Автор: editor

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Polisia.kz порталына берген сұхбатында президент Тоқаевтың заң мен тәртіп қағидаты қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді деп жазады Ertenmedia. Оның сөзінше, елде тәртіп орнауы үшін тек жазалау шараcы жеткіліксіз, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен ішкі жауапкершілігі де жоғары болуы керек. Министр қоғамда әлі күнге дейін орын алып отырған келеңсіз жағдайға мысал ретінде мас күйінде көлік жүргізетіндерді атады. «Өкінішке қарай, кейбір азаматтар көлікті ішіп алып жүргізгені үшін жазаны жеңілдетуді сұрап жатыр. Бұған мүлдем жол беруге болмайды. Биылдың өзінде алкогольдік ішімдік ішіп көлік айдаған 5 мыңға жуық жүргізуші ұсталды. Мұндай жүргізушілерге жазаны күшейткен соң, оқиғалар саны азайғаны рас.…

Толық оқу

Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел Әзербайжан экономика министрі Микаил Жаббаровпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетика және құрылыс салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың бүгінгі ахуалы мен болашағын талқылады деп хабарлайды Ertenmedia. Кездесуде Қазақстан тарапы күтпеген әрі тың ұсыныс жасады. Елші Әлім Байел Әзербайжанға Алакөл жағасында заманауи санаторий-курорт кешенін бірлесіп салуды ұсынды. Министр Жаббаров ұсынысты қуана қолдап, жобаның егжей-тегжейін талқылауға әзір екенін білдірді. Жалпы, екі елдің экономикалық байланысы соңғы уақытта жаңа деңгейге көтерілген. Әлім Байелдің айтуынша, биылғы жылдың алғашқы төрт айында тауар айналымы 20 пайызға артқан. Қазақстан 2025 жылы Әзербайжанның негізгі астық жеткізушісіне айналып, елдегі барлық импортталған бидайдың 88 пайызын қамтамасыз еткен. Әзербайжан…

Толық оқу

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Салық кодексіне енгізіліп жатқан өзгерістерге қатысты Қаржы министрлігінің жұмысын сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia. Оның пікірінше, ұсынылып отырған өзгерістерде бизнеске қысым жасауға мүмкіндік беретін тетік көп. Әңгіме ҚҚС (қосылған құн салығы) мәселесі жөнінде. Жаңа ережеге сәйкес, кейбір кәсіпкерлерден ҚҚС алдын ала, аванс ретінде төлеу талап етілмек. Сенат отырысында Әшімбаев осы механизмнің бизнестің дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертіп, Қаржы министрлігі өкілдерінен нақты түсініктеме сұрады. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, мұндай алдын ала төлем барлық салық төлеушіге емес, тек тәуекелі жоғары деп танылған кәсіпкерлерге қатысты қолданылады. «ҚҚС бұл жанама салық. Кәсіпкер біреуден тауар алса, оның…

Толық оқу

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Қызылорда облысындағы су нысандарын тексерді. Нәтижесінде Қызылөзек ауылдық округі аумағындағы Сырдария өзенінің Қараөзек тармағынан өз бетінше су тартумен айналысқан 13 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды,- деп хабарлайды Ertenmedia Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бұзушылыққа жол берген тұлғаларды анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Қызылорда облысында алты шаруа қожалығының 2,3 млн текше метрден астам суды заңсыз пайдаланғаны белгілі болған еді. Сондай-ақ Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы мамандары Шардара аудандық прокуратурасымен бірлесіп, Түркістан облысында 24 тіркелмеген сорғы қондырғысын анықтады. Ал Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы Ақтөбе облысында 5 кәсіпорынның суды заңсыз пайдаланғаны жөнінде дерек тіркеді. «Судың «көлеңкелі…

