Автор: Асылхан Бөрібай

Еуропадағы әскери авиация нарығында күтпеген бетбұрыс байқалып отыр. Испания АҚШ-тың бесінші буын F-35 жойғыштарын сатып алудан түбегейлі бас тартып, Түркияның KAAN атты жаңа ұшақтарына назар аударуда, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл шешім Еуропа елдерінің қорғаныс саясатындағы бағыттың өзгеріп келе жатқанын көрсетеді. Бұған дейін Испания 2017 жылдан бері F-35 сатып алу мүмкіндігін қарастырған еді. Алайда соңғы жылдары елдің әскери бюджеті Future Combat Air System (FCAS) атты көпұлтты жобаның аясында шектеліп, қымбат америкалық техникадан бас тартуға мәжбүр болды. FCAS жобасы бүгінде дағдарысқа ұшырап, қатысушы елдер арасындағы келіспеушіліктер оны әлсіретті. Сол себепті Испания өз әуе күштерін күшейтудің жаңа жолдарын іздей бастады. Ел үкіметі…

Толық оқу

Қазақстанға теріскейден түрлі «инфоцыған», псевдожурналист, поп-жұлдыз мен пропагандистерді тоқтаусыз тарту кейбір ықпалды адамдардың санасындағы «стокгольм синдромының» белгісі. Саясаттанушы Досым Сәтпаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia. Оның айтуынша, Кеңес Одағы күйрегелі бері 30 жылдан астам уақыт өтсе де, қоғамның кей өкілі әлі күнге дейін сол дәуірдің идеологиясын сағынады. «Осы уақытта мүлде жаңа буын өсіп жетілді. Қоғам өзін-өзі тану, деколонизация кезеңін басынан кешіруде. Бірақ кейбір бизнесмендер мен элита өкілдері осы үрдісті әлі толық қабылдамаған тәрізді. Олар мемлекет қаржысын да, жеке қаржысын да көрші елдің инфоцығандары мен пропагандистерін шақыруға шашып жүр. Халықаралық форум өткіземіз деп жүргендер әлемнің түкпір-түкпірінен интеллектуалды, мәдени өнім беретін…

Толық оқу

Маңғыстаудың Тобықты жерінде Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдық мерейтойына арналған ауқымды шаралар өтті. Мерейтойға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хат жолдап, Бекет атаның ел руханиятындағы орнына тоқталды. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай хатты халық алдында оқып беріп, бұл мерейтойдың тарихи ғана емес, рухани сабақтастықты нығайтатын шара екенін атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Президенттің құттықтауында Бекет ата халқының дүниетанымын кеңейткен, елге ұстаз болған тұлға ретінде сипатталды. Оғыландыдағы жерасты мешітін және осы аймақтағы киелі нысандарды ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін нақты жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Бұл бастама қазақ руханиятының халықаралық деңгейде мойындалуына бағытталған қадам. Ұрпаққа мирас етілетін құндылықты сақтау парыз, деген сөздер жиынға…

Толық оқу

Қарағандыда полиция бөлімінде мәйіті табылған 23 жастағы Эльмираның артында 4 жасар ұлы қалды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, алайда оның қандай жағдайда көз жұмғаны әлі жұмбақ күйінде, деп хабарлайды Ertenmedia. Оқиға 1 қазанға қараған түні Қарағанды қаласының Михайлов ауданындағы учаскелік полиция пунктінде болған. Сол түні бөлімге келген учаскелік инспектор әріптесін ес-түссіз күйде, ал көрші бөлмеде жас қыздың жалаңаш мәйітін тауып алған. Қайтыс болған Эльмира полиция қызметкерімен бұрыннан таныс болған екен. Ал учаскелік пунктте есінен танып жатқан майор бұған дейін Теміртауда тергеуші болып істеген. Қазір оның өміріне қауіп жоқ, дәрігерлер науқастың беті бері қарағанын айтады. «Пациенттің жағдайы әлі де ауыр, бірақ…

Толық оқу

Түркістан облысында 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 17 690 адамға «Гриппол+» екпесі егілген. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшының орынбасары Бауыржан Сатыбалды мәлімдеді. – Түркістан облысында 683 инфекциялық төсек-орын бар. Бүгінгі таңда ЖРВИ диагнозымен 603 науқас анықталса, 159 азаматтан пневмония анықталып отыр. Сондай-ақ, өңірде 280 пульмонологиялық төсек-орын бар. Оның ішінде ересектерге арналған пульмонологиялық төсек-орын саны — 90, ал балаларға арналғаны – 190, – деді спикер. Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова өңірдің вирусты ауруларға қарсы дайындығы жайында…

