Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Әлиев

Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев өзінің Фейсбуктағы парақшасында мемлекеттік инвестициялардың тиімділігі мен отандық еңбек нарығына әсері туралы көкейде жүрген сынын айтты. Ол еліміздегі 30 триллион теңгеге жуық мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу көлемі ел азаматтарының әл-ауқатының жақсаруына тиісті деңгейде әсер етпей отырғанынан налыпты. Депутат өз жазбасында «егер бұл қаражат шын мәнінде ел ішінде айналса, онда жұмыссыздық азаяр еді, салық түсімі көбейер еді, ал әрбір отбасы тұрақты табысқа ие болар еді» дейді. Әлиевтің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қаржы айналымындағы негізгі мәселе қаражаттың бағытталған жеріне жетпей, айқын бақылауда болмауы өзекті мәселеге айналған. Көп жағдайда бірнеше ондаған қызметкері бар жеке компаниялар миллиардтаған жобаларды бір мезетте…

Толық оқу
Есімханов

Жыл басынан бері қызуы басылмаған салық реформасына түнеукүні президент Тоқаев тікелей араласқан болатын. Мемлекет басшысы Үкіметке бір жылға жуық қызылкеңірдек болып талқыланған реформаның кейбір тұсына түзету енгізуді тапсырған деп жазады Ertenmedia. Премьер Бектенов артынша шағын бизнеске арналған бірқатар жеңілдікті жария еткен-тұғын. Желідегі жұрттың бір бөлігі мұны «халықтың жеңісіне» балап, президенттің қоғам үніне құлақ асқанына қуанып жатыр. Белгілі заңгер Ержан Есімханов бөрікті аспанға атуға әлі ерте дейді. Пікірінше салық мәселесінде басы ашық сауал аз емес. Үкімет ұсынған басты жеңілдіктің екеуіне тоқталайық. Алғашқысы «жеңілдетілген салық режиміне» (упрошенкі) қатысты енгізілмек болған шектеу жойылып, қолданыстағы 44 қызмет түрі ғана тыйымда қалады. Кейінгісі шағын бизнесті тексеру…

Толық оқу

Іле ауданының тұрғындары Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевпен өткен есептік кездесуде өңірдің өзекті мәселелерін көтерді. Іс шара 17 қазанда Өтеген батыр ауылындағы Мәдениет үйінде өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Алматы облысы тұрақты экономикалық өсім көрсетіп, еліміздегі көшбасшы аймақтардың қатарына енді. Соңғы үш жылда өңірдің жалпы ішкі өнімі екі есеге жуық өсіп, 3,4 трлн теңгеден 6 трлн теңгеге жетті. Нәтижесінде облыс республика бойынша үздік бестікке кіріп отыр. – Біз еліміз бойынша жалпы ішкі өнімге қосқан үлес жағынан 10-орыннан 5-орынға көтерілдік. Өңір экономикасы 10 пайыздан астам өсім көрсетіп отыр. Құрылыс саласында рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. 900…

Толық оқу

Қазақстандағы банк туралы заңның жиі өзгеруі ықпалды топтардың мүддесі үшін жасалатын лоббизм. Блогер, қоғам белсендісі Ғалым Байтұқ осылай пайымдап отыр, деп жазады Ertenmedia. Сарапшының айтуынша, «Қазақстандағы банк секторы елдегі ең тұрақсыз әрі көп өзгеретін сала». Мәселен, банк қызметіне қатысты заңға осы уақытқа дейін 140-тан астам өзгеріс енгізілген. Байтұқ мұны қаржы нарығындағы лобби әрекетімен байланыстырып отыр. «Банк иелері қашанда ықпалды саясаткерлермен тығыз байланысты болды. Егер Қазақстандағы банк секторының тарихына мұқият қарасақ, заңдағы өзгеріс пен банктердің нарықтағы үстемдік ету кезеңінің бір-бірімен сәйкестігін көреміз», – дейді ол. Байтұқтың сөзінше, 2000-жылдардың басында Қазақстанда жеке банк капиталы қарқынды дамыды. Ол кезеңде ТұранӘлем, Қазкоммерцбанк, ЦентрКредит және…

Толық оқу

Маңғыстау футболының тарихы жаңа белеске көтерілді. Ақтаулық «Каспий» клубы 31 жыл күткен жеңіске қол жеткізіп, Премьер-лигаға қайта оралды. Бұл сәт аймақ футболының ғана емес, тұтас Маңғыстау халқының рухын көтерген тарихи күнге айналды. Уақыт пен тағдыр кейде бәрін сынға салады, бірақ өз қаласының намысын барын салып қорғаған ойыншылар ешқашан жеңілмейді. «Каспийдің» жеңісі соның айқын дәлелі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Салтанатты марапаттау рәсімінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай командаға алғысын білдіріп, олардың жетістігін аймақтың мақтанышы деп атап өтті. Әкімнің айтуынша, 2025 жыл клуб тарихындағы ең табысты кезеңге айналды. – Биыл «Каспий» футбол клубының тарихындағы ең…

