Елорда төрінде өткен оқу бағдарламасы этносаралық келісім мен мәдени әралуандықты ақпараттық кеңістікте дұрыс жеткізудің жаңа жолдарын көрсетті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Достық үйінде «Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты ауқымды оқу бағдарламасы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының Академиясы ұйымдастырған бұл шара – медианың қоғамдағы татулық пен келісімді бекітудегі орнын айқындаған маңызды қадам болды. Бағдарламаға еліміздің әр аймағынан келген этноБАҚ редакторлары, журналистер клубтарының жетекшілері, баспасөз хатшылары және тәжірибелі медиамамандар қатысты. Олар бес күн бойы этносаралық қатынастарды жариялаудың заманауи тәсілдерін талқылап, практикалық жаттығулар арқылы білімдерін тереңдетті. «Өшпенділік тіліне» қарсы тұру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, әлеуметтік желілермен тиімді жұмыс…
Автор: Асылхан Бөрібай
Елорда төрінде тағы да тарихи сәттің куәсі болдық. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының қатысуымен Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылды. Бұл бастама тек жасыл желекке толы саябақ қана емес, сонымен бірге Қазақстанның бейбітшілікке, достыққа және конфессияаралық келісімге деген берік ұстанымының айқын көрінісі. Әлем елдері түрлі қақтығыстар мен діни алауыздықтың салдарын көріп отырған шақта, біздің елдің жүрегінде ашылған мұндай саябақ – бірліктің мәңгілік құндылығын паш ететін символдық орынға айналды, – деп жазады Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Саябақтың орталық нысаны – «Өмір ағашы» монументі. Бұл тек сәулеттік әшекей емес, философиялық мәні терең нышан. Ол мәңгілік өмірді, ұрпақтар арасындағы…
Қазақстанда мектеп пен колледж бағдарламасына жасанды интеллектіні енгізу бастамасы іске асырылмақ деп хабарлайды Ertenmedia. Қыркүйек айынан бастап Оқу-ағарту және Цифрлық даму министрлері бірлескен бұйрыққа қол қойды. Мәжіліс депутаты әрі экс-министр Асхат Аймағамбетов бұл реформаның шикі тұстары көп екенін айтып, мәселе көтерді. Аймағамбетовтың пікірінше, «жасанды интеллектіні енгізу» деген ұғым нақты түсіндірілмеген. Ұстаздар қандай бағдарламаға сүйеніп сабақ өткізу керек, білім нәтижесі қалай бағаланады бұл сауалдардың жауабы әзірге жоқ. Ата-аналар да не боларын түсінбей отыр. Әзірше жасанды интеллектіні үйрету тек ChatGPT сияқты нейрожелілермен танысумен ғана шектеліп отырғандай. Қазірдің өзінде оқушылар мен студенттер үй тапсырмасын орындап, шығарма жазу мен презентация әзірлеу үшін ChatGPT, DeepSeek…
Қазақстанда заңсыз несие беру ісімен айналысқан ірі қаржылық желінің әрекеті әшкере болды деп хабарлайды Ertenmedia. Қазір осы іске қатысы бар деген күдікпен танымал ломбардтар желісінің қожайыны Сергей Койнов тергеліп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігінің дерегінше, Койнов иелік еткен «Актив Маркет» компаниясының жүздеген бөлімшесі комиссиондық дүкен ретінде тіркелген. Шындығында бұл орындар лицензиясыз шағын несие берумен айналысқан. «Сергей Койнов сенімді адамдарының атына бірнеше компания ашып, сауда мен техникалық тауарларды сатып алумен айналысамыз деп көрсеткен. Ал шын мәнінде осы мекемелер мүлік кепілдігімен қысқа мерзімге өте жоғары пайызбен қарыз берген. Заң бойынша күніне ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі – 0,3 пайыз. Бірақ „Актив Маркетте“ 15 күндік…
Астана қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназияда жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында маңызды шара өтті. Қазақстан жастары арасында кеңінен тарала бастаған қауіпті құбылыс – құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу мәселесіне арналған дәріс оқылды. Дәрісті Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушысы, профессор Гүлнар Балабекқызы Исламжанова және психология ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.К. Әбубәкірова өткізді. Олар құмар ойындардың адам психикасына, мінез-құлқына, отбасылық және әлеуметтік жағдайына тигізетін кері әсерлерін жан-жақты түсіндірді. Лудоманияға тәуелділікке бой алдырған адамның өмірінде мынадай теріс әрекеттер жиі кездеседі: Оқу мен жұмыстан алшақтау. Жастар сабаққа көңіл бөлмей, уақытын ойынға арнайды. Қаржылық шығын. Тәуелділік адамды…
