Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраев шағын сұхбат беріп, жекпе-жектерін қорытындылады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Olympic.kz-ке сілтеп.
Спортшы әсте босаңсымайтынын айтты.
«Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ. Ешкімді бөліп-жармаймын. Төрткүл дүние көз тіккен жарыс, сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗЖеті томдық тарих ұлттық сананың жаңа іргетасын қалайдыБелгілі спорт журналисі Ғалым Сүлеймен өмірден өттіАлматыда бос орын жоқ көшелерде тұрақ бағасы максималды өседіӘлі де босаңсуға болмайды. Ертең финалда жолығатын жапон балуанымен бұрын кездесіп, жеңілген едім.
Ал жартылай финалдағы әзербайжандық спортшымен оқу-жаттығу жиындарында күресіп жүрміз. Осы белдесуде бас бапкер Юрий Мельниченконың қойған тактикасымен күрестім. Бәрі ойдағыдай шықты.
Қолдауларыңызға рахмет. Енді финалды күтеміз», — деді Жадыраев.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






