Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Бұқар жырау ауданының Баймырза ауылында жаңа ерікті өртке қарсы пункттің ашылуына қатысты. Іс-шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ақсақалдар, олармен қатар 94 жастағы тыл еңбеккері Абюр Садықов және жергілікті тұрғындар қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia Пункттің ашылуы «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өтті. Ауыл еріктілері өрт сөндіру техникасымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген, бұл жабдықтар ведомство тарапынан жергілікті атқарушы органдардың балансына беріледі. Ғимаратта душ, демалу бөлмесі, ас үй және әкімшілік бөлмелер бар. Жаңа пункт екі елді мекенді қамтып, 2000-нан астам адамды өрт қауіпінен қорғайтын болады. «Бүгін Баймырза ауылында жаңа ерікті өртке қарсы құралым…
Автор: Асылхан Бөрібай
Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде қаражат жинаған «Ақжайық» қайырымдылық қорының қызметіне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұған дейін облыстық прокуратура Бас прокуратурамен келісе отырып, қордың қызметіне тексеру жүргізуді бастаған болатын. Қазіргі кезде тексеру уақытша тоқтатылып, істі Антикор қолға алды. Тергеудің нақты себебі әзірге ашық айтылған жоқ, дегенмен прокуратураның мәліметінше, тергеу бастауға азаматтардан түскен арыз-шағым немесе тексеру барысында анықталған заңсыздық негіз болуы мүмкін. «Ақжайық» қорының басшысы Тілекқабыл Имашев тексерістен қауіптеніп отырмағанын айтып, Антикор жиналған қаржының мақсатты жұмсалуын тексеріп жатқанын жеткізді. – Біреу арыз жазған шығар, алайда бізде ешқандай қобалжу жоқ, – дейді Имашев. Айта кету…
Қазақстан Үкіметі Ақтау қаласында Ресей Федерациясының Бас консулдығын ашу туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Ertenmedia. 2025 жылғы 10 қыркүйекте бекітілген келісімге Қазақстан атынан премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қол қояды. Жаңа консулдықтың аумағына Маңғыстау облысы кіреді. Бұған дейін өңір Ресей Федерациясының Қазақстандағы Орал қаласында орналасқан Бас консулдығына қарасты еді. Ақтаудағы жаңа Бас консулдық ашылғаннан кейін Маңғыстау облысының аумағы Оралдағы консулдық округінен алынып, Ақтаудың қарамағына өтеді. Ресейдің Ақтауда консулдық ашу жоспары алғаш рет 2022 жылдың шілдесінде айтылған. Сол кезде Ресей Сыртқы істер министрлігінің консулдық департаментінің директоры Иван Волынкин Ақтаудағы консулдық ресейлік туристердің көбеюіне байланысты ашылатынын, сонымен қатар Беларусь, Мексика…
Шерзат Болаттың өліміне қатысты жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеев Талғар ауданының әкімдігіне арнайы ұсыныс жолдады. Ол жасөспірімнің есімін қаладағы көшелердің біріне беруді ұсынып отыр деп хабарлайды Ertenmedia Шекеевтің айтуынша Талғар қаласындағы Менделеев немесе Руставели көшесінің бірі Шерзат Болаттың есімімен аталуы мүмкін. «Шерзат ақын да, жазушы да емес еді. Бірақ оның қайғылы тағдыры қоғамды оятып, әділеттілік үшін күрестің символына айналды. Оның есімі халықтың есінде қалуы тиіс деп санаймын», – деді адвокат. Шерзаттың қазасы қоғамда үлкен резонанс туғызған еді. Оның ісі тек құқық қорғау органдарының қызметі тұрғысынан ғана емес, жалпы адам құқықтары мен әділеттілік мәселесі ретінде кеңінен талқыланды. Әсіресе жастар…
Жаңа Салық кодексіне сәйкес, елімізде 1 мыңнан аса бизнес түрі жеңілдетілген салық жүйесінен айырылуы ықтимал. Бұл туралы депутат Айтуар Қошмамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Ertenmedia. Оның айтуынша, бүгінде жаңа қабылданған Салық кодексіне қатысты 230-дан астам қосымша құжат пен ереже қарастырылып жатыр. Қазір негізгі мәселе қандай бизнес түрлерінің жеңілдетілген жүйемен жұмыс істей алатынын анықтау. «Үкімет жеңілдетілген режиммен жұмыс істеуге болатын небәрі 40 бизнес түрін ғана ұсынды. Ал қалған 1100-ден аса қызмет түріне мұндай мүмкіндік берілмейді екен. Біз бұған қарсымыз», – деді Қошмамбетов «Respublica» партиясының форумында сөйлеген сөзінде. Депутат мысал ретінде креативті индустрия саласын келтірді. Оның айтуынша, театрлар, кинотеатрлар мен музейлер қызметін…
