Адвокат Жанна Оразбахова Қуандық Бишімбаев мерзімінен бұрын шығып кетуі мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Астана соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты түскен істі қарауға кіріскен. Осылайша, Салтанатттың ағасы Айтым Амангелді экс-министрден өтемақы өндіріп алмақ.
«Мәселе ақшада емес. Бастысы – қылмыскерді мерзімінен бұрын шығып кету мүмкіндігінен айыру. Өтемақы сомасы көп болған сайын оның бостандыққа шығып кету мүмкіндігі де аз болады», — дейді адвокат.
Айта кетейік, 27 тамызда Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан моральдық өтемақы талап еткені белгілі болды. Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды.
13 мамырда Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісі аяқталған болатын. Сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевты жұбайын азаптағаны және өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оның ағасы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша шешім қабылдап, олардың үкімдерін өзгеріссіз қалдырды.