Көкшетауда көлік астында қалып қаза тапқан әйелдің 12 жастағы жалғыз ұлы нағашыларының қолында тұратын болды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қаланың қорғаншылық және қамқоршылық органы шешім қабылдар кезде баланың мүддесі, психологиялық және эмоционалдық жағдайы ескерілгенін мәлімдеді. Кәмелетке толмаған бала әкесімен бірге қалудан өз еркімен бас тартқан. Оның ата-анасы 2014 жылы ажырасқан.
Ақмола облысы балалар құқығын қорғау басқармасының басшысы Ботакөз Дүйсенованың айтуынша, баланың әкесі бар және ол ата-ана құқығынан айырылмаған. Дегенмен Отбасы кодексіне сәйкес, 10 жасқа толған баланың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Осыған байланысты әкесі баланың анасы жағынан туыстарына қорғаншы болуына нотариалды түрде келісім берген.
Қайғылы оқиға 9 мамыр күні болған. Жүргізуші куәлігі жоқ әйел 52 жастағы тұрғынды көлікпен қағып кеткен. Марқұмның артында жалғыз ұлы қалды. Ал көлікті басқарған әйелдің өзінің екі баласы бар екені айтылды.
Қазір күдікті әйел үйқамақта отыр. Заң бойынша ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар көлікті жүргізуге бергені үшін жанында отырған күйеуі де тергеліп жатыр. Қылмыстық кодекс бойынша оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы ықтимал.
Оқиға қоғамда жүргізуші жауапкершілігі, көлікті куәліксіз адамға беру және жол қауіпсіздігі мәселесін қайта көтерді. Алайда ең ауыр салмақ марқұмның артында қалған балаға түсіп отыр. Сондықтан арнайы органның басты міндеті баланың қауіпсіздігін, тұрақты ортада өмір сүруін және жақын туыстарының қолдауын қамтамасыз ету.
Соңғы уақыттары Кремльдің соғыстан шығу жолын іздеп жатқаны, оны қоғамға қалай түсіндіру керектігі туралы түрлі болжам айтыла бастады. Бірулер Путинге қарсы астыртын жоспар туралы айтса, енді бір жерде Сергей Кириенко мен күштік құрылымдар арасындағы ішкі тартысты сөз ете бастады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







