Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жергілікті бизнес өкілдері және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталовпен кездесті. Жиында шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерді қолдау шаралары және өңірге инвестиция тарту мәселелері талқыланды,- деп хабарлайды Ertenmedia Өңір басшысының айтуынша, шағын және орта бизнес әлі де экономиканың маңызды қозғаушы күші болып қала береді. Бүгінде облыста 150 мыңға жуық кәсіпкер жұмыс істейді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға көп. Саладағы жұмыспен қамтылғандар саны 8,4%-ға өсіп, 261 мың адамды құрады. 2025 жылдың I тоқсанында ШОБ 994,5 млрд теңгенің өнімін өндірді (+23,4%), ал қаңтар–маусым аралығында салық түсімдері 34,5%-ға артып, 150,6 млрд теңгеге жетті. 2025 жылы…
Автор: editor
Қазақстан биыл мектепке баратын бала саны жағынан бұрын-соңды болмаған межеге жетпек деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейінгі 3,9 миллион оқушыға биыл тағы 200 мың бала қосылады. Әдетте тамыз туа «баланы қайда сыйдырамыз?» деген сауал алдымыздан шығатыны белгілі. Министр Ғани Бейсембаев осыған алдын ала қам жасапты. Биыл қыркүйектің алғашқы күні ел бойынша 83 су жаңа мектеп ашылады. Мұның өзі 115 мың баланың мектеп партасына еркін жайғасуын қамтамасыз етпек. Министр мұнымен шектелмей, жыл соңына дейін тағы 111 мектепті іске қосып, қосымша 140 мың балаға жағдай жасайтынын айтып отыр. Қазірдің өзінде ел аумағында жаңадан бой көтеріп жатқан 232 мектеп келер ұрпаққа есігін айқара ашуға…
Қазақстандағы тұңғыш АЭС-те жұмыс істейтін мамандарды Ресейдің «Росатом» корпорациясы дайындамақ. Компания станцияда жұмыс істейтін 2 мыңға жуық қазақстандық маманға атом энергетикасының қыр-сырын үйретеді деп хабарлайды Ertenmedia. Ресейлік Техникалық академия ректоры Юрий Селезневтің айтуынша, АЭС мамандарын даярлау жұмысы станция іске қосылмастан бес жыл бұрын басталады. Жоспар бойынша Қазақстандағы алғашқы АЭС 2035–2036 жылдары пайдалануға берілуі тиіс. Станция толықтай Қазақстан меншігінде болады және оны қазақстандық мамандар басқарады. «АЭС-те жұмыс істейтін қызметкерлерді даярлауға арналған оқу-жаттығу орталығын да біз жасап береміз. Бұл біздің негізгі жұмыс бағыттарымыздың бірі», – деді Селезнев. Жалпы, «Росатомның» техникалық академиясы бұған дейін де шетелдік атом станцияларына маман дайындаумен айналысып келген. Қазақстандағы…
Әлемдік агроазық-түлік нарығының инвесторлары мен қатысушылары үшін Қазақстан аймақтық тұрақтандырушы күш әрі жаңа мүмкіндіктер орталығы ретінде танылды,- деп хабарлайды Ertenmedia Қазіргі геосаяси тұрақсыздық, климаттың өзгеруі және жеткізу тізбектерінің әлсіздігі жағдайында азық-түлік қауіпсіздігі әлем елдері үшін басты басымдыққа айналды. Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет әрі өсіп келе жатқан аграрлық держава ретінде Қазақстан бұл міндетті жедел шешу мақсатында агроазық-түлік секторын кешенді жаңғыртуға кірісті. Мақсат – ішкі нарықты азық-түлікпен толық қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетті арттыру және әртараптандыру мен орнықты даму арқылы ұзақ мерзімді тұрақтылыққа қол жеткізу. Соңғы жылдары Қазақстан ауыл шаруашылығы саласын түбегейлі трансформациялауға бағытталған және бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жергілікті өндіріс,…
Қытайдың танымал автомобиль бренді JETOUR Auto Астана төрінен ТМД-дағы алғашқы флагмандық салонын ашты. Бұл компанияның Орталық Азия нарығындағы стратегиясының маңызды қадамы деп хабарлайды Ertenmedia. Астананың дәл орталығында орналасқан 2000 шаршы метрлік кең әрі заманауи шоурум Хан Шатыр мен «Астана Опера» театры секілді белгілі нысандарға жақын маңда тұр. Компания өкілдерінің айтуынша, автосалон тұтынушыларға жоғары деңгейдегі сервис пен қолайлы қызмет ұсынуға бағытталған. Жаңа флагмандық орталықта JETOUR көліктерінің барлық модельін тамашалауға, сынақтан өткізуге және арнайы кеңес алуға болады. Сонымен қатар автокөлік иелеріне сатудан кейінгі сапалы қызмет көрсететін арнайы алаңдар да қарастырылған. Қазақстан нарығына енгеніне небәрі екі жыл болса да, JETOUR брендінің танымалдығы күн…
