Қала мен ауылдың дамуындағы алшақтықты қалай азайтуға болады? Коммуналдық инфрақұрылымды қалай түпкілікті жаңғыртып, өңір тұрғындарын тұрақты жұмыспен қалай қамтамасыз етуге болады? «Әділет» партиясының өкілдері Қостанай облысындағы «Милх» ЖШС сүт өңдеу зауытының ұжымымен өткен кездесуде осы мәселелердің шемімімен таныстырды.
Партияның негізгі сайлауалды бастамалары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді тең дамыту, өңірлер арасындағы алшақтықты азайту және азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан өмір сүру сапасын арттыру бағытымен үндеседі.
Зауыт ұжымы «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасында ұсынылған нақты қадамдарды оң бағалады. Атап айтқанда, қала мен ауыл тұрғындары үшін тең жағдай қалыптастыру мәселесі ерекше сөз болды. Бүгінде еліміздегі ауылдар мен моноқалаларда 8 миллионға жуық адам тұрады.

Партияның Құрылтай депутаттығына кандидаты Гүлзира Атабаеваның айтуынша, «Әділет» өңірлерді дамытудың нақты бірыңғай стандарттарын енгізуді ұсынады. Осының арқасында әр азамат тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы медицина, білім мен мемлекеттік қызметке қол жеткізе алады.
Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселесі де өзекті болып отыр. Партия желілердің тозу деңгейін төмендетіп, су, жылу және электр энергиясының үздіксіз берілуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ шалғай елдімекендерді сапалы жолдармен және тұрақты интернетпен қамтуды ұсынады.
Әсіресе, зауыт ұжымы мамандар даярлау тақырыбына ерекше қызықты. Партия мүшелері Дмитрий Павленко мен Андрей Лаврентьев құр диплом алудан гөрі нақты дағды меңгеруге көшуді және өңірлерді белсенді дамыту қажеттігін атап өтті.

Партия өкілдері колледждер мен жоғары оқу орындарын кәсіпорындармен тікелей байланыстыруды ұсынады. Бұл міндет орындалса, зауыттар өздеріне қажетті инженерлік-техникалық мамандықтарға алдын ала тапсырыс беріп, студенттерді өндірістің өзінде оқыта бастайды. Ал жастар өңірлерден көшіп кетпес үшін оларға заманауи жағдай жасау, көтерме жәрдемақы төлеу, баспанамен қамтуға көмектесу және жоғары жалақы ұсыну қажет.
Зауыт жұмысшылары да «Әділет» партиясы ұсынып отырған шешімдер нақты мәселелерге бағытталғанын атап өтіп, пікірлерін айтты.
«Бізге қолжетімді баспана, тұрақты жұмыс және отбасыңның алдында ұялмайтындай лайықты жалақы сынды түсінікті әрі нақты нәрселер айтылғаны жақсы», – дейді ірімшік өңдеу цехының шебері Гүлсайран Құрманғалиева.
Бір жағынан ол әріптестерін де партия бастамаларын қолдауға шақырды.
Өз кезегінде «Әділет» партиясының кандидаттары еңбек ұжымдарымен осындай тікелей диалог бағдарламаны практикалық әрі халыққа шын мәнінде пайдалы етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Айта кетейік, дауыс беру тәртібі, сайлау процесі және сайлауалды материалдар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтынан оқи аласыздар.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н. Т. Мыңжасаров.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