Алматы облысындағы әйгілі Көлсай көлдері енді аспалы арқан жолымен жалғанады. Жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын жобаны жеке инвестор қаржыландырады хабарлайды Ertenmedia. Жоспар бойынша, бірінші және екінші Көлсай көлдерін ұзындығы 6,3 шақырымдық аспалы жол жалғайтын болады. Қазір жоба шетелдік мамандардың қатысуымен жобаланып, отандық инвесторлардың жетекшілігімен іске асырылуда. «Аспалы жол құрылысына қажетті тіреуіштер үшін алдын ала 43 орын белгіленді. Жоба екі кезеңмен жүзеге асады. Бірінші кезеңде 3,5 шақырым, екінші кезеңде 2,8 шақырым аспалы жол салынады», – делінген әкімдік жауабында. Әкімдік жобалау кезінде жергілікті жердің табиғи ерекшелігі мен экологиялық талаптар басты назарда болатынын атап өтті. Дегенмен, жобаны жүзеге асыру барысында бірқатар мәселе…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтап, осы мерекенің маңызына тоқталды деп жазады Ertenmedia. Мемлекет басшысы отбасы ұғымы халқымыз үшін қастерлі әрі қасиетті екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, отбасы – тұлғаның тәрбиесі қалыптасып, алғашқы патриоттық сезімі мен еңбекқорлық қасиеті оянатын орта. «Бұл ерекше мереке халқымызды мейірімділік пен қамқорлыққа, бірлік пен өзара көмекке үндейді. Біздің қоғам осы құндылықтарды бағалай отырып, оларды барынша қорғап, дәріптеп, нығайтуға тиіс. Қазақ халқының байырғы салт-дәстүрлері мен қазіргі заманауи өмірдің үйлесімі арқылы отбасы құндылығын насихаттау бәріміздің ортақ міндетіміз», – деді Президент. Сондай-ақ, Тоқаев ата-ананың отбасындағы орны ерекше екенін тілге тиек етті. Ол қазақ халқы үшін шаңырақтың ұйытқысы…
Түркістан қаласында Орта Азияда теңдесі жоқ спорт кешендері бар «Ескек есу» арнасы ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «спорт инфрақұрылымын дамыту мен жаңа кешендерді салу» жөнінде нақты тапсырмалар берді. Осы бағытта облыста 112 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, жастардың болашағына салынған инвестиция, тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға жасалған нақты қадам, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бірегей спорт нысанының ашылу салтанатына орай «Turkistan Water Fest & Sky Lights» атты ауқымды мәдени-спорттық іс-шара өтті. Салтанатты шараға арнайы келген ҚР Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов, Есу спорты түрлері бойынша…
Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын жаңғырту мен ауылдық медицина жүйесін күшейту бағытында нақты қадамдар жасалып жатыр. Соңғы жылдары өңірде ауруханалар мен емханаларды жаңарту жұмыстары жүйелі сипат алып, бұл жолы Сайрам ауданындағы екі ірі медициналық нысанда күрделі жөндеу басталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев Сайрам ауданына барып, құрылыс барысын өз көздерімен көрді. Жоба аясында аудандық аурухана толық жаңартылып, көпбейінді медициналық орталыққа айналмақ. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде іске асып жатқан нысан құрылысын «КазЭвро» серіктестігі жүргізіп отыр. 100-ден астам…
Түркістан қаласында қысқы маусымға дайындық жүйелі әрі жоспарлы түрде жүріп жатыр. Қаланың барлық жылу нысандары мен инфрақұрылымы кезең-кезеңімен тексеріліп, жөндеуден өтуде. 18 жылу қазандығы мен 55 шақырымнан астам жылу желісі қысымдау және шаю жұмыстары арқылы дайындықтан өткізілді. Қажетті отын қоры жасақталып, табиғи газ жеткізу кестесі бекітілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеров өңір орталығындағы жылыту жүйелерінің дайындығын арнайы тексеріп, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді. Әкімнің айтуынша, қысқа дайындық – тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сапасының басты кепілі. Әрбір әлеуметтік нысан, мектеп, аурухана және көпқабатты үйдің жылуға уақытылы қосылуы – жергілікті…