Ақтөбе облысындағы Шалқар аудандық сотында пара дауына қатысты шулы іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айыпталушы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасова. Тергеу мәліметінше, шенеунік жергілікті мердігерлерден пара алып, орындалған жұмыс актісіне қол қою үшін ақша бопсалаған. Қылмыстық істің екі эпизоды бар. Біріншісінде, Сәдуақасова «Дәнекер» ЖШС директорынан атқарылған жұмыстар актісіне қол қою үшін 5 млн теңге талап еткен. Екінші жағдайда «Азия строй проект 777» серіктестігінен жалпы сомасы 8 млн теңге пара алған. Ақша бөліп-бөліп Kaspi арқылы жеке адамдардың есепшотына аударылған. Сот барысында Шұға Сәдуақасова бұл әрекетке аудан әкімі Жанболат Жидехановтың тікелей нұсқауымен барғанын айтты. Оның сөзіне…
Маңғыстаудағы жерасты мешіттері әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін. Қазақстан тарапы өңірдегі ерекше сәулет ескерткіштерін UNESCO Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізуді ұсынып отыр. Бұл бастама жүзеге асса, Маңғыстаудың қасиетті орындары халықаралық қорғауға алынып, жаһандық мәдени кеңістіктегі орны айқындалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жерасты мешіттерінің тарихы Ұлы Жібек жолымен бірге келген алғашқы уағызшылар кезеңімен байланысты. Олар табиғи жартас қойнауын шауып, ерекше архитектуралық әдіспен салынған. Мұндай нысандар тек діни орын ғана емес, сол дәуірдегі дүниетаным мен рухани өмірдің айнасы саналады. Олардың ішінде ең танымалдарының бірі – Шопан-ата мешіті. Бұл кешенде жұмсақ тастан ойылған 12 бөлме бар. Орталық залда намаз бағытын көрсететін ағаш тіреулер орнатылған. Ал…
Талдықорған төрінде өткен «BIKEN FEST ІІІ» халықаралық фестивалі Жетісу жұртшылығы мен өнерсүйер қауымға үлкен әсер қалдырды. Бес күн бойы сахнада қазақ пен шетелдік театрлардың қойылымдары сахналанып, өнердің құдіреті мен драматургияның тереңдігі айқын көрінді. Фестиваль биыл Бикен Римова атындағы театрдың 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп, бұл мерекенің салмағын тіпті де арттырды. Қатысушы тоғыз театр түрлі номинациялар бойынша бақ сынап, ең үздік аталымдарға ие болды. Бас жүлдені иеленген Абай облыстық қазақ музыкалық драма театрының «ебек» спектаклі көрермен жүрегін баурап, әділқазылардың жоғары бағасына ие болды.Абай айтқан Еңлік-К Фестиваль тек марапаттау рәсімімен ғана емес, сахнадағы әрбір көрінісімен, актерлердің жанкешті еңбегімен ерекшеленді. Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік…
Алматыдағы ең ірі сауда нүктелерінің бірі саналатын «Байсат» сауда орталығындағы мемлекеттің үлесі саудаға шығарылмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Аталған актив бұған дейін бұрынғы президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдының иелігінде болған. Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның мәліметіне қарағанда, аукцион 2025 жылғы 18 қарашада E-Qazyna электронды сауда алаңында өтуі тиіс. Сауданың бастапқы бағасы 28,6 млрд теңге болып белгіленген. Ашық форматта өтетін аукционға онлайн порталға тіркелген кез келген қатысушы қатыса алады. Яғни, сауда рәсімі электронды алаң арқылы ұйымдастырылып, оған нарық ойыншылары еркін қосылуға мүмкіндік алады. Нысанды сату мемлекет меншігіне қайтарылған активтерді ел игілігіне бағыттау тетігі аясында жүзеге асырылып отыр. Саудадан түсетін қаражат толық көлемде…
Түркістан облысында әлеуметтік көмекке қатысты жалған құжат әзірлегендер анықталды деп хабарлайды Ertenmedia. Жетісай ауданында арнайы комиссия «әлеуметтік көмекке мұқтаж емес» деп танығанына қарамастан, 18 отбасыға 3,1 млн теңгенің жәрдемақысы негізсіз төленген. Сарыағаш ауданына қарасты Қапланбек ауылдық округінде де осыған ұқсас заңсыз әрекет орын алған. Округ әкімінің орынбасары мен учаскелік комиссия хатшысы өзге комиссия мүшелерінің атынан жалған қорытынды құжаттарын әзірлеп, 56 өтінішті негізсіз мақұлдап жіберген. Соның салдарынан мемлекеттік бюджеттен бөлінген 9,7 млн теңге орынсыз жұмсалған. Заңсыздық облыс прокуратурасының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға жүргізген тексерісі кезінде анықталды. Прокуратура өрескел әрекетке жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапқа тартып, бюджет қаржысын кері қайтару туралы талап…










