Жоғары оқу орнына түсуге талпынған 127 мыңға жуық талапкердің тағдырын айқындайтын мемлекеттік грант конкурсының қорытындысы 10 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, грант иегерлерінің толық тізімі ведомствоның ресми сайтында, әлеуметтік желідегі парақшаларында, сондай-ақ министрдің жеке аккаунттарында жарияланады.
Биыл талапкерлер арасында инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына сұраныс жоғары болған. Педагогикалық ғылымдар мен ақпараттық-коммуникациялық технология бағыттарына да өтініш көп түскен.
Ал бір грант орнына ең үлкен талас аударма ісі, дипломатия, құқық, психология және педагогика мамандықтарында күтіліп отыр.
Конкурс қорытындысы шыққаннан кейін грант иегерлері таңдаған жоғары оқу орнына құжат тапсырып, қабылдау рәсімінен өтеді. Университеттерге студент қабылдау науқаны 25 тамызға дейін аяқталуға тиіс.
Грант нәтижесін Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтынан, Telegram, Facebook және Instagram желілеріндегі парақшаларынан, сондай-ақ министрдің әлеуметтік желідегі аккаунттарынан көруге болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






