Атырау облысында бүтін бір отбасыны қырып салды деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің Қазақстаннан қалай қашқаны белгілі болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тергеу болжамынша, күдікті қолын қанға малғасын марқұмдардың мүлкін заңсыз иеленіп, шетелге кету үшін қаражат ретінде пайдаланған.
Белгілі болғандай, 2025 жылдың 9 желтоқсанында Сәрсемәлиев әйелі Ақбаян Мұқанғалиевамен бірге Қазақстаннан Өзбекстан аумағындағы «Қапланбек» шекара бекеті арқылы өтіп кеткен.
Сол жылдың 13 желтоқсанында олар Тәшкенттен Куала-Лұмпурға ұшып, одан әрі Индонезиядағы Бали аралына жеткен.
Тергеу дерегінше, ерлі-зайыптылар екі айдан астам Бали және Ломбок аралында жасырынған. 2026 жылдың ақпанында Сәрсемәлиевтің интернет арқылы марқұм отбасының балалары туралы ақпарат іздегені белгілі болды. Сөйтіп әлгі цифрлық із пәлцейлерге күдіктінің қайда жүргенін анықтауға мүмкіндік берген.
Ақыры 24 ақпан күні жұпты Индонезия миграциялық қызметі визалық тәртіпті бұзғаны үшін ұстаған. Екі күннен соң, яғни 26 ақпанда Сәрсемәлиев Қазақстан мен Индонезия полициясының бірлескен операциясы кезінде қолға түсті. Күдікті дереу Қазақстанға экстрадицияланған.
Қазір «күйеубалаға» бірнеше ауыр баб бойынша айып тағылып отыр. Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айтқандай, бұған дейін біз осы іске әшкере болуына «атсалысқан» хакердің құрықталғаны туралы хабарлаған едік
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







