Ұлттық тестілеу орталығы колледж түлектеріне ЕНТ-ға қатысуға өтініш қабылдау мерзімдері мен сынақ күндерін жариялады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ұлттық тестілеу орталығы 2019 жылдан бастап колледж түлектері тек ЕНТ тапсыратынын еске салды. Бұрынғы Кешенді тестілеу (КТ) енді қолданылмайды.
Өтініш беру мерзімі:
- 11-16 сәуір аралығында өтінішті бір рет қана беруге болады;
- 17-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беруге рұқсат.
Тестілеу 2026 жылдың 10 мамыры мен 10 шілдесі аралығында өтеді. Қазірдің өзінде алты негізгі күн белгіленген: 25 мамыр, 2 маусым, 5 маусым, 9 маусым, 12 маусым және 15 маусым. Қажет болған жағдайда қосымша күндер ұсынылады.
Өтініш беру кезінде талапкерлер тест тапсыратын күнді, уақытты және тестілеу пунктін өздері таңдайды. Бір рет қатысудың құны 5640 теңге.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







