Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Петропавл қаласында салық органдарының қызметкері жол апатынан қаза тапқаннан кейін оның отбасына қатысты сот процесі аяқталды. Соттың шешімімен мемлекет марқұм Азамат Сейтхановтың отбасына 34 миллион теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді. Адамның өмірі ешқандай сомаға тең келмейді, алайда отбасы алдындағы мемлекет жауапкершілігінен қашпайтынын осындай істер дәлелдейді,деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиғаның мән-жайына тоқталсақ, өткен жылдың шілдесінде Петропавл қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім бастығы қызметін атқарған Азамат Сейтханов іс-сапармен Астанаға жол тартқан. Сол сапарда болған көлік апаты оның өмірін қиды. Бір жылға жетпейтін уақытта жасалған тергеу мен ресми құжаттарда оның қазасы қызметтік міндетін атқару кезіндегі жағдай ретінде танылды. Бұл қаулының өзі отбасының мемлекет алдындағы заңды…

Толық оқу

Президент Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінде жаһандық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайына қатысты алаңдаушылығын ашық білдірді. Мемлекет басшысы әлем үлкен апаттың табалдырығында тұрғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia. «Ядролық қақтығыстың қаупі алаңдатып отыр. Сарапшылардың пікірінше, соңғы онжылдықтар ішінде мұндай апаттың орын алу ықтималдығы қазір ең жоғары деңгейде», – деді Тоқаев. Президент халықаралық саясаттағы теріс үрдістердің қарқын алып бара жатқанын баса айтты. «Өкінішке қарай, әлемде конструктивті бастамалар мен шиеленісті азайту саясатының орнына қарсыласу пиғылы өршіп, геосаяси текетірес артып, әлеуметтік шиеленіс күшейіп келеді», – деді ол. Осыған байланысты Мемлекет басшысы шиеленістің алдын алу үшін дипломатиялық күш-жігерді күшейту қажет екенін мәлімдеді. «Осындай күрделі…

Толық оқу

2025 жылдың басынан бері Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы «Қорғас» теміржол бақылау-өткізу бекеті арқылы Қытай–Еуропа және Қытай–Орталық Азия бағытында 7 мыңнан астам пойыз өткен, деп жазады Ertenmedia.kz. Қытай теміржолы корпорациясының Үрімжідегі бөлімшесі соңғы кезеңде Қытай–Еуропа бағдарындағы тасымалды жеделдету үшін «Қорғас» станциясының әкімшілігі Қазақстанмен теміржол байланысын күшейткенін мәлімдеді. Соның нәтижесінде шекара маңындағы өткізу тетігі біртіндеп жылдамдап, логистикадағы кідіріс азайған. 2025 жылдың мамыр айынан бастап бекетте цифрлық технологияға негізделген «ақылды теміржол бақылау-өткізу бекеті» іске қосылды. Осы жүйенің арқасында импорттық тауарлардың өту мерзімі бұрынғы 2-3 күннен 16 сағатқа жетпейтін деңгейге қысқарған. Жалпы кедендік рәсімдеу тиімділігі 50 пайыздан астам өскен. Мұндай ілгерілеуге теміржол мен кеден деректерін…

Толық оқу

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті деп хабарлайды Ertenmedia. Президент Тоқаев патриарх Кириллдің Қазақстанға жасаған сапары екі ел арасындағы әріптестікті нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті. Оның айтуынша, патриархтың съезге қатысуы форум жұмысының табысты өтуіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. «Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық пен одақтастықтың жарқын үлгісі. Сіздің сапарыңыз біздің рухани және мәдени байланыстарымызды одан әрі нығайтуға бағытталған», – деді Президент. Өз кезегінде патриарх Кирилл жылы қабылдауға алғыс білдіріп, Қазақстанды Ресеймен тарихи, достық қарым-қатынасы терең ел ретінде жоғары бағалады. Ол Ресей православ…

Толық оқу

Шымкент әуежайында жаңа ұшу-қону жолағы мен аэродромды қайта жаңғырту жұмыстарына 41 млрд теңге жұмсалады. Мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша жобаны BI Group құрылымына кіретін «Казахдорстрой» компаниясы жүзеге асыратын болды деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекеттік сатып алу конкурсын Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жариялаған. 10-15 қыркүйек аралығында өткен конкурсқа төрт компания қатысқан. Оның нәтижесі бойынша бірінші орын «Казахдорстрой» ЖШС-не бұйырды. Екінші орынға «Отау-Строй» ЖШС шықты. Конкурсқа қатысушылардың қатарында сондай-ақ «Integra Construction KZ» және «Промстрой-Энерго» ЖШС болған. Жоспар бойынша Шымкент әуежайында ұзындығы 3,5 шақырым, ені 60 метрді құрайтын жаңа ұшу-қону жолағы салынып, қосымша рөлдеу жолдары да қайта жаңғыртылады. Жобаның жалпы…

