Автор: editor

Бағанашылдағы балалар үйінің төңірегіндегі даудан соң Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен Ішкі саясат басқармасының жетекшісі Ерік Әбітов қызметінен босатылды деп хабарлайды Ertenmedia. Шенеуніктер жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз жазған. Даудың басы Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін басқа жаққа көшіру әрекетінен басталған. Жетім балаларды Қонаевтағы жаңа ғимаратқа көшіруге тырысқан шенеуніктердің әрекеті қоғам наразылығын тудырып, мәселе Президент деңгейіне дейін жеткен-тұғын. Дереккөздердің айтуынша, Салтанат Беспаева бұған дейін қызметінде өрескел қателікке жол бермеген. Ал Ерік Әбітов ақпараттық жұмыстарды дұрыс үйлестіре алмай, аймақ басшылығын ыңғайсыз жағдайға қалдырған. Мәселе Тоқаевқа жеткеннен кейін екі шенеунік те жауапкершілікті өз мойнына алған. Аймақтағы ақпараттық саясат пен…

Толық оқу

«ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) бен Венгрияның MOL Group компаниясы арасындағы стратегиялық серіктестіктің аясында, Қазақстан мұнайының алғашқы партиясы Хорватиядағы Омишаль портына жеткізілді деп хабарлайды Ertenmedia. Мұнайдың көлемі 85 мың тонна. «ҚазМұнайГазға» қарасты «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық компаниясының «Алатау» танкері мұнайды Новороссийск портынан жөнелтіп, Адриатика теңізі арқылы Хорватияға жеткізген. Одан әрі JANAF компаниясы Адриатика құбырымен мұнайды Венгрияға жөнелтеді. Танкер Омишаль портына келген соң, ҚМГ, MOL және JANAF өкілдері кездесіп, алдағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жолдарын талқылады. Кездесу нәтижесінде ҚМГ мен MOL Group арасында мұнай жеткізу бойынша негізгі келісімге қол қойылды. «Бұл келісім бүкіл Орталық және Шығыс Еуропа өңірі үшін маңызды оқиға. Біздің ұстанымымызды айқын көрсетеді: біз сенімді…

Толық оқу

Алматы облысында 2025–2026 жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда,- деп хабарлайды Ertenmedia Акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізіліп, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық барысында қолдау көрсетуге бағытталған. Ағымдағы жылы «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан 60 948 балаға қолдау көрсету үшін 2,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Әр балаға 46 228 теңге мөлшерінде көмек қарастырылған. Бұл сома соңғы үш жылдағы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,5 есе артық. Барлық төлемдер 20 тамызға дейін ата-аналардың шоттарына аударылады. Мемлекеттік көмектен бөлек, акция аясында қайырымдылық жәрмеңкелері ұйымдастырылып, демеушілер есебінен киім-кешек…

Толық оқу

2025 жылы жұмыссыз жастар мен NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 50 831 жасты осы жоба аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia «Облыс бойынша жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалармен 128 636 жасқа кеңес берілді. Өңірде биылғы жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша 15-34 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,9% құрады. Ал, NEET санатындағы жастар көрсеткіші 5,8%-ға төмендеді. Биыл «Серпін-2050», «Мәңгілік ел жастары — индустрияға» сынды мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында еліміздегі 8 жоғары оқу орнының өкілдері арнайы келіп, аудандарда мектеп…

Толық оқу

Қазіргі заманғы құқықтық жүйе жаңа тәсілдерді талап етуде. Дауларды тек сот арқылы шешу – уақыт пен қаражатты көп қажет ететін, кәсіпкерлер үшін тиімсіз механизмге айналып отыр. Осы тұста медиация – яғни бейбіт, келіссөз арқылы дауларды реттеу тетігі – өзекті әрі тиімді шешім ретінде алдыңғы қатарға шығып келеді. «Қазақстан темір жолы», BІ Group және басқа да ірі ұлттық және жекеменшік компаниялар соңғы жылдары соттан тыс дауларды шешу жолын жиі пайдаланып келеді. Бұл олардың құқықтық дауларды шешудегі жауапкершілікті әрі стратегиялық көзқарасқа негізделген таңдауын көрсетеді. Ірі компаниялар тәжірибесі көрсеткендей, медиация – бұл әлсіздердің емес, ақылды, уақытын бағалайтын, қарым-қатынасты қадірлейтін компаниялардың таңдауы. Бүгінгі таңда…

