Автор: Асылхан Бөрібай

Украиналық дрондар Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Новороссийск қаласындағы кеңсесіне жойқын соққы жасады деп хабарлайды Ertenmedia. 24 қыркүйекте КҚК әкімшілік ғимараты жаппай дрон шабуылына ұшырап, компания кеңсесімен қатар жақын маңдағы тұрғын үйлер мен қонақүй де зақымдалған. Компанияның ресми мәлімдемесіне сәйкес, оқиғадан КҚК-ның екі қызметкері жараланып, дереу ауруханаға жеткізілді. Кеңсенің жұмысы уақытша тоқтатылып, қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілген. Бұдан бөлек, ғимаратта КҚК-ға қатысы жоқ азаматтар да ауыр жарақат алған. Краснодар өлкесінің жедел штабы кейінірек нақтылағандай, шабуыл салдарынан екі адам қаза тауып, алты адам жарақаттанған. Құлаған дрондардың сынықтары тиіп, бір ғимаратта шыққан өрт әлі де ауыздықталмаған. 20 автокөлік зақымданып, оның үшеуі толық жанып кеткен.…

Толық оқу

Қазақстан бір ғана 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 965 миллион кибершабуылға ұшыраған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров мәлім етті деп хабарлайды Ertenmedia. Оның айтуынша, осы шабуылдардың 3,5 мыңнан астамы елдің стратегиялық маңызды нысандарына бағытталған. Әлемжеліде де тұрақты түрде ақпараттық шиеленіс тудыратын әрекеттер жиілеп кеткен. «Қазақстанға жасалып жатқан кибер және ақпараттық шабуылдар жүйелі сипат алды. Бір анығы мұндай шабуылдың артында қомақты қаржы тұрғаны. Мүмкін, сіздер анықтай алмай жүрген қылмыстық ақшаның бір бөлігі дәл осы мақсатқа бағытталып жатқан шығар», – деді Сайыров мәселені «ескі Қазақстанға» сілтеп. Депутат Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтен, осыған байланысты халықаралық деңгейде жасалған келісімдердің тиімділігі жайлы…

Толық оқу

28 қыркүйекте Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі сөре – Almaty Marathon өтеді. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастырып отырған жарыс биыл он төртінші рет Республика алаңынан басталып, 60-тан астам елден келген 16 000 атлетті біріктіреді. Осы жылы екі рекорд тіркелді: 1200-ден астам шетелдік қонақ қатысқалы отыр, ал 42,2 шақырым марафондық қашықтыққа 1500 адам өтінім берді. Республика алаңынан басталған жүгіру бағыты әл-Фараби даңғылы бойымен созылып, қатысушылар асқар Алатаудың әсем бейнесін тамашалай алады. Жол бойында Тұңғыш Президент саябағы, Ботаникалық бақ және қаланың тарихи маңызы зор басқа да көрікті орындары орналасқан. Қатысушыларға бірнеше таңдау бар: марафон 42,2 км, жартылай марафон 21,1 км,…

Толық оқу

Елордада нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесімен күреске арналған кешенді жоспар шеңберінде айлық жалғасып жатыр. Осы аясында IT-университетінде студенттермен арнайы кездесу өтті. Прокуратура мен полиция өкілдері жастарға есірткінің денсаулыққа, өмірге және болашаққа тигізер ауыр зардаптарын жан-жақты түсіндірді. Әңгіме тек медициналық зиянмен шектелмей, есірткі қолдану мен сақтаудың заңдық салдарына, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке де ерекше мән берілді. Спикерлер жастарға «Әр адам өз жолын таңдайды. Ең бастысы, ол жол салауатты өмірге, дамуға және табысқа жетелейтін бағыт болуы тиіс» деген ойды жеткізді. Кездесуге Астана қалалық ІІБ Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға уәкілі, полиция подполковнигі Әлия Қибатқызы, Есіл аудандық…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысында бюджетке 1,8 млрд теңге қарыз болған «Baystone» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Ertenmedia. «Орал апталығы» басылымының ақпаратына сәйкес «Baystone» компаниясы әлеуметтік-көкөніс тұрақтандыру қорына жүздеген миллион теңгеге картоп жеткізуі тиіс болған. Оған қоса мемлекеттен тағы бір миллиард теңге көлемінде қаражат алып, ірі көкөніс қоймасын салуға міндеттенген. Алайда аймақта жаңа қойма да, жеткізілетін картоп та жоқ. «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мәліметінше, бөлінген қаржы түгелдей дерлік компания иелерінің жеке мүддесіне жұмсалған. Осыған байланысты Орал қаласының соты «Baystone» компаниясынан 1,8 миллиард теңгені мемлекетке қайтаруды талап етті. Қазіргі уақытта компанияның банк есепшоттары мен мүлкі тұтқындалған. Компанияға қатысты тағы бір күдік мемлекет…