Толық оқу

Астанада өткен Kazenergy Еуразиялық форумында Премьер-министр Олжас Бектенов 2040 жылға қарай Қазақстан мұнай өңдеу қуатын жылына 39 млн тоннаға жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде ел ішінде шамамен 18 млн тонна шикізат өңделеді. Егер жоспар толық орындалса, елдің мұнай өнімдеріне ішкі тәуелсіздігі артып қана қоймай, өңдеу тереңдігі 94%-ға жетеді. Қарапайым тілмен айтқанда, бір тонна мұнайдың ішінде «босқа кететін» бөлігі азайып, бензин, дизель, авиакеросин, мазут, битум, сұйытылған газ және мұнай-химияның негізгі фракциялары көбірек алынатын болады деген сөз. Мұндай межені көздеу кездейсоқ шешім емес. Соңғы жылдары ішкі нарықтың «жүрегі дүрсілдеп», жолдың, құрылыстың, логистиканың, ауыл шаруашылығының «жанармай тәбеті» өсе түскен.…

Толық оқу

Қазақстан экономикасының соңғы екі жылдағы басты тірегі кредиттік импульс болды. 2023 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың қыркүйегіне дейін банктердің жалпы кредиттік портфелі 27,2 трлн теңгеден 40,8 трлн теңгеге жетті. Бұл екі жыл ішінде 50%-ға жуық өсім деген сөз. Салыстырып айтсақ, банктердің қосымша берген 13,6 трлн теңгелік несиесі мемлекетіміздің әлеуметтік салаға жұмсайтын бір жылдық бюджетіне тең. Яғни, экономика бүгінгі күні ішкі сұранысты, инвестицияны және дамуды көбіне банктік несиелер арқылы қаржыландырып отыр. Бизнеске берілген қарыздар 12 трлн теңгеден 17,1 трлн теңгеге көтерілді. Мұндағы серпіннің негізгі драйвері орта бизнес. Орта кәсіп иелері соңғы екі жылда 58%-дан аса өсім көрсетіп, несиені ең тиімді пайдаланып отырған…

Толық оқу

Жетісу облысында жылыту маусымы ресми басталмай жатып, әлеуметтік нысандарға жылу беріліп жатыр. Қазіргі уақытта 47 нысан – 32 мектеп, 8 балабақша және 7 аурухана жылуға қосылған. Бұл – жергілікті биліктің алдағы қысқа дайындықты ерте бастап, ең алдымен халыққа қажетті мекемелерді қамтуға мән бергенін көрсетеді. Алакөл, Панфилов аудандары мен Текелі қаласында алғашқы болып жылу берілсе, қалған өңірлер ауа райына байланысты 4 қазан мен 15 қазан аралығында біртіндеп қосылмақ. Жетісу облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының деректеріне сенсек, өңірде 1697 көпқабатты үй мен 1314 бюджеттік нысан толық дайын тұр. Әлеуметтік сала нысандарын жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар да қажетті жағармай қорын жинақтап…

Толық оқу

Асхат Аймағамбетов ұстаздардың міндетіне жатпайтын қызметтерді заңмен алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұрынғы Оқу-ағарту министрі, қазіргі Мәжіліс депутатының мұғалім мәртебесі туралы заңға енгізген өзгерістері Үкіметтің қарауына жіберілді. «Ұстаздар мобилограф, блогер, күзетші, іс жүргізуші немесе чат модераторы болуға міндетті емес», – деді депутат. Ұсынылған заң жобасының басты мақсаты мұғалімдердің жүктемесін азайтып, тек педагогикаға қатысы бар міндеттерді қалдыру. Бірінші кезекте мұғалімдер енді қағаз және электронды есепті қатар тапсырмайды. Цифрлы құжат жеткілікті. Мәліметтер тек бір рет енгізіліп, артық жүктемеден арылтады. Сондай-ақ әлеуметтік желі мұғалімнің еркіндегі мәселе болмақ. Instagram, Facebook парақшаларын жүргізуге, сабақтағы суреттерді желіге жариялауға ешкім мәжбүрлей алмайды. Барлық ресми ақпарат алмасу…

Толық оқу

Қоғам белсендісі Ғалым Байтук өзінің Фейсбуктағы парақшасында қоғамд кедейшілік дендеп алғанын ашық айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол елімізде байлық пен кедейліктің арасы алшақтап бара жатқанын және Қазақстанның жалпы ішкі өнімін халыққа шаққанда 12 мың доллардан сәл жоғары болғанымен қарапайым адамның күнделікті тұрмысында бұл байлық сезілмейтінін тілге тиек етеді. – Халқы 20 миллионға жуық және жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші 12 мың доллардан сәл асатын ел үшін активі 5 млрд доллардан жоғары бірнеше адамның болуы – үлкен аномалия. Әсіресе халықтың басым бөлігі айына 150-200 мың теңгенің шамасында табысқа күнелтіп, әрбір үшінші отбасының қарызы мен несиесі бар екенін ескерсек. Қазақстанда бүгінде байлығы…

Толық оқу