Автор: editor

Коммерциялық банк үш жыл мерзімге 750 млн юань көлеміндегі синдикатталған қарызды рәсімдеп, елдегі қаржы нарығы үшін тың белесті бағындырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Синдикатталған несиеге бес ірі халықаралық банк қатысқан. Жетекші ұйымдастырушылар ICBC Standard Bank plc / ICBC Almaty JSC, First Abu Dhabi Bank және Қытайдың Экспорттық-импорттық банкі. Мәмілеге қазақстандық Altyn Bank те атсалысты. Бұл қадамның қаржылықтан бөлек, саяси-экономикалық астары да бар. ForteBank-тың юаньмен қорлануы Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты тереңдетіп, отандық нарықта доллар мен еуроның үстемдігін төмендетуге жол ашады. Тартылған қаржы металлургия, өндіріс және басқа да стратегиялық салалардағы ірі инвестициялық жобаларға бағытталмақ. Бұл өз кезегінде заманауи технологиялардың енгізілуіне, өндіріс…

Толық оқу

Ақордада сегіз елдің жаңа елшілері Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды. Олардың арасында Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісі Виктор Майко да бар, деп хабарлайды Ertenmedia. Украина елшісімен қатар президентке БҰҰ-ның тұрақты өкілі, сондай-ақ Үндістан, Алжир, Швеция, Бельгия, Ұлыбритания, Латвия және Грузия елшілері ресми түрде сенім грамоталарын ұсынды. Мемлекет басшысы дипломаттарды жаңа қызметтерінің ресми басталуымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. 65 жастағы Виктор Майко Қазақстандағы қызметіне биыл маусым айының соңында кірісті. Ол бұған дейін Украина елшісі ретінде Түрікменстанда еңбек еткен. Дипломатиялық мансабын бастағанға дейін Майко журналист және ғылыми редактор қызметтерін атқарған, сондай-ақ коммерциялық құрылымдарда және Украина Сауда министрлігінде жұмыс істеген. 2010-2014 жылдары Украина сыртқы…

Толық оқу

Түркістан қаласындағы «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында «Кәсіпорын мен колледж – сапалы маман кепілі» атты іс-шара өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, депутаттар, жауапты сала басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен студенттері қатысты. Басқосуда студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізу және әрі қарай жұмысқа орналастыру бағытында нақты қадамдар жасалды,- деп хабарлайды  Ertenmedia.kz Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бұл ынтымақтастық кәсіби кадр даярлау ісін жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. – Бұл кездесу – өңіріміздегі кәсіби білім беру жүйесін жаңа сапаға бағыттайтын маңызды қадам. Президентіміздің 2025 жылды…

Толық оқу

Қазақстанда онлайн-казиноны жарнамалап, халықты құмар ойынның тұзағына түсірген 34 блогер анықталды. Олардың арасында танымал рэперлер мен желі жұлдыздары бар, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы мониторингі агенттігі құмар ойын жарнамасын кәсіп еткен блогерлердің табыс көзін бітеп тастауды көздеп отыр. «Олар заң бұзуды әдетке айналдырып, елдің қалтасын қағып, қаншама отбасыны ойрандады», – дейді ведомство өкілдері. Мәселен, рэпер Baller деген лақап атпен танымал Шыңғысхан Көпбаев биылдың өзінде онлайн-казиноны жарнамалағаны үшін бес мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Агенттік атышулы блогер Қайсар Қамзаның әрекетін «ашық арандату, қоғамды теріс жолға салу» деп бағалап отыр. Айтуларынша, Қамза халықты заңсыз казиноға тартудың түрлі тәсілін меңгеріп алған. «Ол өзінің Telegram-арнасында онлайн-казиноға…

Толық оқу

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Қазақтелеком» мен «Қазақстан темір жолын» жекешелендіруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia. Жақыповтың айтуынша, аталған компаниялардың акцияларын нарыққа шығару тек қолайлы нарық жағдайына тәуелді. «Бәрі нарықтағы ахуалға байланысты. Нақты мерзімін айту қиын. Бекітілген жекешелендіру жоспары бар, біз соған сай әрекет етеміз. Ұлттық компанияларды сатудың қиындығы сол бір жағынан мемлекет мүлкін ең жоғары бағаға өткізу керек, екінші жағынан барлық тәуекелдерді ескеруге тиіспіз. Былайша айтқанда орайлы, қолайлы кезең туса ғана активтерді тиімді бағамен сатуға мүмкіндік болады», – дейді Жақыпов. Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов те депутаттық сауалға жауап беріп, «Самұрық-Қазынаның» бірнеше ұлттық компаниялардың капиталынан шығуды қарастырып…

