FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Шектеу 2026 жылғы 29 тамызды қоса алғанға дейін сақталады. Компания мұндай шешімді Таяу Шығыстағы ахуалдың тұрақсыздығымен байланыстырған.
Әуе тасымалдаушысы жолаушыларға билет құны толық көлемде, ешқандай айыппұлсыз қайтарылатынын хабарлады.
Ресми сайт немесе мобильді қосымша арқылы билет алғандар ақшаны онлайн форматта өз бетінше қайтара алады. Ал жолдама агенттік арқылы рәсімделсе, билет сатушы тарапқа жүгіну қажет.
Осылайша, өңірдегі геосаяси дағдарыс енді туристік жоспарға ғана емес, нақты әуе қатынасына да әсер етіп отыр. Ақтау мен Дубай арасындағы бағыт кемі жаз соңына дейін жабық күйде қалады.
Таяу Шығыстағы ахуал туралы осы тұстан оқи аласыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







