Жамбыл облысының бұрынғы әкімі әрі «Қазселденқорғау» мекемесінің экс-басшысы Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Алматы облыстық соты Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды. Істі қайта қарауға бірінші сатыдағы сотқа қайтарды. Осы отырыс барысында Көкірекбаев сот залында ұсталып, қамауға алынды.
Бұған дейін алқабилер соты бірнеше рет пара алды деген айыппен тергелген Кәрім Көкірекбаевты кінәсіз деп танып, ақтап шыққан болатын.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына қатысты істің мән-жайы анықталды. Айыптауға сәйкес, «Қазселденқорғау» мекемесінің бұрынғы басшысы К. мен оның орынбасары А. өздерінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдаланған.
Оларға қызмет бабындағы жалпы қамқорлығы мен әрекетсіздігі үшін айып тағылып отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-бөлімінің 3-тармағы бойынша. Бұған қоса, бұрынғы басшы К.-ға параны бірнеше рет алды деген қосымша айып та тағылды (ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі).
Ал осы істе аты аталған ЖШС директоры П.-ға өзінің лауазымын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ірі көлемде зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК 195-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы), сондай-ақ лауазымды тұлғаға аса ірі көлемде пара бергені үшін айып тағылды (ҚР ҚК 367-бабының 4-бөлігі).
Соттың мәліметінше, 2022 жылғы 22 желтоқсанда сотталушы А., мекеме басшысының орынбасары қызметінде жүріп, селден қорғау бөгеттерін салу бойынша келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры Ж.-дан жалпы қамқорлық жасап, орындалған жұмыстар актілеріне еш кедергісіз қол қою үшін 397 621 АҚШ долларынан астам көлемде пара алған. Ал ЖШС директоры П. атқарылған жұмыстарға қол қойылып, жалпы қолдау көрсету үшін ММ басшысының орынбасарына дәл осы сомадағы қаржыны пара ретінде бергені анықталды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

