Автор: Асылхан Бөрібай

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам көз жұмды деп хабарлайды Ertenmedia. Қайғылы оқиға 11 қыркүйек күні Қарақиян ауданындағы Сенек ауылынан 90 шақырым жерде болған. Toyota Hiace шағын автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып, бірнеше жолаушысымен бірге аударылған. Оқиға орнында 8 адам қаза тапса, тағы екі адам ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Толық оқу

Райымбек ауданында шекара қызметі қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Салтанатты түрде пәтер кілттері Нарынқол шекара отрядында табысталды. Тұрғын үйлердің құрылысы 2024 жылдың қараша айында басталып, биыл толық аяқталды. Әрбір пәтердің ауданы – 70 шаршы метр, заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Жобаның жалпы құны 124,3 млн теңгені құрады, қаржыландыру облыс әкімдігінің қаражаты есебінен қамтамасыз етілді. Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты. Ол әскери қызметкерлерді жаңа баспанамен құттықтап, бұл мемлекет тарапынан ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғап жүрген азаматтарға көрсетілген қамқорлықтың айқын көрінісі екенін атап өтті. – Бүгін біз тек пәтер кілттерін емес, сонымен қатар мемлекеттің және халықтың ризашылығы…

Толық оқу

Алматы облысында облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» автожолының жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуда. Жұмысшылар қар түспей тұрып үлгеруге тырысуда. Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталып, жоспар бойынша 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс еді. Мердігер компанияның мәліметінше, жолшылар жұмысты белгіленген мерзімнен ерте бітіреді. L-VESA құрылыс компаниясы директорының орынбасары Алексей Фоминнің айтуынша, бүгінде жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталған: – Біз «Нарынқол – Сүмбе» жолына орташа жөндеу жүргізіп жатырмыз. Жөндеуден өтетін учаскенің жалпы ұзындығы – 38 шақырым. Қазіргі уақытта 11 шақырымы ғана қалды. Жаңа жабынның қалыңдығы – 6 сантиметр. Жұмысты осы айда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Нысанда 18 жұмысшы және грейдер,…

Толық оқу

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл бағыт мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі ғана емес, қоғам алдындағы үлкен жауапкершіліктің көрінісі. Әрбір балаға, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға да сапалы білімге тең мүмкіндік жасау – әділетті қоғам құрудың басты шарты. Сондықтан бүгінде елімізде кешенді жұмыстар жүргізіліп, инклюзияны ілгерілетуге арналған нәтижелі жобалар жүйелі түрде жүзеге асуда. Елімізде инклюзивті білім беруді ілгерілету жолында шешуші рөл атқарып отырған жетекші мекемелердің бірі – ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы. 1992 жылы құрылған бұл орталық ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сапалы білімге…

Толық оқу

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қолдау білдіру, нақты міндеттер мен алдағы жоспарларды талқылау бойынша жиын өтті. Жиынға облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алмас Салимов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев және облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ, барлық аудан, қалалық мәслихат төрағалары бейне-конференц байланыс арқылы қатысты. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы еліміздегі маңызды құжаттардың бірі. Жолдау жасанды интеллект және цифрлық даму, инвестиция тарту, туризмді…

Толық оқу

Әзербайжан соңғы жылдары қауіпсіздік саласында айтарлықтай қам жасап, өз шекарасын жан-жақты қорғайтын көпқабатты ракеталық қалқан орнатуға кіріскен-ді. Бұрын тек «шекараны күзету» деген қарапайым ұғым болса, қазір ол заманауи технологиялардың, жасанды интеллектпен жабдықталған ұшқышсыз аппараттардың және ғарыштық спутниктердің басын қосқан күрделі жүйеге айналып отыр. Әзербайжан шекарасын енді тек құрлықтағы немесе теңіздегі әскерилер ғана емес, күні-түні кезекшілікте тұратын «Barak 8» пен «Arrow 3» секілді ең озық әуе шабуылына қарсы кешендер, жүздеген дрондар мен жоғары дәлдікті бақылау жүйелері күзетуде. Бұл жүйе тек көршілеріне ғана емес, бүкіл өңірге «шекарамызға жақындауға болмайды» деген хабар беріп тұр. Әсіресе Израильде жасалған «Arrow 3» кешенінің маңызы бөлек. Ол…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылдың басынан бері пайдаланбай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары аясында «AMANAT» партиясының жанынан құрылған аймақтық «Жер аманаты» комиссиясы қарқынды жұмыс атқарып келеді. Жалпы «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» комиссиясы атқарған жұмыс аясында Батыс Қазақстан облысында 2022 жылдан бері 468 134 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Соның ішінде мемлекет меншігіне қайтарылған жердің 97206 гектары кері пайдалануға берілді. Атап өту керек, бұл жерлер ауыл маңындағы жерлер, ауыл халқының сұранысына орай қайтарылған жердің көпшілігі жайылымдық мақсатта ауыл халқына беріліп отыр. Себебі бүгінгі таңдағы аудан және ауыл-аймақтағы сұраныс осындай…

Толық оқу

Кеңесті ашқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысының Жолдауындағы басты бағыттарға тоқталып, ел дамуының жаңа кезеңі — жоғары технологияға негізделген, өңдеуші өнеркәсіп пен инновацияға сүйенетін экономика екенін атап өтті. – Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық, цифрлық дамытудың басым бағыттарын белгілеп, бірқатар маңызды тапсырмалар берді. Атап айтқанда, өңірлерге қомақты инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының дамуына жаңа серпін беру, көлік-логистиканы дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инрақұрылымын жаңғырту, цифрлық технологияларды енгізу және тағы басқалары бар. Жолдаудағы маңызды…

Толық оқу

Freedom Bank Қазақстанда алғаш рет «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге несие беруді толық цифрландырды деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл кәсіпкерлерді қағазбастылықтан құтқарып, шағын және орта бизнес өкілдеріне цифрлық несие алуға мүмкіндік береді. Енді кәсіпкерлер несие рәсімдеу үшін банкке бармай-ақ, кеңседе отырып-ақ өтініш бере алады. Несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 12,6%, кепілзат пен комиссия жоқ. Онлайн-өтініш беру процесі небәрі бірнеше минут уақыт алады. Ол үшін компанияның БСН, басшысының ЖСН және телефон нөмірін енгізсе жеткілікті. Қажетті құжаттардың барлығы автоматты түрде толтырылып, ЭЦҚ арқылы қол қойылады. Өтініш бойынша шешім үш сағат ішінде қабылданып, несие бір тәулік ішінде компанияның шотына түседі. Айналым қаражатын толықтыруға берілетін…

Толық оқу

Абай облысының алдағы қысқа дайындығы тұтас өңірдің өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін стратегиялық міндет. Облыс әкімі Берік Уәли төрағалық еткен жиында жылу маусымына әзірлік пен ауызсу инфрақұрылымы негізгі тақырыпқа айналды. Кеңеске қатысушылардың қатарында басқарма басшылары, көмір тасымалымен айналысатын кәсіпорын өкілдері, сондай-ақ барлық аудан мен қала әкімдері болды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Энергетика, ТҮКШ, денсаулық сақтау мен білім саласы басшылары өз бағыттары бойынша есеп беріп, өңір басшысына нақты ахуалды баяндады. Әсіресе, жылу көздері мен әлеуметтік нысандардың дайындығы жіті назарда болды. Жиында кемшіліктердің беті ашылды. Кейбір аудан әкімдері дайындық жұмыстарына салғырт қарап, мерзімдік…

Толық оқу