Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді. Іс-шараға Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысының диқандары бейнебайланыс режимінде қатысты. Президент Ақмола облысына егін жинау науқанының барысымен танысу үшін арнайы келгенін айтты. – Егіс алқабындағы жұмыстарды уақтылы аяқтап, астықты дер кезінде жинап алу қажет. Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі, ішкі нарықтың тұрақтылығы осы жұмысқа тікелей байланысты. Астық жинау науқанын ойдағыдай жүзеге асырсақ, экспорттық әлеуетіміз де мықты болмақ, яғни шетелге мол өнім шығара аламыз. Былтыр елімізде ауыл шаруашылығы саласы үшін табысты жыл болды. Шаруалар табанды еңбек етіп, астық жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Осының бәрі агротехнологияны дұрыс қолданудың…

Толық оқу

Қазақстанда Starlink спутниктік интернетін ресми түрде ұсынатын алғашқы компания пайда болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жуырда бизнесмен Тимур Турлов иелік ететін Freedom Telecom құрамына енген Astel компаниясы Starlink спутниктік байланысының ресми реселлері атанды. Astel директорлар кеңесі осы жылдың 10 қыркүйегінде «Starlink Kazakhstan» ЖШС-мен тиісті келісімшарт жасасуға рұқсат берді. Келісімнің қаржылық құны компания капиталының 10 пайызынан асып отыр. Astel таратқан ақпаратқа сүйенсек, компания Starlink интернет қызметін Қазақстан аумағында 2025 жылдың күзіне қарай іске қоспақ. Интернет ең алдымен бизнес пен мемлекеттік секторға арналады. Байланыс үшін төменгі орбитада (шамамен 550 шақырым биіктікте) орналасқан спутниктер қолданылмақ. Осы жылдың маусым айында Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және…

Толық оқу

Кәрім Мәсімовтен тәркіленген құнды бұйымдардың кезекті легі сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекет меншігіне өткен экс-шенеуніктің коллекциясындағы заттарды қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания аукцион арқылы саудалады. Осы жолы саудаға қойылған бұйымдар арасында алтын монеталар, қымбат қанжарлар мен күміспен көмкерілген сирек кездесетін қылыш болды. Бәсеке қыза түскен лот Elizabeth II бейнеленген, аустралиялық кенгурудың суретімен өрнектелген, номиналы 200 долларлық инвестициялық алтын монета. Оның бастапқы құны 3,2 млн теңге болса да, қызығушылық танытқандар көбейген сайын бағасы көтеріліп, ақырында 4,3 млн теңгеге сатылып кетті. Сондай-ақ Қапқаз үлгісінде жасалған екі бірдей қанжар жаңа иесін тапты. Бірі бағалы металлмен көмкерілген, екіншісі қарапайымдау қос қонжар 438,6 мың…

Толық оқу
Қарашөкеев Тараз

Жамбыл облысында оқушылар өлімінен кейін бірқатар шенеунікке қатаң сөгіс берілді, деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа оқу жылы басталғалы облыста жасөспірімдер арасындағы ауыр қылмыс көбейген. Соңғы екі аптада аймақта үш қайғылы оқиға болды. Бүгін Тараз қаласындағы мектептің бірінде 9-сынып оқушысы қатарласымен төбелесіп, ажал құшты. Бұған дейін, 12 қыркүйек күні Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында футбол матчынан кейін 11-сыныптың оқушысы жеңілістің ашуын 10-сынып оқушысынан алып, соққыға жыққан. Жасөспірім жедел жәрдем жеткенше жан тапсырды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бұған дейін де жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайтуға байланысты нақты тапсырма бергенін, алайда жауапты тұлғалардың әрекетінен нәтиже байқалмай отырғанын айтып ақталды. Аймақ басшысы әрбір ауылдық округке жеке…

Толық оқу
ауыл

Алматы облысында егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 103 мың гектардан астам дәнді дақыл орылып, бұл жалпы алқаптың 65 пайызын құрайды. Қамбаға 191,7 мың тоннадан астам астық түсті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Негізгі үлесті бидай мен арпа алады. Атап айтқанда, 34,5 мың гектар алқаптан 55 мың тонна бидай жиналды. Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады. Ал арпа 62,5 мың гектардан бастырылып, 107,8 мың тонна өнім алынды. Орташа түсім гектарына 17,2 центнер болды. Сонымен қатар жүгері жинау жалғасуда. Қазіргі таңда 3 мың гектар (6 пайыз) алқаптан 22 мың тоннадан…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің өкілетін кеңейтетін өзгерістер енгізіп, ведомствоның рөлін тек күзет функциясымен шектемейтін жаңа кезеңге жол ашты. 2025 жылғы 10 қыркүйекте 2014 жылғы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» жарлыққа түзетулер енгізіліп, қызметтің қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы рөлі кеңейтілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа редакцияға сай, Мемлекеттік күзет қызметі енді қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бағытындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысады. Өкілет аясында әскери-техникалық ынтымақтастыққа араласу, оқ-дәріні жою көзделген. Пайдаланылмайтын қорғаныс нысандарын беру, қару-жарақ пен әскери техниканың сипаттамаларын айқындауда бар. Сонымен қатар, мемлекеттік сынақтар мен қару-жарақты қабылдауға қатысу, әскери ұлттық стандарттарды…

