Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетіне жаңа төраға болып Әлішер Мұқажан тағайындалды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әлішер Мұқажан осыған дейін аталған комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген. Енді ол министрліктің ақпарат саласына жауапты негізгі құрылымының жұмысын басқарады.
Еңбек жолын 2017-2018 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметінде сарапшы ретінде бастаған. 2019 жылдан 2023 жылға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс департаментінде сарапшы болды. Кейін осы министрліктің Мемлекеттік ақпараттық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінге дейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарып келген Әлішер Мұқажан енді комитеттің толыққанды төрағасы болып тағайындалды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







