14 сәуірде Қазақстанның көптеген өңірінде бұлтты, жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Солтүстік облыстарда температура нөлден төмендеп, жаңбыр қарға ұласып, көктайғақ болуы мүмкін. Елдің шығысында түнде қар аралас жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы +2+10°С, күндіз +10+15°С дейін төмендейді. Солтүстік өңірлерде түнде -2-8°С суық, күндіз 0,+7°С жылы болады. Оңтүстікте түнде +3+13°С, күндіз +8+18°С жылы күтілуде.
Абай облысы: Түнде облыстың батысы, солтүстігі және орталығында қар аралас жаңбыр жауады. Батыс пен солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 м, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -3°С суық пен +2°С аралығында, оңтүстікте +7°С, күндіз +8+13°С, оңтүстікте +16°С.
Ақмола облысы: Батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде -4°С пен +1°С аралығында, батыс пен оңтүстікте +5°С, күндіз +9+14°С, батыс пен оңтүстікте +19°С дейін жылынады.
Ақтөбе облысы: Жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз облыстың орталығы мен оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде +9+14°С, күндіз +24+29°С жылы.
Алматы облысы: Жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +6+11°С жылы, таулы аймақтарда -3°С пен +2°С аралығында, күндіз +21+26°С, облыстың оңтүстік-шығысында +16°С, таулы аудандарда +6+11°С жылы болады.
Атырау облысы: Батыс, солтүстік және оңтүстікте жаңбыр, күндіз оңтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстікте тұман түседі. Желдің күші 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Түнде +9+14°С, батыста +6°С, күндіз +13+18°С, шығыста +23°С жылы.
Шығыс Қазақстан облысы: Солтүстік, шығыс және оңтүстікте түнде қар аралас жаңбыр, көктайғақ, күндіз солтүстік пен шығыста жаңбыр жауады. Жел секундына 9-14 м, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Түнде 0-5°С суық, оңтүстікте +3°С жылы, күндіз +7+12°С, шығыста +3°С жылы.
Жамбыл облысы: Жауын-шашынсыз. Таулы аудандарда түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с. Түнде +8+13°С, таулы және солтүстік аймақтарда +3°С, күндіз +22+27°С, солтүстік пен таулы аудандарда +18°С жылы.
Жетісу облысы: Жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, шығыста 15-20 м/с, Алакөл аудандарында екпіні 23-28 м/с, күндіз 30 м/с дейін жетеді. Түнде +2+7°С, таулы аймақтарда -1°С, күндіз +18+23°С, шығыс пен таулы жерлерде +14°С жылы.
Жаңбыр жауады
Батыс Қазақстан облысы: Батыс, солтүстік және оңтүстікте жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде +10+15°С, батыста +7°С, күндіз +18+23°С, батыста +15°С жылы.
Қарағанды облысы: Батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста түнде аздаған жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде +1+6°С, оңтүстікте +10°С, солтүстікте -3°С суық, күндіз +10+15°С, оңтүстікте +20°С жылы.
Қостанай облысы: Солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Түнде +3+8°С, оңтүстікте +11°С, күндіз +14+19°С, оңтүстікте +23°С жылы.
Қызылорда облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігі мен шығысында шаңды дауыл. Жел шығыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде +10+15°С, күндіз +27+32°С жылы.
Маңғыстау облысы: Жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел секундына 15-20 м, кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді. Түнде +7+12°С, шығыста +4°С, күндіз +10+15°С, солтүстік-шығыста +20+25°С жылы.
Павлодар облысы: Жауын-шашынсыз. Жел секундына 3-8 м. Түнде -1-6°С суық, күндіз +7+12°С жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы: Түнде қар аралас жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде -4°С пен +1°С аралығында, күндіз +7+12°С жылы.
Түркістан облысы: Жауын-шашынсыз. Солтүстікте шаңды дауыл. Жел 8-13 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде +10+15°С, күндіз +25+30°С жылы.
Ұлытау облысы: Жауын-шашынсыз. Жел секундына 9-14 м. Түнде +8+13°С, күндіз +23+28°С жылы.
Ірі қалалардағы ауа райы:
Астана: түнде 0°С, күндіз +12+14°С жылы;
Алматы: түнде +7+9°С, күндіз +21+23°С жылы;
Шымкент: түнде +10+12°С, күндіз +26+28°С жылы.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







