Астана сотының апелляциялық сатысы марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарының моральдық шығын мөлшерін ұлғайту туралы талап-арызын қарады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаевтан қылмыстық іс барысында келтірілген шығындар 6 877 672 теңге және 10 миллион теңге сомасында моральдық өтемақы өндірілген еді.
Осы шешімге қатысты Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді апелляциялық шағым түсіріп, моральдық зиянды өтеу сомасын 1 миллиард 500 миллион теңгеге дейін ұлғайтуды сұраған.
«Іс материалдарынан жауапкер заңды күшіне енген айыптау үкімімен талапкердің қарындасын өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Марқұмның ағасы қайғылы оқиға салдарынан болған моральдық азап, денсаулығының нашарлауы және жұмыс қабілетінің жоғалуы туралы мәлімдеді. Марқұмның ата-анасы талапкердің пайдасы үшін өндіріп алудан бас тартты. Бірінші сатыдағы сот жақын туысының қайтыс болуы, әрине, талапкердің моральдық жағдайына теріс әсер еткенін және оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын атап өтті және талап қоюды парасаттылық пен әділеттілік қағидаттарына сүйене отырып, ішінара қанағаттандырды», — деп жазылған соттың баспасөз қызметі хабарламасында.
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шешімді өзгеріссіз, талап қоюшының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.
Сот актілері заңды күшіне енді.
2024 жылы 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады.
Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын.
Бұған дейін де ҚАЖК өкілдері колонияда экс—министр үшін қолайлы орын әлі бос емес екенін, сондықтан жұмысқа тұрмағанын мәлімдеді.
Ал 12 қарашада апелляциялық алқа Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы шағыммен оның бұрынғы әйелінің талап арызын қарады.
Сот мәліметінше, экс-министр балаларының тегін өзгертуіне қарсы болмады, алайда оны ата-ана құқығынан айырмады.