Қытайлық Li Auto компаниясы танымал кроссоверлері L6 және L7 модельдерінің жаңартылған нұсқаларын жол сынақтарынан өткізе бастады. Қазіргі уақытта автокөліктердің алғашқы фотосуреттері жарияланып, бірқатар техникалық және дизайнерлік өзгерістер туралы ақпарат белгілі болды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Камуфляжбен жабылған сынақ көліктеріне қарап, басты сыртқы өзгеріс есік тұтқаларында болатыны анық байқалады. Кроссоверлер қытайлық қауіпсіздік талаптарына сай жаңа жасырын есік тұтқаларымен жабдықталмақ. Яғни, компания тек дизайнды ғана емес, жаңа нормативтерді де ескерген.
Ішкі интерьерде L6 моделінде айтарлықтай өзгеріс байқалмайды, ал L7 моделінің орталық экранының астында ауа өткізгіштердің жаңа орналасқан жері көзге түседі. Басқа бөліктері, соның ішінде басқару панелі мен руль бұрынғы қалпында қалған.
Жаңартудың негізгі ерекшелігі техникалық тұсы болуы мүмкін. Қытайлық ақпарат көздерінің мәліметінше, жаңартылған L6 және L7 модельдері 800 вольттық жаңа электр архитектурасына ауысып, 5С жылдам зарядтау технологиясын қолдамақ. Бұл жаңартулар жүзеге асса, модельдер өз сегментінде техникалық жағынан бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады.
Қазіргі Li L6 кроссовері гибридті қозғалтқышпен (1,5 литрлік мотор-генератор және екі электромотор) жабдықталған, жалпы қуаты 408 ат күшін құрайды. Электрлік жүріс қоры – 212 км, жалпы жүріс қоры – 1390 км. L7 моделі де осындай жүйемен жабдықталған, бірақ оның қуаты жоғарырақ – 449 ат күші, жалпы жүріс қоры 1421 км-ге жетеді.
Бұл жаңартулар Li Auto үшін стратегиялық маңызды қадам болуы мүмкін. Өйткені компанияның сатылымдары соңғы уақытта Қытай нарығында төмендей бастаған. 2023 жылы шыққан L7 мен 2024 жылы шыққан L6 бұған дейін де бір мәрте жетілдірілген болатын. Дегенмен, қазір бренд үшін клиенттер назарын қайта аудару өте маңызды. Жаңа техникалық шешімдер бұл міндетті орындауда елеулі рөл атқармақ.
Бұрынғы үлкен әрі бұрышты көліктердің капотындағы ұзын металл антенналар бүгінде тарихқа айналды. Қазір олардың орнын төбесінде орналасқан кішкентай әрі сүйкімді «акула жүзбеқанаты» тәрізді антенналар басты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







