Жұмыс күндері кезекші бөлімдер сағат 20:00-ге дейін ашық болады. Қазан айынан бастап Алматыда кезекші кесте бойынша екі халыққа қызмет көрсету орталығы мен екі мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қалалық филиалына сілтеме жасап.
Кезекші ХҚКО мекенжайлары
Кезекші болып мына ХҚКО-лар белгіленді:
– Алатау ауданы бойынша – «Нұркент» шағынауданы, 5/17 үй;
– Наурызбай ауданы бойынша – «Шұғыла» шағынауданы, 347/1 үй.
Олар келушілерді жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 13:00-ге дейін қабылдайды.
Мамандандырылған ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар мына мекенжайлар бойынша қызмет көрсетеді:
– Аққайнар көшесі, 1;
– Ақсуат көшесі, 118.
Жұмыс күндері бұл орталықтар сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз ашық болады. Өтініштер сағат 18:00-ге дейін қабылданады, ал дайын құжаттар 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күндері құжаттарды сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін тапсыруға, ал дайын болғандарын 13:00-ге дейін алуға болады.
Алматының қалған ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО бөлімдері тек жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сенбі олар үшін демалыс күні болып қала береді.
Кейбір мемлекеттік қызметтерді «ЦОН» мобильді қосымшасы, электрондық үкімет порталы және екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы онлайн түрде алуға болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