Толық оқу

Шығыс Қазақстанда ұлтаралық татулық туралы сөз болғанда алдымен Достық үйі еске түседі. Бұл шаңырақта түрлі этнос өкілдері, жастар мен еріктілер бір ортаға жиналып, күнделікті өмірде келісім мен түсіністікті нығайтуға күш салатынын білеміз. Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының ШҚО бойынша белсенді мүшесі Равиль Юнусовпен Ertenmedia.kz тілшілерінің сұхбаттасқан еді. Спикер сұхбат барысында өңірдегі ұлтаралық келісім қарапайым қарым-қатынастан басталатынын жіліктеп түсіндіріп берді. – Равиль мырза, ең алдымен Шығыс Қазақстан облысындағы ҚХА Кеңесі өңірдегі ұлтаралық келісімді дамытуға қалай үлес қосып отырғанын бастасақ? – ШҚО-дағы ұлтаралық келісімнің қазіргі жағдайын айтсақ, Достық үйінің, этноауылдың, ғылыми-сараптамалық топтың, жастар құрылымдарының жұмысына баға беруден бастаған жөн деп санаймын. Өйткені Өскемендегі…

Толық оқу

23 қазаннан бастап ел кинотеатрларында Қазақфильм киностудиясы түсірген «Капитан Байтасов» фильмі көрсетіле бастады. Көркем туынды нақты оқиға желісіне негізделген. Онда 2011 жылы Тараз қаласында қызмет бабында қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі баяндалады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сол бір күнде ол өз өмірін қатерге тігіп, қарулы қылмыскерді тоқтатып, ондаған адамның өмірін сақтап қалды. Кино арқылы сол ерліктің салмағы мен батырдың соңғы сәтіне дейінгі адамдық болмысы көрерменге жеткізілмек. Жоба мемлекеттік тапсырыспен және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асқан. Фильмнің режиссері Даурен Камшибаев, басты рөлдерді Азамат Сатыбалды мен Еркебұлан Дайыров сомдайды. Бюджеті шамамен 500 миллион теңгені құрайды. Сценарий оқиға болған…

Толық оқу
Дархан Сатыбалды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Төтенше жағдайлар департаментінің Арнайы жасақ бөлімшесіне барып, бөлімшенің күнделікті қызметімен танысты. Қалада қауіпсіздік қағаздағы жоспармен өлшенбейді, ол нақты бөлімше, нақты техника, нақты дайындық арқылы ұсталады. Сол жүйенің бір тірегі Жетісу ауданында орналасқан арнайы жасақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл нысан 1981 жылы пайдалануға берілген. Қазір де негізгі міндетін атқарып отыр. Жетісу ауданының орталық бөлігінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аудандағы көпқабатты үй, жеке сектор, мектеп, базар, өндіріс орны сияқты жүздеген нысанның қауіпсіздігіне жауапты. Қауіп төнсе, алғашқы болып жететін осы бөлімшенің мамандары. Бөлімшеде 124 құтқарушы қызмет етеді. Олардың қарамағында 29 бірлік арнайы техника бар. Бұл техника деген тек…

Толық оқу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Халықты жұмыспен қамту департаментінің бас сарапшысы Адина Батырбекқызы мүгедектігі бар азаматтардың еңбекке қалай арласатынын Ertenmedia.kz сайтының тілшілеріне кеңінен әңгімелеп берді. Оның сөзінше, бұл бағыт қазір бөлек жоба емес, әлеуметтік саясаттың тұрақты негізіне айналған. Ел бойынша 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адамның шамамен үштен бірі тұрақты жұмыспен қамтылған, ал биылдың өзінде 25 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтылыпты. – Адина Батырбекқызы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мүгедектігі бар азаматтарды қоғамнан бөліп қарамау туралы нақты тапсырма берді. Осындай азаматтардың жұмыспен қамтылуы бүгінгі күні Қазақстанда қалай жүзеге асып жатыр? – Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін бұл жұмыс бөлек жоба…

Толық оқу
Болат Назарбаев Ермұрат Бапи

Депутат Ермұрат Бапидің араласуымен Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевтың қатысы бар атышулы іс қайта жалғасты, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейін Бәпи қарағандылық кәсіпкер Қуат Ерментаевтың шағымы бойынша Бас прокурорға жүгінген. Ерментаев өз меншігіндегі «PORUS» ЖШС-дегі үлесін «сантехниктің» ұлы рейдерлік жолмен тартып алғанын айтқан болатын. «Рейдерлік әрекеттен кейін кәсіпкер тақырға отырған. Оның шағымымен Алматының Экономикалық тергеу департаменті 2022 жылы компаниядағы Ерментаевқа тиесілі үлесті тартып алу бойынша іс қозғаған. Алайда екі жылдан соң, “қылмыс құрамы жоқ” деген желеумен іс жабылған. Назарбаев әулетінің әмірі жүргені айтпаса да түсінікті», – дейді депутат. Алайда 9 қазанда аталған іс бойынша тергеу қайта басталды. Бұл туралы Бас…

Толық оқу