Қазақстанның барлық өңірінде 29 маусымға дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» мәліметінше, жексенбі күні елдің көп бөлігінде ауа райы күрт құбылады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерде бұршақ түсіп, шквал болады. Жел екпіні секундына 20-28 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Бұршақ пен шквал болуы ықтимал. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Алматыда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшеюі мүмкін. Сонымен қатар қалада +36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Іле Алатауы тауларында да қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі.
Шымкентте қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Абай облысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен шквал күтіледі. Жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болжанды. Көкшетауда да күндіз қатты жаңбыр мен бұршақ болуы мүмкін.
Ақтөбе облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал. Жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
+38 градусқа дейін қатты ыстық
Алматы облысында күндіз аздаған жаңбыр жауады. Таулы аудандарда найзағай күтіледі. Жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Күндіз +38 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Атырау облысында жаңбыр, найзағай, түнде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және шквал күтіледі. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай болжанды. Күндіз бұршақ, шквал және екпінді жел болуы мүмкін. Ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі. Өскеменде де күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.
Жамбыл облысында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал болады. Жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Таразда да күндіз найзағай мен қатты жел күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр мен найзағай болжанды. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Талдықорғанда +38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ және шквал күтіледі. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал болуы мүмкін.
Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болжанды. Күндіз +35 градусқа дейін ыстық болады. Қарағандыда таңертең және күндіз қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ және шквал болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтауда да қатты жаңбыр мен бұршақ болжанды
Қызылорда облысында жаңбыр, найзағай, шквал және шаңды дауыл күтіледі. Жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болады. Жел екпіні секундына 28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ақтауда да қатты жаңбыр мен бұршақ болжанды.
Павлодар облысында күндіз жаңбыр, найзағай, кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ және шквал күтіледі. Ауа температурасы +37 градусқа дейін көтеріледі. Павлодарда да күндіз найзағай, бұршақ және екпінді жел болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ және шквал күтіледі. Жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Петропавлда да күндіз бұршақ пен қатты жел болуы мүмкін.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал болады. Түркістан қаласында да найзағай мен жел күтіледі.
Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, кей жерде қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болжанды. Жел екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді. Жезқазғанда жаңбыр, найзағай, бұршақ және шквал болуы мүмкін.
Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырады. Найзағай кезінде ашық далада, ағаш астында және су маңында тұрмаған жөн. Қатты жел кезінде құрылыс нысандары, жарнама қалқандары мен ағаштардан алыс жүрген дұрыс. Өрт қаупі жоғары өңірлерде ашық от жағуға және құрғақ шөп өртеуге болмайды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







