Қазақстанның басым бөлігінде 3 маусым күні жазғы аптап сақталады, алайда бірқатар өңірде жаңбыр мен найзағай күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Елордада күн құбылмалы болады. Жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +15…+17 градус, күндіз +29…+31 градусқа дейін көтеріледі.
Алматыда күн бұлттанып, жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы +29…+31 градусқа дейін жылынса, жел екпіні кей уақытта секундына 15-18 метрге жетуі мүмкін.
Шымкентте де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Соған қарамастан ауа райы өте ыстық болады. Күндізгі температура +34…+36 градусқа дейін көтеріледі.
Ең жоғары температура Түркістан мен Қызылорда облыстарында тіркеледі. Түркістанда күндіз +35…+37 градусқа дейін ыстық болса, Қызылордада +34…+36 градус күтіледі.
Жезқазған өңірінде де аптап күшейеді. Мұнда ауа температурасы +33…+35 градусқа дейін жетеді. Сонымен қатар желдің күшеюі байқалып, екпіні кей уақытта секундына 23 метрге дейін жетуі ықтимал.
Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен және Көкшетау қалаларында күндіз +28…+32 градус аралығында жылы ауа райы сақталады. Семейде жаңбыр мен найзағай болжанса, қалған өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Батыс Қазақстанда ауа райы салыстырмалы түрде салқындау болады. Ақтөбеде күндіз +16…+18 градус, Оралда +20…+22 градус, Атырауда +21…+23 градус шамасында болады. Бұл өңірлерде жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Ақтауда жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы күндіз +20…+22 градус деңгейінде сақталады.
Жетісу өңірінде де жаңбырлы күн болады. Қонаев пен Талдықорғанда жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды. Ауа температурасы +30…+33 градусқа дейін көтеріледі.
Таразда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндізгі температура +31…+33 градус болса, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Синоптиктер оңтүстік және орталық өңірлердің тұрғындарына аптап ыстыққа байланысты сақтық шараларын сақтауға, ал найзағай күтілетін аймақтарда қауіпсіздік талаптарын ескеруге кеңес береді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







