Қаңтар оқиғасы кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін сотталған Арман Жұмагелдиевтің әйелі, қырғызстандық дизайнер Айкөл Әликжанова ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Желідегі парақшасында неке куәлігінің суретін жариялаған Айкөл, жаңалықты көпшіліктің қызу талқылауына айналдырмауды сұрады.
«Ақпарат құралдары мен туралы түрлі мәліметтерді тарата бастады. Біз Арманмен заңды некеде тұрдық. Бір-бірімізді шынайы жақсы көрдік. Бірақ ажырасуға шешімді өзі қабылдады. Мен оны күтіп, жанында болуға дайын едім. Алайда Алланың қалауы басқаша болды», – деді Айкөл.
Ол сонымен қатар жұптың ортақ қызы бар екенін атап өтті.
«Арманның жалғыз баласы біздің қызымыз. Бізге дейін оның заңды некесі де, баласы да болған емес. Біз бір-бірімізге жау емеспіз, баламыздың ата-анасымыз. Қазір мен үшін өте қиын кезең. Ажырасу жүрегіме ауыр тиіп жатыр. Басқа айтатын ештеңем жоқ, өйткені бұл біздің жеке өміріміз», – деп жазды ол.
Сондай-ақ, Айкөл өзінің жан жарасын бүкіл әлемге жария еткісі келмейтінін және түрлі өсек-аяңға жол бермеуді сұрады.
Контекст
Арман Жұмагелдиев 2022 жылдың қаңтарында Алматыда болған тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған болатын. 2023 жылы оның үстінен сот процесі басталып, 2026 жылдың қарашасында апелляциялық сот бірінші инстанциядағы үкімді өзгеріссіз қалдырған еді. Арманның ісі бойынша депутаттық мандаты бар кәсіпкер Қайрат Құдайберген де жауапқа тартылған. Екеуі де қаңтар оқиғасы бойынша жарияланған амнистияға ілінбеген.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







