Автор: Асылхан Бөрібай

Маңғыстау футболының тарихы жаңа белеске көтерілді. Ақтаулық «Каспий» клубы 31 жыл күткен жеңіске қол жеткізіп, Премьер-лигаға қайта оралды. Бұл сәт аймақ футболының ғана емес, тұтас Маңғыстау халқының рухын көтерген тарихи күнге айналды. Уақыт пен тағдыр кейде бәрін сынға салады, бірақ өз қаласының намысын барын салып қорғаған ойыншылар ешқашан жеңілмейді. «Каспийдің» жеңісі соның айқын дәлелі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Салтанатты марапаттау рәсімінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай командаға алғысын білдіріп, олардың жетістігін аймақтың мақтанышы деп атап өтті. Әкімнің айтуынша, 2025 жыл клуб тарихындағы ең табысты кезеңге айналды. – Биыл «Каспий» футбол клубының тарихындағы ең…

Толық оқу

Шығыс Қазақстанда ұлтаралық татулық туралы сөз болғанда алдымен Достық үйі еске түседі. Бұл шаңырақта түрлі этнос өкілдері, жастар мен еріктілер бір ортаға жиналып, күнделікті өмірде келісім мен түсіністікті нығайтуға күш салатынын білеміз. Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының ШҚО бойынша белсенді мүшесі Равиль Юнусовпен Ertenmedia.kz тілшілерінің сұхбаттасқан еді. Спикер сұхбат барысында өңірдегі ұлтаралық келісім қарапайым қарым-қатынастан басталатынын жіліктеп түсіндіріп берді. – Равиль мырза, ең алдымен Шығыс Қазақстан облысындағы ҚХА Кеңесі өңірдегі ұлтаралық келісімді дамытуға қалай үлес қосып отырғанын бастасақ? – ШҚО-дағы ұлтаралық келісімнің қазіргі жағдайын айтсақ, Достық үйінің, этноауылдың, ғылыми-сараптамалық топтың, жастар құрылымдарының жұмысына баға беруден бастаған жөн деп санаймын. Өйткені…

Толық оқу

23 қазаннан бастап ел кинотеатрларында Қазақфильм киностудиясы түсірген «Капитан Байтасов» фильмі көрсетіле бастады. Көркем туынды нақты оқиға желісіне негізделген. Онда 2011 жылы Тараз қаласында қызмет бабында қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі баяндалады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сол бір күнде ол өз өмірін қатерге тігіп, қарулы қылмыскерді тоқтатып, ондаған адамның өмірін сақтап қалды. Кино арқылы сол ерліктің салмағы мен батырдың соңғы сәтіне дейінгі адамдық болмысы көрерменге жеткізілмек. Жоба мемлекеттік тапсырыспен және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асқан. Фильмнің режиссері Даурен Камшибаев, басты рөлдерді Азамат Сатыбалды мен Еркебұлан Дайыров сомдайды. Бюджеті шамамен 500 миллион теңгені құрайды. Сценарий оқиға болған…

Толық оқу

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Төтенше жағдайлар департаментінің Арнайы жасақ бөлімшесіне барып, бөлімшенің күнделікті қызметімен танысты. Қалада қауіпсіздік қағаздағы жоспармен өлшенбейді, ол нақты бөлімше, нақты техника, нақты дайындық арқылы ұсталады. Сол жүйенің бір тірегі Жетісу ауданында орналасқан арнайы жасақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл нысан 1981 жылы пайдалануға берілген. Қазір де негізгі міндетін атқарып отыр. Жетісу ауданының орталық бөлігінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аудандағы көпқабатты үй, жеке сектор, мектеп, базар, өндіріс орны сияқты жүздеген нысанның қауіпсіздігіне жауапты. Қауіп төнсе, алғашқы болып жететін осы бөлімшенің мамандары. Бөлімшеде 124 құтқарушы қызмет етеді. Олардың қарамағында 29 бірлік арнайы техника бар. Бұл техника деген тек…

Толық оқу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы Адина Батырбекқызы мүгедектігі бар азаматтардың еңбекке қалай арласатынын Ertenmedia.kz сайтының тілшілеріне кеңінен әңгімелеп берді. Оның сөзінше, бұл бағыт қазір бөлек жоба емес, әлеуметтік саясаттың тұрақты негізіне айналған. Ел бойынша 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адамның шамамен үштен бірі тұрақты жұмыспен қамтылған, ал биылдың өзінде 25 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтылыпты. – Адина Батырбекқызы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мүгедектігі бар азаматтарды қоғамнан бөліп қарамау туралы нақты тапсырма берді. Осындай азаматтардың жұмыспен қамтылуы бүгінгі күні Қазақстанда қалай жүзеге асып жатыр? – Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін бұл жұмыс бөлек…