Толық оқу

Алматыда инженерлік инфрақұрылымды су құбыры мен кәріз жүйесін, жылу және электрмен жабдықтауды, газ желілерін әрі көше жарықтандыруды жаңарту бойынша кешенді бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Әкім орынбасарының айтуынша, бүгінде «Ақсай», «Ерменсай» суқабылдау нысандары салынып, «Барлық» жобаланып жатыр. Бұл 245 мыңнан астам тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қашықтыңы 34,9 шақырым болатын Батыс коллекторының құрылысы аяқталуға жақын. Соның нәтижесінде Алатау және Наурызбай аудандарының 150 мың тұрғыны орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Жаңғырту жұмыстары жылу желілерін де қамтиды: биыл 37 шақырым құбыр жаңартылып, 17 коммуналдық…

Толық оқу

Ресей президенті әкімшілігіндегі соңғы кадрлық ауыс-түйістер Мәскеудің аймақтық геосаяси ойын ережесін қайта құрып жатқанын айқын көрсетеді. Украинамен соғысты қолдамаған Дмитрий Козак өз еркімен қызметінен кеткеннен кейін, ішкі-сыртқы саясатқа «дирежерлік» етуді Сергей Кириенко толықтай өз қолына алғандай… Ол Кремльдің «жұмсақ күш» пайдаланып, ТМД кеңістігіндегі электоралдық процестерге ықпал етуді көздеп отыр. Кириенконың саяси биографиясы дағдарысты басқару мен құрылымдық лоббилерді үйлестірудің хрестоматиялық үлгісі десек болады. 1998 жылғы қысқа мерзімді премьерліктен кейін ол «Росатомда» корпоративтік басқару мәдениетін орнықтырып, кейін Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары ретінде Ресейдің ішкі саясатын «жобалық офис» логикасына көшіргенін білеміз. Соңғы жылдары ол оккупацияланған аумақтарды «институционализациялау» жобаларына куратор болып, «сайлау өткізу», «әкімшілік…

Толық оқу

Олигарх Болат Өтемұратовқа тиесілі ForteBank қаржы нарығында көптен күтілген келісімді түпкілікті аяқтады: Home Credit Bank толықтай ForteBank құрамына өтті деп хабарлайды Ertenmedia Қазақстан қор биржасына (KASE) сілтеп. Маусым айында екі банк арасында барлық акцияларды сатып алу туралы келісім жасалғаны хабарланған болатын. 13 қыркүйекте Болат Өтемұратов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен (ҚНРДА) Home Credit Bank-тің ірі жанама қатысушысы болуға ресми келісім алды. Осылайша, ForteBank-тің банктік холдинг мәртебесіне ие болуына да реттеуші рұқсат берді. Бастапқы кезеңде қос банк өз атауын сақтап, қатар жұмыс істейді деген болжам болғанымен, кейін ForteBank акционерлерінің күн тәртібіне Home Credit Bank-ті толық қосып алу мәселесі қойылды. Home…

Толық оқу

Ұлттық компаниялардың екінші тоқсандағы қаржылық көрсеткіштері қоғамда үлкен талқылау туғызуда. 2025 жылдың II тоқсанында ұлттық компаниялардың жиынтық табысы 1,22 трлн теңгеден 1,53 трлн теңгеге өсіп, 25 пайыздық өсім көрсеткен. Бірақ бұл өсімнің астарында халыққа түсінікті қарапайым шындық бар – компаниялар көп сатқанымен, табысы мардымсыз болып тұр. Табыстың мардымсыз болуына шығындардың да өскені әсер еткен. Өндірістік шығындар бір тоқсанда 1,27 трлн теңгеге жетіп, 12 пайызға көбейген. Ал рентабельділік көрсеткіші 58,1 пайыздан 39,2 пайызға құлдырап, салыққа дейінгі пайда 28 пайызға азайып, небәрі 677 млрд теңгені құраған. Демек, статаистика миллиондап бонус алатын менеджерлерің жұмысы тиімсіздігін көрсетіп отыр. Отандық компаниялар сырттай ірі болып көрінгенімен,…

Толық оқу

Өзбекстан мен Тәжікстан өз мүдделерін қатаң қорғап, букмекерлік бизнес пен оған қатысты қаржылық ағымдарды бір орталықтан реттеуді ұсынған Умар Кремлевтің (Лутфуллоев) бастамасынан бас тартты деп жазады Ertenmedia. Екі ел де деректердің көршілес мемлекеттің арнайы қызметтерінің қолына өтіп кету қаупін түсініп, ұлттық бақылау тетіктерін дамытуды жөн көрді. Соңғы жылдары Кремлев Орталық Азиядан шықпай жүр. Ол Ташкентте кеңестік боксшыларға ескерткіш ашып, Душанбе қаласында жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, өзбек олимпиадашыларына қомақты сыйлықтар үлестірді. Бірақ мұның бәрі оның түпкі мақсатын іске асыруға көмектеспеді. Ол аймақтың букмекерлік нарығын бақылауға алып, Ресейдің үстемдігін орнатуға талпынған еді. Кремлевке жақын дереккөздердің бағалауынша, оның Орталық Азия аймағын аралауына 3…

Толық оқу