Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраев шағын сұхбат беріп, жекпе-жектерін қорытындылады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Olympic.kz-ке сілтеп.
Спортшы әсте босаңсымайтынын айтты.
«Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ. Ешкімді бөліп-жармаймын. Төрткүл дүние көз тіккен жарыс, сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗМеталл экспорттаушыларға жаңа талап: Алдымен ішкі нарық қамтамасыз етіледіҰБТ-2026: кімге қанша балл керек және қандай ереже сақталады?Қазақ жылқысының қадірін ғылыммен дәлелдеген еңбек жарық көрдіӘлі де босаңсуға болмайды. Ертең финалда жолығатын жапон балуанымен бұрын кездесіп, жеңілген едім.
Ал жартылай финалдағы әзербайжандық спортшымен оқу-жаттығу жиындарында күресіп жүрміз. Осы белдесуде бас бапкер Юрий Мельниченконың қойған тактикасымен күрестім. Бәрі ойдағыдай шықты.
Қолдауларыңызға рахмет. Енді финалды күтеміз», — деді Жадыраев.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







