Алматы облысы әкімінің өкімімен Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Ғалым Қасымұлы 1967 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданында дүниеге келген, білімі жоғары, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Жиделі» ұжымшарының жұмысшысы болып бастаған.
Әр жылдары «Қарой» ұжымшарының есепшісі, «Ақдала» күріш ұжымшары бригадирінің көмекшісі, еңбек жөніндегі экономисі, бөлім бастығы, Балқаш ауданы Ақдала ауылының әкімі, Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасының бастығы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі, Көксу ауданының әкімі, Алматы облысы жер қатынастары басқармасының басшысы, Балқаш ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
Алматы облысының мобилизациялық дайындық басқармасы мен су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.