Толық оқу

Беларусь президенті Александр Лукашенко халық бірлігі күніне орай түрмелде отырған 25 адамға кешірім жасады. Бұл оқиға ел ішінде де, шетелдік сарапшылар арасында да әртүрлі пікір тудырып отыр. Өйткені кешірім алғандардың қатарында экстремистік бағыттағы қылмыстар үшін сотталғандар бар. Олардың ішінде 12 әйел мен 13 ер адам бар екен. Кейбірі – ата-ана, тіпті біреуі көпбалалы ана ретінде танылған. Ресми ақпаратта олардың барлығы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдіргені және заңға бағынатын өмір сүретіні туралы міндеттеме алғаны айтылды. Беларусь қоғамында мұндай қадамды біреулер ізгілік пен жұмсарту саясатының белгісі десе, енді біреулер биліктің халық алдындағы имиджін түзетуге бағытталған тактика деп түсіндіреді. Себебі бұл –…

Толық оқу

Алматы қаласы тарихында алғаш рет әлемдік деңгейдегі музыкалық топ Backstreet Boys сахнаға шығуға дайындалуда. Көпшілік асыға күткен концерттің билеттері әлдеқашан толық сатылып кеткен, енді қаланың басты стадионында өткен ғасырдың соңындағы поп-мәдениеттің тынысын қайта сезінуге мыңдаған жан жиналмақ. Мұндай шара тек музыкалық мереке ғана емес, сонымен бірге Алматының мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналғалы тұр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұйымдастырушылар көрермендерге басты ережелерді еске салып отыр. Стадион қақпасы 15:00-де ашылады, кіру тек QR-коды бар билет арқылы жүзеге асады. Әсіресе жасөспірімдерге қойылған талап қатаң: фан-зонаға 16 жастан жоғары азаматтар ғана кіре алады, ал 12-16 жас аралығындағы балалар тек ата-аналарымен бірге отырғыш секторға жіберіледі.…

Толық оқу

Мәжілісте тағы да ши шықтты.  Әңгіме бұл жолы Қазақстанның ең ірі қаржы институттарының бірі Halyk Bank атауына қатысты болып тұр. Қарапайым халық «Халық банкі» атауын ондаған жылдар бойы үйреніп кеткенімен, енді осы атаудың заңдылығы депутаттар күмәндана бастады. Себеп – депутат Марат Башимовтың қойған сұрағы. Ол жаңа «Банктер туралы» заң жобасын талқылау кезінде банктің «Халық» деп аталуы Конституциядағы терминдерді бұрмалаудың жарқын мысалы екенін айтты. Оның пікірінше, «халық» сөзі мемлекеттің ең басты әрі қасиетті ұғымдарының бірі, ал жеке меншік ұйымның өзіне сол атауды иемденіп алуы заңға қайшы көрінеді. Марат Башимов бұл ойына дейін батыс тәжірибесіне тоқталды. Ол Германия мен Францияда жүйеқұраушы банктердің…

Толық оқу

Қазақстанда жақын уақытта мұнай өнімдерін өндіру ісінде жаңа кезең басталды. Қазақстандағы шағын мұнай өңдеу зауыттарына қойылатын талап күшейтіледі. Мемлекет енді олардың әрқайсысына өндірістің кем дегенде 45 пайызын сұранысқа ие, яғни халық пен экономикаға тікелей қажет жанармай түрлерін шығаруды міндеттемек. Бұл өзгеріс заңнамаға енгізілетін түзетулерде көрсетілген. Қарапайым тілмен айтсақ, бұрынғыдай сапасыз жартылай дайын өнім шығарып, одан пайда табу кезеңі келмеске кетеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мини-МӨЗ деп аталып жүрген шағын зауыттар ел бойынша отыздан асады. Олардың қағаз жүзіндегі қуаты жылына 4,5 миллион тонна мұнай өңдеуге жетеді. Алайда шын мәнінде, осы өндірістерден шығатын өнімнің едәуір бөлігі стандартқа сай келмейді. Техникалық талаптарға сәйкес…

Толық оқу

Түркістан облысында халықты таза ауыз сумен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы жылдары бұл бағыттағы жұмыстардың ауқымы кеңейіп, көрсеткіштер айтарлықтай жақсарғанымен, кейбір аудандарда шешімін күткен түйткілдер де бар. Өткен жылы республикалық деңгейде жүргізілген талдау нәтижесінде Түркістан облысындағы қалалар толықтай таза ауыз сумен қамтылды деп есептелсе, ауылдық аймақтардағы ахуалға әлі де назар қажет екені анықталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Инфрақұрылымды дамыту үшін мемлекет 66 нысанның құрылысын қолға алып, соның ішінде биылдың өзінде 38 су құбыры пайдалануға берілді, қалған 28-інің құрылысы 2026 жылға өтпелі болып отыр. Бұл – ұзақ мерзімді жоба болғанымен, ауыл-аймақтағы…

Толық оқу