Еліміздің он екі аймағынан 2691 оқушы ағылшын тілінен бақ сынап, KGL Contest халықаралық олимпиадасына қатысты. Сайыстың бірінші кезеңінің нәтижесі көрсеткендей – Қазақстанның мектеп қабырғасындағы балаларының шет тілін меңгеру деңгейі айтарлықтай жоғары. Тестті 9 бен 17 жас аралығындағы оқушылар тапсырды. Сайысқа қатысу идеясын отандық мектептерге ағылшын тілі пәнінің оқулығын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің МЖМБС және талабына сай әзірлеген Қазақстандағы Express Publishing компаниясы ұсынған.
KGL Contest – барлық жастағы және деңгейдегі оқушылардың ағылшын тілін қаншалықты меңгергенін анықтауға арналған жалғыз халықаралық олимпиада (Ұлыбритания). Оның ерекшелігі түрлі елдің балалары тестті бір күнде тапсырып, сұрақтың қатысушының жасы мен шет тілін білу деңгейіне сәйкес құрастырылғанында.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады: алғашқы кезең 2025 жылғы 15 ақпанда өтіп, оқушылар тест талабына сай сұрақтың дұрыс жауабын белгіледі. Pre A1 және А1 деңгейінің қатысушыларына 45 минут берілсе, ағылшын тілін жоғары – В1 және В2 деңгейінде білетіндерге жауап беруге 60 минут бөлінді. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша олимпиадаға Қазақстаннан қатысқан 2691 баланың 530-ы 90%-дық межелі деңгейді еңсеріп, екінші турға жолдама алды. Наурыз мерекесі қарсаңында – 15 наурызда олар оқуды, аудио тыңдауды және жазуды тексеруден тұратын ұзақтығы 60-90 минуттық екінші тестті тапсырды. KGL Contest-тің британдық бас кеңсесі шешуші кезеңнің нәтижесін ағымдағы жылдың сәуір айында жариялайды.
— KGL Contest халықаралық олимпиадасының екінші кезеңіне өткен 530 оқушы межеден өтуге жол ашатын 90% ұпай жинады. Анығын айтсақ, соның ішінде 25 баланың деңгейі Pre A1, 78 баланікі А1, 144 бала ағылшын тілін А2 деңгейінде меңгерген, ал 151 баланікі В1 және 132 баланың деңгейі В2. Аймақтарды салыстырсақ, екінші кезеңнің межесінен өткендердің саны жағынан көш бастағандар Алматы қаласы мен Қызылорда облысы – сәйкесінше жалпы олимпиадаға қатысқандардың 412 және 42 оқушысын құраған. Себебі аталған өңірлер өте белсенді ат салысып, Алматыдан 2038 және Қызылорда облысынан 303 адам тіркелді, – дейді дерекпен бөліскен EDU Stream халықаралық тіл академиясының Бас директоры Наталья Мұхамеджанова.
Қатысушы әр топқа жауапты супервайзер бекітілген. Олимпиаданы ұйымдастыру рәсімі Ұлыбританиядағы бас кеңсе бекіткен бір күнде және ереже бойынша қатаң өткізілді: сұрақтарды жариялау, тест тапсыру және нәтижесін жинап, жапсырып KGL Contest-ке жіберу. Сосын баланың білімін адамның қатысуын қажет етпейтін ақпаратты жинаумен айналысатын жүйе анықтады.
— Халықаралық олимпиаданың бірінші кезеңінің нәтижесіндегі ең жағымды тұсы – жас ұрпақтың ағылшын тілін бізге, ересектерге қарағанда академиялық деңгейде таза меңгергені. Тоғыз жыл бұрын елімізде орта білім саласында жаңартылған оқу бағдарламасын енгізгенде ағылшын тілінің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеушілерге қойылған басты талап, оқушылардың шет тілін B2 көрсеткішіне – орташадан жоғарыға –жеткізу болатын. KGL Contest-тің алғашқы кезеңінің бүгінгі нәтижесіне қарап, бұл мақсатқа қол жеткіздік деуге болады, – деп санайды EDU Stream халықаралық тіл академиясының Бас директоры Наталья Мұхамеджанова.
Қазақстан оқушыларының ағылшын тілін қаншалықты меңгергенін тексеретін болсақ, KGL Contest халықаралық олимпиадасының осы нәтижелерін негізге алған дұрыс дейді отандық мектептерге ағылшынмен қатар неміс, француз және орыс тілі пәндерінің оқулығын әзірлеген мамандар – EDU Stream эксперттері. Неге десеңіз, тесттегі дерек айқын: сұрақтар баланың жасы мен шет тілін білу деңгейіне шақталған, кім және қай жақтан тапсырғаны және сұрақтар қалай құрастырылғаны туралы нақты ақпарат және т.б. бар.
Екінші кезең жеңімпаздарын KGL Contest халықаралық олимпиадасы 4 категория бойынша – А1 деңгейінің жеңімпазы, А2 деңгейінің жеңімпазы, В1 деңгейінің жеңімпазы және В2 деңгейінің жеңімпазы деп ағылшын тілін меңгерудің әлемдік стандартына сай анықтайды. Үздіктер ішінен оқ бойы озғандарды марапаттау рәсімі Афинада – KGL Contest-тің аймақтағы кеңсесінде өтеді. Екінші турда Қазақстан оқушылары жеңіске жетсе, EDU Stream халықаралық тіл академиясы ең үздік отандастарымызды Афинаға өз қаражатына алып бармақшы.
EDU Stream – Халықаралық тіл академиясының Алматыда, Астанада және Венада кеңсесі бар. Компания 2014 жылы ағылшын тілі мектебі ретінде құрылып, бүгінде көп салалы кластерге айналды. Ағылшын, француз, неміс және орыс тілі пәндерінің оқулығын дайындайды. Үш шет тілі мектебінде жүздеген адамды оқытады, мектеп ұстаздарына тегін семинарлар өткізеді, шетелдік жоғарғы оқу орнына түсуге консалтинг қызметін көрсетеді және кәсіпке бағыттау жөнінде кеңес береді.
EDU Stream британдық Express Publishing баспасының Қазақстандағы эксклюзивті өкілі. Қазақстан мектептерінің 70% ағылшын тілін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасына сәйкес Express Publishing әзірлеген ОӘК бойынша оқиды.
EDU Stream үздік әдіскерлер мен халықаралық авторлардан тұратын өзінің пулын құрып, бүгінде ол әдіскерлер лабораториясына айналды және Қазақстан ұстаздарына арналған бірегей оқу бағдарламасын жазып, түрлі аймақта тегін семинарларлар мен вебинарлар өткізеді.
Кәсіпті адал жүргізгені және корпорацияның әлеуметтік жауапкершілігі үшін EDU Stream «Мейірімділік керуені» (2021), «Сала көшбасшысы» (2019, 2020, 2021), «Жыл таңдауы» (2019, 2020, 2021) конкурстарында беделді марапаттарды иеленді.