Шілдеде Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полиция көмегімен діни радикалдарды ұстады, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға, терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға күдікті ретінде Қазақстанның 4 азаматын мен 1 шетелдікті ұстады және қамауға алды.
Олардың тұрғылықты жерлерінен көптеген діни-экстремистік әдебиет пен өзге де заттай дәлелдер алынды.
Күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған болатын.
Тағы екеуіне қатысты «ауыр» есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.