Толық оқу

Түркістан облысы халықаралық әріптестік пен инвестиция тарту ісінде жаңа қадамдарға барып отыр. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров бір күнде екі маңызды келіссөз өткізіп, алдымен АҚШ-тың Бас консулы Мишель Еркинмен ресми жүздесіп, артынан Қытайдан келген ірі өнеркәсіптік компания өкілдерімен кездесті. Бұл екі кездесу Түркістанның тек Қазақстан аумағында ғана емес, халықаралық деңгейде де ықпалды аймаққа айналып келе жатқанын айқын көрсетіп тұр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әуелі америкалық дипломатпен болған сұхбатта туризм, білім беру, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері көтерілді. Әкім Түркістанның инвестициялық әлеуетін кеңінен таныстырып, «TURAN» арнайы экономикалық аймағы мен онда жасалған салықтық жеңілдіктер жайлы жан-жақты айтты. Консул өз кезегінде Түркістанның тарихи-мәдени қазынасына, туризмнің дамуына…

Толық оқу

Халықаралық Moody’s агенттігі «Еуразиялық банктің» болашағына қатысты болжамын «Тұрақтыдан» «Жағымсызға» өзгертті, деп хабарлайды Ertenmedia. Мұндай шешімге банктің несие портфеліндегі проблемалық қарыздардың күрт көбеюі себеп болған. Moody’s мәліметінше, 2024 жылдың соңында проблемалық несиелер үлесі 15,1%-ға жеткен. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 10,2% болған еді. Бұған қоса, банктің резервтермен қамтамасыз ету деңгейі де 109%-дан 77%-ға төмендеп кеткен. «Болжамның «Жағымсызға» өзгеруі активтер сапасының нашарлауы және алдағы бір-бір жарым жылдағы банк стратегиясының бұлыңғырлығына қатысты алаңдаушылығымыздың көрінісі», – деп атап өтті Moody’s. Агенттіктің пайымынша, алдағы уақытта «Еуразиялық банк» жеке тұлғаларға несие беруді азайтып, корпоративтік секторға, әсіресе шағын және орта бизнеске көбірек көңіл бөледі. Сарапшылардың айтуынша,…

Толық оқу

Астанада өтетін XXIII Хатшылық пен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қарсаңында Қытай Буддистер Ассоциациясы төрағасының орынбасары Цзин Бо Қазақстанның мәдениет пен рухани диалог кеңістігіндегі орнын ерекше атады, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, Қазақстан қазір тек тарихи сауда жолдарының қиылысында тұрған ел емес. Ол әртүрлі мәдениет пен өркениет тоғысатын маңызды алаңға айналып отыр. Цзин Бо қазақ жерін домбыра, гитара және арфа үндескен мәдени бірліктің символы ретінде сипаттады. Ол «Бір белдеу – бір жол» бастамасын және 2025 жылы өткен «Жібек жолын оқу – Орталық Азияны тану» халықаралық акциясын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, осындай жобалар Қазақстанның мәдени және рухани алмасу…

Толық оқу

Атырау мұнай өңдеу зауыты 1-25 қазан аралығында жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Ertenmedia. «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов зауытқа арнайы келіп, жөндеу жұмыстарына дайындықты пысықтады. Бұл кезеңде кәсіпорында ауқымды техникалық тексеріс жүреді. Барлығы мыңнан астам аппарат пен қондырғы, 1,4 мың құбыр желісі және 46 пеш мұқият сараптамадан өтеді. Түрлі қондырғыларда 316 тоннадан астам катализатор алмастырылады. Жалпы алғанда, жұмыстарды 1880 маман мен 62 арнайы техника жүргізеді. Жөндеу кезіндегі ең маңызды әрі күрделі іс баяу кокстеу қондырғысының реакторларындағы конустық табандарды ауыстыру. Осы мақсатқа арнап зауытқа әрқайсысы 750 тонна жүк көтеретін екі бірегей кран орнатылуда. Сонымен қатар, реакторларға заманауи диагностикалық жүйе орнатылады, бұл өз…

Толық оқу