Атырау облысында Жангелдин ауылындағы бір отбасының өліміне қатысты соталды тергеу ресми аяқталды. Істің басты фигуранты Сұлтан Сәрсемалиев тергеу материалдарымен танысып, аса ауыр қылмыс жасағанын толық мойындаған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оған жұбайының ата-енесін, сондай-ақ әйелінің бауырларын өлтірді деген айып тағылып отыр. Жангелдин ауылындағы отбасы 2025 жылдың соңында белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді.
Сот процесі мамыр айында басталады.
Сәрсемалиевке Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы, яғни екі және одан да көп адамды өлтіру бойынша айып тағылған. Тергеу барысында қосымша қылмыстық істер де тіркелген. Олар Қылмыстық кодекстің 188 және 190-баптары, ұрлық пен алаяқтық деректері бойынша қаралып жатыр.
Әңгіме қаза тапқан отбасының малын сату, сондай-ақ олардың банк карталарындағы ақшаны жымқыру туралы болып отыр.
Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасы психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша Сәрсемалиев толық есі дұрыс деп танылғанын хабарлаған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







