10 сәуір күні еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бірқатар өңірде жауын-шашын, желдің күшеюі және температураның күрт өзгеруі күтілуде. Ал оңтүстік пен батыс аймақтарда көктемнің жылы күндері жалғасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Петропавлда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын жауады, жолдарда көктайғақ болады. Күндіз ауа температурасы +6…+8 градусқа дейін көтеріледі. Қостанай мен Көкшетауда жауын жауып, күндіз ауа +8…+10 және +6…+8 градус шамасында жылынады. Астанада түнгі және таңертеңгі уақытта жаңбыр жауса, күндіз термометр көрсеткіші +7…+9 градус аралығында болады.
Қарағандыда күндіз күн райы ашылып, температура +10…+12 градусқа дейін жетеді. Ал Жезқазғанда күн ашық әрі жылы болады, ауа температурасы +19…+21 градусқа дейін көтеріледі.
Шығыс Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады. Өскемен мен Семейде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Температура сәйкесінше +16…+18 және +15…+17 градус деңгейінде болады.
Оралда таңертең жауын-шашын мен тұман күтілуде, күндізгі температура +12…+14 градусқа дейін жоғарылайды. Атырауда найзағай ойнаса, Ақтөбеде түнгі уақытта жаңбыр мен екпінді жел тұрады. Ал Ақтауда күн жауын-шашынсыз, +16…+18 градусқа дейін жылынады.
Тараз бен Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Бұл өңірлерде күн жылы болып, температура +20…+24 градус шамасында сақталады. Түркістанда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Ал ең жылы ауа райы Қызылордада болады деп күтілуде. Мұнда күндіз ауа температурасы +23…+25 градусқа жетеді, бірақ түнгі және таңғы сағаттарда тұман түсуі мүмкін.
Еліміздің оңтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы байқалады. Алматы мен Қонаевта түнде жаңбыр жауып, найзағай күтілсе, Талдықорғанда жауын күндіз жауады. Ауа температурасы өңірде +15…+22 градус аралығында болады.
Ұлттық қорға мұнай-газ компанияларынан наурыз айында түскен қаражат көлемі 83 млрд теңгені немесе 175,6 млн долларды құрады. Бұл қор құрылған 2001 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







