Елордадағы №6 мектепте прокуратура өкілдері мен танымал қазақстандық актер Дәурен Серғазиннің қатысуымен түлектерге арналған профилактикалық кездесу өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиын «Заң және тәртіп» және «Жас үміт» жобалары аясында ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін күшейту, азаматтық жауапкершілігін арттыру және өмір жолын саналы таңдауға бағыт беру. Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері түлектерге құқықтық тәртіптің негізгі қағидаларын, заңды сақтаудың маңызын және адам өміріндегі адамгершілік ұстанымдардың орнын түсіндірді. Оқушыларға болашақ мамандықты таңдау жөнінде де кеңес беріліп, құқықтану бағытының қыр-сыры таныстырылды. Сарыарқа ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Қасымжомарт Бейсенбай мұндай кездесулердің мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына құқықтық мәдениет сіңіру екенін айтты. Оның…
Автор: Асылхан Бөрібай
Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы жақындасуды көпшілік «теңсіз одақ» деп сипаттап жүр. Бірақ Фридрих Науман қорының Корея кеңсесі тапсырыс берген, Сеулдегі Hankuk University of Foreign Studies зерттеушісі Олена Гусеинова дайындаған «Unequal Partnership» есебі бұл байланысты жай теңсіздікпен шектеуге болмайтынын аңғартады, деп жазады Ertenmedia.kz. Пхеньян 2023 жылдан бері Мәскеуге қару-жарақ, оқ-дәрі және әскери күш түрінде 5,6 млрд-тан 9,8 млрд долларға дейінгі қолдау көрсеткен, ал кері қайтқан нақты өтем 457 млн-нан 1,19 млрд долларға дейін ғана бағаланады. Ресей жағынан барған көмектің басым бөлігі азық-түлік, мұнай, қарапайым әуе қорғаныс жүйелері және аз көлемдегі әскери техникамен шектелген. Есептегі ең ауыр тұс – жеткізілім көлемі. Зерттеу авторларының…
Жамбыл облысында халықаралық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы бойында алғашқы заманауи Keruen Inn қонақүйі пайдалануға берілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа нысан Меркі ауданына қарасты Ақтоған ауылының маңында ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек, Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов және жергілікті тұрғындар қатысты. Жол бойындағы сервиске сұраныс жыл сайын артып жатқан тұста мұндай қонақүйдің іске қосылуы өңір үшін де, транзиттік бағыт үшін де маңызды қадам саналады. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет жанындағы Инвестициялар тарту жөніндегі кеңесте мақұлданған «2025–2029 жылдары Qazaq Oil-дың 60 жол бойындағы қонақүйі» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Қаржыландыру толықтай жеке инвестиция есебінен жүргізілген.…
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің жаңа тәсілдерін қарастыру қажет екенін айтты. Оның пікірінше, жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан заманда бұрынғыдай қағазға қарап баға қою жеткіліксіз,деп жазады Ertenmedia.kz. ChatGPT секілді заманауи технологиялар дәстүрлі жүйелерді айналып өтіп, білімді бағалаудың басқа арналарын ұсына бастағаны рас. Сондықтан ҰБТ форматы да заман талабына бейімделіп, білім сапасын әділ әрі кешенді бағалайтын жаңа деңгейге көтерілуі керек, – деп хабарлайдыErtenmedia.kz. Аймағамбетовтің айтуынша, тек тест сұрақтарының мазмұнын өзгерту емес, жалпы білім беру парадигмасын қайта ойластыру қажет. Ол жоғары оқу орындарындағы міндетті пәндер тізімін кеңейтіп, философия мен қоғамдық-саяси ғылымдарға көбірек мән беруді ұсынды. Өйткені кез келген мемлекет…
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Талдықорған қаласының жаңа шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ ашылды. Бұл жаңа нысан Қала күні қарсаңында ашылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Құлагер» шағын ауданындағы нысан заман талабына сай жабдықталған. Автоматты суару жүйесі орнатылып, жасыл газон төселген. Сонымен қатар аталған саябақта балалар ойын аумағы, шағын сәулет нысандары, Workout аймағы, веложол, шағын футбол алаңы, демалыс орындықтары, жаяу жүргінші жолдары және заманауи жарық шамдары орнатылған. Әрі қалада алғаш рет орнатылған. Декоративті элементтері бар кеме түріндегі «Фрегат» балалар ойын кешені орналастырылған. Саябақта күз айында өңірдің табиғатына бейім 200-ден астам жапырақты және қылқан…
