Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақ жоспарлы санитарлық жұмыстарға байланысты уақытша жабылады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мекеме әкімшілігінің хабарлауынша, 2 маусым күні бақ аумағына кіруге уақытша шектеу қойылады.
Дегенмен келесі күннен бастап ботаникалық бақ қалыпты режимде қайта жұмыс істейді. Келушілерді күнделікті сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды.
Сонымен қатар, бақ әкімшілігі кассалардың жұмысында сағат 15:00-ден 15:30-ға дейін техникалық үзіліс болатынын еске салады.
Сондай-ақ, санитарлық жұмыстардың күні техникалық себептерге немесе мемлекеттік мерекелерге сәйкес келген жағдайда өзгеруі мүмкін.
Алматыдағы Бас ботаникалық бақ, әсіресе жаз мезгілінде серуендеуді, жүгіруді және отбасылық демалысты ұнататын тұрғындар үшін ең танымал орындардың бірі болып табылады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







