Армения премьер-министрі Никол Пашинян Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ саммитіне қатыспайды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Пашинянның айтуынша, мұндай шешім Армениядағы парламент сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанына байланысты қабылданған. Елде парламент сайлауы 7 маусымға белгіленген.
Армения премьері бұл жөнінде Владимир Путинге алдын ала хабарлағанын айтты. Ол Ресей президентін 1 сәуірде Мәскеуге барған сапары кезінде ескерткен. Сонымен қатар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа да шешімі туралы ақпарат берілген.
Астанадағы саммитте Армения тарапынан вице-премьер Мгер Григорян қатысады.
ЕАЭО саммиті 28-29 мамыр күндері Астанада өтеді. Пашинянның келмеуі ресми түрде ішкі саяси науқанмен түсіндіріліп отыр. Дегенмен Арменияның соңғы жылдары ЕАЭО және Ресеймен қарым-қатынасы салқындап келе жатқанын ескерсек, бұл шешім аймақтық саясаттағы жалпы өзгерістер аясында да назар аудартады.
Құмар Ақсақалов басқарып отырған Қостанайдағы жағдай көңіл көншітпейді. Облыс қазақыланбаған күйде қалып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