Толық оқу

Депутат Ермұрат Бапидің араласуымен Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың қатысы бар атышулы іс қайта жалғасты, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейін Бәпи қарағандылық кәсіпкер Қуат Ерментаевтың шағымы бойынша Бас прокурорға жүгінген. Ерментаев өз меншігіндегі «PORUS» ЖШС-дегі үлесін «сантехниктің» ұлы рейдерлік жолмен тартып алғанын айтқан болатын. «Рейдерлік әрекеттен кейін кәсіпкер тақырға отырған. Оның шағымымен Алматының Экономикалық тергеу департаменті 2022 жылы компаниядағы Ерментаевқа тиесілі үлесті тартып алу бойынша іс қозғаған. Алайда екі жылдан соң, “қылмыс құрамы жоқ” деген желеумен іс жабылған. Назарбаев әулетінің әмірі жүргені айтпаса да түсінікті», – дейді депутат. Алайда 9 қазанда аталған іс бойынша тергеу қайта басталды. Бұл туралы Бас…

Толық оқу

Астанада өткен Astana Think Tank Forum 2025 шын мәнінде Қазақстанның жаһандық және бітімгершілік бастамаларына қалай қарайтынын айқын көрсетіп берді. Форумның «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру» деген тақырыбының өзі-ақ бүгінде әлемнің басты мәселесі қайда екенін аңғартады, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы жылдары соғыс, санкция, өзара айыптау көбейіп, сенім деген ұғым сиреп кеткені жасырын емес. Осындай кезеңде Астанаға жиырмадан астам елдің сарапшылары, жетекші зерттеу орталықтарының басшылары келіп, бір үстелде отырып сөйлесуі Қазақстанның диалогқа сүйенген сыртқы саясатының жалғасы саналады. Форумның алғашқы күні-ақ басым бағыттар анық көрінді. Президент кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев жаһандық басқару реформасынан бастап ядролық қауіптерге, жасанды интеллектке, климат пен су…

Толық оқу

Бүгін Түркістан Оқушылар сарайында «Ұлттық құндылықтар академиясы» РҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының ашылуына орай «Ұлт руханияты және Жәнібеков тағылымы» халықаралық форумы өтті. Форумның басты мақсаты – заманауи мүмкіндіктер мен сын-қатерлер тұсында ұлттық құндылықтардың танымдық және тағылымдық негізінде білім мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ету, этностық жәдігерлерімізді, ұлт руханиятын және Өзбекәлі Жәнібек секілді тарихи тұлғалардың тағылымын дәріптеу. Жиынға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қарақалпақстаннан келген ғалымдар, «Ұлттық құндылықтар академиясының» мүшелері, Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері, білім басқармалары, ақсақалдар алқасы, қалалық және облыстық мұражай орталықтары, қоғамдық ұйымдар, ЖОО оқытушылары мен педагогтер қатысты. Ұлттық құндылықтар академиясының төрағасы, Химия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан ПҒА академигі Әділхан Төлегенұлы филиалдың Түркістанда…

Толық оқу

Әлемжеліде қазақтарды әжуәлап, бүтін бір ұлтты келеке еткен атышулы Алика Мухамадиеваға прокурор төрт жарым жыл түрме жазасын сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia. Қарағандыдағы сот процесі Қылмыстық кодекстің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша жүріп жатыр. Айыптаушы тараптың сөзінше, Мухамадиеваның әлемжелідегі жазбасы ұлтаралық жанжал туғызып, елдегі титулды ұлттың ар-намысына тиген. Мұның бәрі сараптама қорытындысымен дәлелденген. Іс насырға шапқанын сезген күдікті елден қашып, ізін жасыруға талпынған. Дау тұтанған сәтте қазақтілді қауым провокаторды елден қууды талап еткен болатын. Аликаның бұған дейін қазақтардан кешірім сұраған, бірақ бұл оны жауапкершіліктен босатпайтын сыңайлы. «Сол күні қатты күйзелісте болдым. Сол сәтте не істеп қойғанымды…

Толық оқу

Алматы облысының шаруалары қалаға 200 тоннадан астам таза әрі балғын ауыл өнімдерін жеткізбек, деп хабарлайды Ertenmedia. 18–19 қазан күндері Алматыда ірі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Қазыбек би көшесінің Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аумағында (КБТУ маңында) өтетін шараға Алматы облысының фермерлері мен шаруашылықтары өздері өндірген өнімдерін әкеледі. Жәрмеңкеде ет (16 тонна), сүт өнімдері (1,6 тонна), картоп (18,6 тонна), пияз (19,5 тонна), көкөніс (36,2 тонна), күріш (6 тонна), бал (3,3 тонна), алма мен жеміс-жидек (26 тонна) және өзге де тауарлар (50,5 тонна) тұрғындарға ұсынылады. Шараның басты ерекшелігі сапалы өнімдерді қаладағы орташа бағадан 15 пайызға төмен алуға болады. Жәрмеңке Алматы мен Алматы…

Толық оқу