Украина президенті Владимир Зеленский Кремль көсеміне ашық хат жолдап, соғысты тоқтатуға және жүзбе-жүз кездесуге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Зеленский хатында Путиннің Ресей билігіне келгеніне 26 жылдан асқанын еске салып, осы кезеңнің жартысына жуығы Киевке қарсы агрессиямен өткенін атап өтті. Айтуынша, Мәскеу НАТО, геосаясат немесе орыс тілі туралы қанша қақсаса да, Украинадағы соғыс Путиннің персоналды таңдауы.
«Тарих соғысты нақты себебі жоқ, мына сіздің жеке таңдауыңыз ретінде жадында сақтайды», – деп жазды ол.
Сөзінше, Кремль Украина мен Ресей арасындағы күн тәртібін сауда, экономика, қалыпты қарым-қатынас сияқты мәселеден «үрей мен өлім» тақырыбына түсірген. Ол украиналық алысқа ұшатын дрондардың Петербордағы форум ашылған күні 1000 шақырымнан астам жол жүріп барғанын да астарлап атап өтті.
Украина басшысы орыс қоғамында соғысқа қатысты күйзелу, шаршау күшейіп жатқанын көріп-біліп отыр. Пікірінше, ресейліктер украин дрондар мен зымырандарынан, бензин тапшылығы, бағаның өсуінен және мобилизациядан әбден запы болған.
«Сіз бе, сіз әлі де ресейліктерді осылай өмір сүруге мәжбүрлей аласыз! Бірақ ресурстарың сарқылып жатқанын сезіп отырмыз», – деді Зеленский. Украина президенті мамыр айында Ресей армиясының майдандағы шығыны 30 мыңнан асқанын мәлімдеді. Айтуынша, Киев украин топырағын тыңайтқан орыстың әр басқыншысын қағазға түртіп, видеодәлел жинауда.
Зеленский Путиннің Донецк облысын алу мерзімін ай сайын кейінге шегеріп жатқанын айтып, Ресей армиясы биыл да мақсатқа жете алмайтынын шелегеді. «Донецкі? Облысты биыл да ала алмайсыз», – деп жазды Украина президенті.
Хаттағы негізгі екпін неге берілді?
Хатта Зеленский Киевтің соғысты мәңгі жалғастырғысы келмейтінін, соған қарамай тәуелсіздігін сақтап қалатынын айтты. Кремль көсемін соғысты тоқтатуға шақырып, мұндай шешім қабылдаудан қорықпау керегін жеткізді.
«Соғыстан шығудан қорықпаңыз. Қазір сізден талап етілетін ең басты нәрсе осы», – деді ол. Зеленский Путинге нақты кездесу күнін белгілеуді ұсынып отыр. Пікірінше, мұндай келіссөз Мәскеуде де, Киевте де өтпеуі керек. Кездесу алаңы ретінде Швейцария, Түркия немесе араб елдері таңдалуы тиіс.
«26 жылдан кейін Украина лидерінің сіздің астанаңызда, Ресей лидерінің Киевте істейтін шаруасы жоқ», – деп жазды Зеленский. Ол соғыс Еуропада жүріп жатқандықтан, келіссөзге нақты кепіл бола алатын елдер қатысуы керек деп отыр. Сөзінше, Еуропа мен АҚШ жаңа қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру процесінде болуы тиіс. Зеленский Киев келіссөз жүріп жатқан уақытта атысты толық тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді. Айтуынша, майдан шебіндегі тыныштықты бақылауға АҚШ қатыса алады.
Хат соңында Украина президенті Путин ақылға келмесе, Киевтің күресті жалғастыратынын айтты.
«Егер осы соғысты аяқтайтын уақыт келгенін түсінбесең, Украина өз өмірі үшін күресті жалғастырады. Бізді қолдайтындар әрдайым табылады. Ал сізге, сізге өз өміріңіз үшін көбірек күресуге тура келеді. Ресей емес, өзіңіздің жеке өміріңіз үшін! Иә, Киев мұндай қарсылық танытады деп күткен жоқсың. Қазір абдырап жүргеніңізді білем. Ресей тарихында халық қажыған кезде үнемі өзгеріс, төңкеріс болатынын, ал біздің өзі өзгерісті жеделдетуге «үлес қоса алатанымызды» есіңізге салып қояйын», – деп жазды Зеленский.
Сөзінің соңында Путинді тәубеге келуге, өзі бастаған соғыста өз қолымен тоқтатуға шақырды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