Толық оқу

Елімізде бүгін, 5 тамыз – Медиация күні аталып өтіледі. Қоғамда дау-дамайсыз келісімге келудің мәдениеті ретінде қалыптасып келе жатқан бұл институтқа биыл 14 жыл. Осы аралықта медиация саласында қандай өзгерістер болды? Кәсіби және қоғамдық медиатордың айырмашылығы неде? Бұл сұрақтарға Астана Халықаралық университеті Заң жоғары мектебінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Жанар Үсіпбекова жауап берді,- деп хабарлайды  Ertenmedia  «Baq.kz»-ке сілтеме жасап. — Жанар Жолдасбайқызы, оқырмандарға түсінікті болу үшін: медиатор кім және ол қандай қызмет атқаратынын түсіндіріп өтсеңіз? Медиатордың қоғамдағы рөлі қандай? — 2011 жылы 5 тамызда «Медиация туралы» заң қабылданды. Осы 14 жыл ішінде көп жұмыс атқарылды. Медиатор дегеніміз – жеке тұлға.…

Толық оқу

Елімізде медициналық қызмет бағасы өсіп барады. Energyprom сарапшыларының есебінше, бір жылдың ішінде қарапайым дәрігер қабылдауының өзі 22 пайызға қымбаттаған деп жазады Ertenmedia. Жыл басынан бері ақылы медицинаның бағасы жалпы алғанда 16,1 пайызға көтерілген. Әсіресе зертханалық сараптама мен медициналық тексерулер бағасы (21,5 пайыз) және алғашқы дәрігерлік қабылдау (19,5 пайыз) құны күрт артқан. Бұдан бөлек, мамандар кеңесі 8,6 пайызға, ал стоматологиялық қызмет 12 пайызға қымбаттаған. Дегенмен, дәрігер қабылдауы мен анализдердің бағасы көтерілгенімен, медициналық мекемелердің халық пен компаниялардан түсетін табысы 2025 жылдың бірінші тоқсанында 1,5 пайызға төмендеген. Сарапшылар мұны ауруханалар табысының бірден 39,4 пайызға қысқаруымен түсіндіреді. Табыстың төмендеуіне мемлекет пен МӘМС қорының медициналық…

Толық оқу

Мыңдаған сайт, миллиардтаған айналым, том-том қылмыстық іс. Бүгінгі таңда қазақстандық ойын нарығының ішкі жағдайы дәл осындай. Бұл мәселені аз да болса бақылауда ұстау үшін Қаржылық мониторинг агенттігі бірқатар мемлекеттік органдармен тұрақты түрде жұмыс істеп және де тиісті шараларды қабылдап келеді. Мәселен жыл басынан бері заңсыз құмар ойындары бар 15 мың сайт бұғатталды, жалпы айналым 2,3 млрд теңгені құрайтын 12 онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды, 10 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде онлайн-казино мен лотерея жарнамасы үшін 156 әкімшілік хаттама жасалып, 113 адам жауапқа тартылды, олардың ішінде блогерлер де бар. Маңғыстау облысында 2000-ға жуық адамның қатысуымен 162 млн теңгеге «лотерея» ұйымдастырған блогерге қарсы…

Толық оқу

Үкімет Маңғыстау туристік аймағын дамытудың кешенді жоспарын бекітті деп хабарлайды Ertenmedia. Президент Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған бастама алдағы бес жылды қамтиды. Жоспарға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған. Құжат бойынша, 2025–2029 жылдары өңірде жүзден астам іс-шара атқарылады. Туризмнің түйткілін тарқататын 9 бағыт айқындалған: инфрақұрылым, логистика, цифрландыру, қауіпсіздік мәселелері, кадр даярлау және инвестор тарту соның негізгілері. Үкіметтің хабарлауынша, өңірдегі туризмнің тынысын ашатын негізгі нысан Кендірлі аймағы болмақ. Мұнда инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, туристік орындарға электр қуаты мен су жеткізіледі. Жол қатынасы реттеледі. Бұған қоса, Кендірлі ауылында инвесторлар мен эко-белсенділердің ұсынысымен әуежай салынбақшы. Ақтауда халықаралық деңгейдегі теңіз вокзалы мен заманауи стадионның құрылысы қолға алынады.…

Толық оқу

ERG корпорациясының төңірегінде тартыс қыза түскендей… Алып компанияны дамытуды көздеген Шухрат Ибрагимовтың жолын кесіп, елдің байлығына қол салғысы келетіндер ашық күреске шықты. Олар ескі заманды көксейтін Патох Шодиев пен оның айналасы… Патох Шодиевтің бар ойы мемлекет арқа сүйеп отырған кәсіпорындар мен активтерді арзанға сатып, ақшаны шетел асыру. Бұдан кейін өзі, қызы, құдасы, күйеу баласы бәрі-бәрі Лондонның шырайлы көшелерінде шалқып өмір сүруді ғана ойлайды. Бірақ Шодиевтің көксегені бола қоймас. Жас менеджер Шухрат Ибрагимов дәл осы қасіретке қарсы күресуде. Ол корпорацияның ресурсын акционерлерге дивиденд таратпай, өндірісті жаңғыртуға, жұмысшының жалақысын көтеруге бағыттауды таңдап отыр. Алайда дәл осы адамгершілікке Патох Шодиев миы жетер емес.…

Толық оқу