Қазақстанда міндетті автосақтандыру құнын есептеу тәртібі өзгеруі мүмкін. Жаңа қаулы жақын апталарда күшіне енеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазір жүргізуші әр апатсыз жыл үшін 5 пайыздық жеңілдік алады. Жаңа тәртіп енгізілсе, мұндай жеңілдік 3 пайызға дейін төмендейді. Соның салдарынан бонус-малус жүйесіндегі ең жоғары санаттағы көлік иелері сақтандыру үшін бұрынғыдан көбірек төлеуі мүмкін.
Freedom Insurance басшысы Азамат Керімбаевтың айтуынша, қазір 13-сыныптағы жүргізушілер 50 пайызға дейін жеңілдік алып отыр. Өзгерістен кейін жеңілдік көлемі 30 пайызға дейін азаяды.
Тағы бір өзгеріс сақтандыру компаниялары жүргізушінің тәуекел деңгейіне қарай полис бағасын өздері көтеріп немесе төмендете алады. Баға минус 18 пайыздан плюс 20 пайызға дейін өзгеруі мүмкін.
Мысалы, қазір сақтандыру құны 20 мың теңге болса, жаңа тәртіптен кейін ол 25 мың теңгеге дейін өсуі ықтимал. Сонымен бірге әр сақтандыру компаниясы өз тәуекел бағалауына қарай бір жүргізушіге 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі аралықта түрлі баға ұсынуы мүмкін.
Сақтандыру нарығы өкілдерінің пікірінше, мұндай шаралар міндетті автосақтандыру жүйесіндегі шығынды азайтып, компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді. Яғни ұқыпты жүргізушіге бір компания тиімді баға берсе, тәуекелі жоғары жүргізушіге басқа компания қымбатырақ полис ұсынуы мүмкін.
Қазақстанда шамамен 1,3 млн автокөлік міндетті сақтандырусыз жүретінін айтты. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, 2026 жылдың басынан бері осындай 5 мыңға жуық жағдай анықталған.
Оның сөзінше, мәселенің бір себебі – жалған сақтандыру полистері. Кейбір жүргізушілер фейк сайттар арқылы арзан полис сатып алып, кейін оның жарамсыз екенін кеш біледі. Сондықтан мамандар сақтандыру рәсімдер алдында компанияның лицензиясын және сайттың ресми екенін мұқият тексеруге кеңес береді.
Жаңа тәртіп жүргізушілер үшін сақтандыру бағасын ғана емес, жолдағы жауапкершіліктің құнын да өзгертеді. Енді апатсыз жүру бұрынғыдай үлкен жеңілдік бермеуі мүмкін, бірақ сақтандыру компаниялары әр жүргізушінің нақты тәуекелін жеке есептей бастайды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