Толық оқу

Қапшағай су қоймасы мен Іле өзенінің маңындағы 82 жер телімінің заңдылығы тексеріліп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Депутаттың айтуынша, қазіргі кезде екі жер теліміне қатысты сотқа талап-арыз берілген, тағы екі телім бойынша арыз әзірленіп жатыр. Қалған жерлерді прокуратура мен тиісті органдар тексеруге алған. «Бұлардың артында жай адамдар емес, аймақтық элитаға қатысы бар ықпалды тұлғалар тұр. Осы 82 жер телімін толық тексеруді өз бақылауымда ұстаймын. Тексеру қорытындысын Мәжілістің жалпы отырысында депутаттық сауал ретінде көтеремін», – деді депутат. Сондай-ақ, Базарбектің айтуынша, Алматыдағы «Көлсай» ықшамауданындағы тағы 25 жер телімі бойынша  прокурорлық тексеріс басталған.

Толық оқу

Әлемжеліде Kaspi Pay аккаунтын «жалға алуға» ұсыныс жасайтын алаяқтар көбейді. Олар кәсіпкерлерге оңай табыс табуға уәде береді. Шындығында, алаяқтар аңғал азаматтарды қылмыстық схемаға араластырып, серіктес етіп шығарады, деп хабарлайды Ertenmedia. Схема қалай жұмыс істейді? Алаяқтар Kaspi Pay аккаунты бар кәсіпкерлерге «жалға алу» туралы ұсыныспен шығады. Олар «барлық салықты төлейміз, сізге табыс түсіп тұрады» деп сендіреді. Бұған сенген адам алаяқтарға өз аккаунтын пайдалануға береді. Олар жалға алған Kaspi Pay аккаунты арқылы түрлі маркетплейстерге тауарларды өте арзан бағамен сата бастайды. Сатып алушылардан алдын ала төлем алады да, тауарды жібермейді. Шындығында ондай тауар жоқ. Яғни, олар сіздің атыңыздан адамдарды алдап-арбайды. Неге өздерінің Kaspi…

Толық оқу

Қазақстан әскерінде қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған сарбаздардың ата-аналары президент әкімшілігі алдында тағы да наразылық білдірді. Бұл жолы олар тергеудің әділетсіздігіне күйініп, билік өкілдерінен нақты жауап талап етті, деп хабарлайды Ertenmedia. Жиналған жұртқа әскери прокуратура мен Қорғаныс министрлігінің өкілдері келіп кездесті. Ашынған ата-аналар министрлікке және тергеушілерге тергеу барысындағы көптеген өрескел заңбұзушылықтарды тағы да тізіп берді. Наразылыққа шыққан аналардың бірі, былтыр Алматыдағы полигонда қаза тапқан Алмас Шахимовтың анасы Индира Туғанбаева былай дейді: «Біз баламыздың өзіне қол салмағанын, оны әдейі өлтіргенін айтып шаршадық. Қолымызда тәуелсіз сарапшының қорытындысы бар. Ресми нұсқа бойынша, «палатка басып қалыпты-мыс». Бірақ баламның денесінен пышақ жарақаттары анықталды. Тергеушілердің…

Толық оқу

Экономист Елдар Шамсүтдинов валюта нарығын зерттей келе, еліміз Ресей үшін доллар сатып алатын транзиттік хабқа айналған деген тосын тұжырымға келді, деп хабарлайды Ertenmedia. Сарапшының айтуынша, KASE валюталық секциясындағы рубль айналымы күрт артып, рубльді доллармен айырбастау операциялары жиілеген. Ресейден ағылған рубль Қазақстанның ішкі нарығындағы долларға сұранысты жасанды түрде арттырып, тұрақты валюталық ажиотаж қалыптастырып отыр. «Қазақстан қазір транзиттік пункт қызметін атқаруда. Ресейден рубльмен кірген капитал бірден долларға айналып, кері ағылады. Бұл Қазақстанның ішкі экономикасында доллар сұранысының объективті себепсіз-ақ жоғары болуын түсіндіретін негізгі фактор», – дейді Шамсутдинов. Экономист сөзіне сенсек, ішкі нарықтағы доллар операциясының ауқымы соңғы екі жылда азайғанына қарамастан, жалпы валюта айналымының…

Толық оқу

Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарының барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында. Осы орайда  Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласындағы спорт және мәдениет нысандарын аралап, жауаптылармен кездесті. Кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстардың  барысын саралады. Ертай Кенжебекұлы спорт, мәдениет саласын дамытуға күш салынатынын және бұл бағытта өңірге дарынды спортшылар мен талантты жастарды  тартудың маңыздылығын айтты. Биыл Түркістан облысында 54 спорт нысанының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Оның ішінде 25 спорт кешені, 11 спорт зал, 15 спорт алаңы, 1 футбол манежі, 1 ату алаңы бар. Аталған спорт нысандарының қатарында халықаралық…

Толық оқу