26 мамыр, сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі, ал оңтүстікте және солтүстіктің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +13…+15 градус, күндіз +27…+29 градус жылы болады.
Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Түнде +11…+13, күндіз +25…+27 градус. Қонаевта түнде +10…+12, күндіз +28…+30 градусқа дейін жылынады.
Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +14…+16, күндіз +27…+29 градус. Таразда да жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз +28…+30 градус болады. Түркістанда жауын-шашынсыз, түнде +16…+18, күндіз +30…+32 градус.
Батыс өңірлерде де күн ыстық болады. Ақтауда күндіз +21…+23 градус, жел екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін. Атырауда түнде +16…+18, күндіз +30…+32 градус. Ақтөбеде де күндіз +30…+32 градусқа дейін ыстық болады. Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні 15–20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Орталықта Жезқазғанда түнде +15…+17, күндіз +29…+31 градус. Қарағандыда жауын-шашынсыз, түнде +12…+14, күндіз +27…+29 градус жылы болады.
Солтүстікте ауа райы құбылмалы. Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Петропавлда жел екпіні 15–20 м/с дейін жетуі мүмкін. Көкшетауда күндіз +28…+30, Қостанайда +30…+32, Петропавлда +29…+31 градус күтіледі.
Шығыста Семейде күн ашық, түнде +4…+6, күндіз +25…+27 градус. Өскеменде де жауын-шашынсыз, түнде +2…+4, күндіз +23…+25 градус болады.
Қызылордада күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде +16…+18, күндіз +31…+33 градусқа дейін ыстық болады. Талдықорғанда жауын-шашынсыз, күндіз +29…+31 градус.
Синоптиктер күн ыстық өңірлерде тұрғындарға сақ болуға кеңес береді. Әсіресе күндізгі уақытта ұзақ уақыт далада жүрмеу, су ішу режимін сақтау және балалар мен қарттардың жағдайына назар аудару маңызды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