Атырау қаласының соты миллиондаған емес, миллиардтаған қаржыны айналдырған заңсыз әрекетке нүкте қойылды. Бұл кәсіби деңгейде құрылған, салықтан жалтаруды жүйелі түрде жүзеге асырған, жалған шот-фактураларды қару еткен қылмыстық топтың ісі еді. Тергеу деректеріне қарағанда, А.С. Тұяқпаев бастаған топ мүшелері С.А. Аргалаш пен А.С. Болатовпен бірлесіп, небәрі бірнеше жылда 8 миллиард теңгені жалған құжаттар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осы қылмыстық схеманың кесірінен мемлекетке 590 миллион теңгеден астам салық түспей, халықтың игілігіне жұмсалатын қыруар қаржы көлеңкеде қалып қойған. Тюякпаев тек жалған құжат жасаумен шектелмей, қылмыстық жолмен келген 342 миллион теңгені өзінің жеке пайдасына заңдастырған. Қаражатты бақылауындағы компаниялардың есепшоттары арқылы жұбайының…
Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды. Бұл – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында дінаралық және мәдениетаралық диалогты нығайту мақсатымен қолға алынған бірегей бастама. Салтанатты іс-шараға VIII Съезд делегаттарымен бірге Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев қатысты. Хатшылық басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіре келіп, Бейбітшілік және келісім саябағының негізін 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысушылар қалағанын айтты. Аталған іс-шараға Рим Папасы Франциск, Әл-Азһардың Жоғарғы имамы шейх Ахмед ат-Тайеб қатысқан болатын. Осы аралықта саябақ Қазақстандағы түрлі конфессиялар арасындағы достық пен бірліктің жарқын үлгісіне айналды. – Съезге қатысушылардың…
Арыс қалалық мәдениет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялағанын білеміз. «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының доценті, PhD доктор Ермек Бекбосынов, Арыс қалалық мәслихат депутаттары, қала тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесуді «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалының төрағасы Бақтығали Ділдәбеков ашып, жүргізіп отырды. Басқосуда Президент Жолдауындағы негізгі басымдықтар, ел дамуына қатысты жаңа міндеттер және…
Түркістан облысында 2025 жылдың 15 тамы-5 қазан аралығында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» іс-шарасы жүргізілуде. Қазіргі таңда қысқы жылыту маусымы дайындығының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Қуатбекұлы баяндады. – Түркістан облысы аумағында Төтенше жағдайлар департаменті және қала, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен есепке алынған 34 197 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының 26 563-і араланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аралау барысында 20 мыңнан астам үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтары анықталды. Ең көп анықталатын қателіктер – көбінесе тұрғын үйдегі автономды газ қондырғылары мен жылыту қазандықтарының талапқа сай орнатылмауы, электр жабдықтарының ақаулығы,…
Түркістан облыстық полиция департаментінің балалар және жасөспірімдер арасында қылмысты азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны 1,2 пайызға төмендеген. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Бексұлтан Ташимов мәлімдеді. — Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оқушылар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, құқықтық сауаттылықты арттыру, нашақорлық, буллинг және лудоманияның таралуын болдырмау мақсатында жүйелі істер атқарылуда. Айта кетерлігі, оқушылар арасында тыйым салынған заттарды алып жүру дерегі жайлы, құқық бұзушылық жасауға бейім оқушылар жөнінде мұғалімдер тарапынан дер кезінде мәлімет ұсыну және кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу деректері туралы құқық қорғау…










