Қоғам белсендісі Санжар Боқаев қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Енді қорғаушылар іс материалдарымен танысып болған соң, құжат сотқа жолданбақ, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Адвокат Радмир Өтеповтің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу органы 2026 жылғы 13 шілдеде барлық тергеу әрекетінің аяқталғанын ресми түрде хабарлаған.
«2026 жылғы 13 шілдеде Санжар Омарұлы Боқаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аясындағы тергеу әрекеттері аяқталды. Осыған байланысты біз, адвокаттар, қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісеміз», – деді қорғаушы.
Іс материалдарын зерделеу аяқталғаннан кейін қылмыстық істі сотқа жіберу жоспарланып отыр.
Санжар Боқай 2026 жылғы 18 наурызда ұсталған еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол көрінеу жалған ақпарат таратты және әлеуметтік желідегі жазбалары арқылы қоғамда теріс пікір қалыптастыруға тырысты деген күдікке ілінген.
Тергеу органдары сөз етіп отырған жарияланымдар қалалық саябақтағы ағаштың заңсыз кесілуі және құрылыс нысандарындағы ұрлық жөніндегі мәліметтерге қатысты.
Бұдан бөлек, тергеу Боқаевтың ағашты заңсыз кесуді ұйымдастыруға, құрылыс алаңдарындағы ұрлыққа, аса ірі көлемдегі алаяқтыққа және ұлттық компанияда жұмыс істеген кезеңдегі қаражат жымқыруға қатысы болуы мүмкін деп санайды.
Белгілі журналист Гүлжан Ерғалиеваның айтуынша, «бұрынғы Назарбаевтықтардың» ешқашан шын мәнінде биліктен алшақтауы мүмкін емес. Өйткені олардың қызметіндегі барлық құпиялар, табыстар мен жеңілістер бұрынғы қожайындарының сейфтерінде сақталған.
Санжар Боқаев тағылған айыптың ешқайсысын мойындамай отыр және тергеу келтірген барлық уәжді жоққа шығаруда.
Бұған дейін сот оның қамауда ұстау мерзімін екінші рет ұзартып, 2026 жылғы 18 тамызға дейін тергеу изоляторында қалдыру жөнінде шешім шығарған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







