасымалданатынын ескерсек, бұл келісім энергетикалық нарықтағы тұрақсыздықты да тоқтатуға ықпал етеді.
Қазіргі уақытта екі тарап келісім шарттарын нақтылап, жағдайды тұрақтандыру үшін дипломатиялық диалогты жалғастыруда. Келіссөздердің әрі қарай сәтті жүзеге асуы екі елдің де, әлемдік қоғамдастықтың да мүддесіне сай келмек. Бұл келісімнің маңызы, жаһандық бейбітшілікті сақтаудың үлгісіне айналып, үлкен шиеленістердің дипломатиялық жолмен шешілуі мүмкін екенін тағы бір рет дәлелдеді.
Қуанышбек Қаридың айтуынша, қазіргі жағдайда АҚШ үшін Иранда келіссөзге қабілетті тұлғаның болуы аса маңызды. Өйткені Израиль Иранның әскери және саяси элитасын жүйелі түрде әлсіретіп жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







