2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлге жақын орналасқан Үшарал және Үржар қалаларына субсидияланатын тұрақты рейстерді орындай бастайды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz
Жаңа бағыттар жазғы туристік маусым қарсаңында іске қосылып отыр. Астана мен Алматы қалаларынан Үшаралға және Үржарға аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны 20 мың теңгені құрайды.
Көлік министрлігінің мәліметінше, билеттер онлайн сатылымда қолжетімді болады.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Жетісу ауыз су картасы: Ескелді ауданында 99,9 пайыз қамту деңгейі сақталды«Қаладан ауылға»: Үржарға көшкен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілудеШҚО-дағы құрақ көрпе рекорды: Қазақ қолөнері әлемдік деңгейде мойындалды📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