Жыл басынан бері Қазақстан халқының саны 100 мың адамға артқан. Дегенмен, елдегі демографиялық өсу әр өңірде әртүрлі қарқынмен жүріп жатыр. Ерекше назар аударуды қажет ететін бірнеше тренд бар деп хабарлайды Ertenmedia. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел халқының саны 2025 жылдың 1 шілдесіне қарай 20 миллион 380 мың адамнан асқан. Қала тұрғындарының саны 13 миллионға жуықтаса, ауылда 7,5 миллионға тарта адам тұрып жатыр. Жарты жыл ішінде Қазақстанда 161 мыңнан астам бала өмірге келсе, 64 мыңнан аса адам қайтыс болған. Бұл табиғи өсім шамамен 97 мың адам деген сөз. Әдеттегідей, бала туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында…
Алматы облысы, Іле ауданы Өтеген кентіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден шыққан өрт әп-сәтте қауіпті жағдайға айналып, тұрғындардың өміріне тікелей қатер төндірді. Осындай сын сәтте Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жоғары кәсіби шеберліктің, жанқиярлықтың нақты үлгісін көрсетті. Жалынның аумағы 50 шаршы метрге жеткенімен, құтқарушылардың үйлесімді әрі батыл әрекетінің арқасында ол қысқа уақыттың ішінде оқшауланып, толық сөндірілді. Қалың түтін мен аптап ыстыққа қарамастан, өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері автосатыны пайдаланып, пәтерлерден 7 адамды құтқарып қалды. Оның ішінде бес бірдей баланың аман алып шығуы – оқиғаның ең үлкен жетістігі. Бұл – кәсібіне адалдық танытып, әрбір сәтті есепке алған өрт сөндірушілердің…
Польша билігі дипломатиялық мәртебесі бар қазақ азаматын тыңшылық жасады деген айыппен тұтқынға алды. Бұл туралы бірқатар БАҚ дереккөзге сілтеп хабарлады деп жазады Ertenmedia. Даудың дәл ортасында қалған дипломат Қазақстанның Украинадағы елшілігінде әскери атташе көмекшісі қызметін атқарған. Польшаның ішкі қауіпсіздік агенттігінің (ABW) мәліметінше, күдікті наурыз бен шілде аралығында Варшава мен Быдгощ қалаларында астыртын әрекет еткен. Ресми Варшаваның пайымынша, қазақ дипломаты елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін құпия мәліметтерді жинаумен айналысқан. Әсіресе, НАТО альянсының әскери инфрақұрылымына қатысты ақпараттарды астыртын жолмен қолға түсірмек болған екен. Дипломаттың тұтқындалуы 30 шілдеде жүзеге асып, Варшава аудандық соты оны үш ай мерзімге қамауға шешім шығарған. Дегенмен күдікті өзіне…
Жамбыл облысы Талас ауданына қарасты Көктал ауылында ұзақ жыл бойы өгей әкеден қорлық көрген балалардың оқиғасы өңірдегі заң мен тәртіптің ахуалынан хабар бергендей. Қазір бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды деп жазады Ertenmedia. Контексті айта кетейік… Осыдан бірнеше күн бұрын малды өріске шығарған үш ағайынды үйге оралмай, ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Анасы полицияға арызданғасын, іздеу салынған балалар Алматыдан табылған. Олар туған әкесі мен аналарының әпкесін паналауға мәжбүр болған. Кейіннен ағайындылар Тараздағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендерді қабылдайтын орталыққа жеткізілген. Белгілі болғандай, олар өгей әкесінен 5 жыл бойы зәбір көріп келген. Жасөспірімдерді ұрып-соғып, телефондарын тартып алып, күнделікті мал…
Treads-те 600 мың теңгелік торттың төңірегіндегі дау толастамай тұр. Астаналық кондитер Нұршат Ақбергенова мен Әселина Батыр дейтін блогердің арасындағы батл елді екіге жарған жайы бар деп жазады Ertenmedia. Нұршат Ақбергенова блогердің тапсырысымен туған күн кешіне салмағы 18 келі болатын ерекше торт әзірлеген. Бір апталық еңбектің нәтижесінде торттың бағасы 600 мың теңгеге шыққан. Алайда кондитер тапсырыс берушіден алдын ала алған 100 мың теңгеден басқа ақшасын ала алмай жүр. «Материалдарға ғана өз қалтамнан 440 мың теңге жұмсадым, әр тиынының чегі қолымда тұр. Торттың сапасына, жасалуына ешкімнің шағымы болған жоқ. Бірақ тапсырыс беруші еңбегімді елеген жоқ. Бір апта бойы төрт адам еңбек еттік. Қазір…