Толық оқу

Бүгін Абай облысы әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында облыстағы заңсыз құрылыс нысандары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары, 5 айдағы бюджеттің игерілу мәселесі қаралды,- деп хабарлайды Ertenmedia Облыстағы заңсыз құрылыс нысандары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сайлауғалы Байназаров, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Әнуар Бейсенов, Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев баяндады. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, камералдық бақылау барысында облыста 34 заңсыз көп қабатты тұрғын үй тіркеліп, оның 12-сі бойынша сот шешімі шыққан. 15-іне тиісті нұсқама берілген. Бұл үйлерден 547…

Толық оқу

Костанайда демалыс кезінде мұғалімдерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін ешбір шенеунік жауапқа тартылмаған деп хабарлайды Ertenmedia. Маусымның басында Костанай әкімі Марат Жүндібаев мұғалімдерді қаладағы жағажайды бақылау жұмысына тарту туралы бастама көтерген. «Ұстаздарды неге мәжбүрлейсіздер?» деп кейбіреулер жазып жатыр. Сонда рейд шараларын кім жүргізеді? Полицияның да, ТЖ қызметкерлерінің де саны шектеулі. Бұл бәрімізге ортақ жұмыс. Мұғалімдер 40 күн демалады, осы уақыт ішінде мектептегі жөндеу жұмысына және басқа да шаруаларға араласады. Сол үшін жалақы алады. Сондықтан жағажайдағы рейдтерді де ұйымдастыруға болады деп ойлаймын», – деген болатын Жүндібаев. Білім және Еңбек министрлігінің өкілдері мұның заңсыз екенін бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, әкімдік ұстаздарды жағажайдағы рейдке…

Толық оқу

Астанадағы ЭКСПО ауданында Қазақстан полициясы күніне орай дрондардың жарық шоуы өтеді,- деп хабарлайды Ertenmedia «Дрондар шоуы 23 маусым күні сағат 22:00-де басталады. Аталған шоу мерекелік бағдарламаның басты бөлігіне айналып, заң мен тәртіпке деген құрметтің символы болмақ», — делінген әкімдік хабарламасында. Айта кетейік, шоу алдында концерттік бағдарлама өтеді. Концерт 21:00-де басталады.

Толық оқу

Түркістан облысындағы Төлеби ауданында балаларды жазғы сауықтыруға арналған модульді лагерь ашылды. Жаңадан салынып, пайдалануға берілген қосымша 14 нысанда 7 ауысым бойынша 2 мыңнан астам бала жаз бойы демалмақ,- деп хабарлайды Ertenmedia «Төлеби нұры» отбасы үлгісіндегі балалар үйінің лагері алғашқы ауысымда Қазығұрт ауданының 300-ден астам оқушысын қабылдап үлгерді. Барлығы көпбалалы және аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар. Бүгін салтанатты лента қию рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы келіп қатысып, құттықтауын арнады. — Жазғы демалыс – балалар үшін қуаныш пен шабытқа толы ерекше кезең. Лагерь ашу – болашаққа салынған инвестиция. Жас буынның жан-жақты дамуына, бос уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуіне…

Толық оқу

Алматы қаласында өндіріс пен экологияны қатар дамытуға бағытталған тағы бір маңызды бастама қолға алынып жатыр. Қала әкімі Дархан Сатыбалды мен Түркияның «Köksan Holding» компаниясының бас директоры Мурат Кёкоглу екеуара кездесуде өнеркәсіп пен қоршаған ортаны қорғайтын маңызды жобаны талқылады. Тараптар Алматыда пластик қалдықтарды қайта өңдейтін және ПЭТ-преформа шығаратын заманауи зауыт салуға уағдаласты. Бұл жоба қаланың оңтүстік-батысындағы Алатау ауданында жүзеге асырылмақ. 15 гектар жерге орналасатын өндіріс орны – көлемі де, салмағы да бар жоба. Ол толық қуатына шыққанда жылына 80 мың тонна ПЭТ-преформа және 24 мың тоннаға дейін қайта өңделген пластик өнімдерін шығаратын болады. Бұндай көрсеткіш Қазақстан бойынша ғана емес, бүкіл Орталық…

Толық оқу

Семейде «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы өтті. Ауқымды шараға Қазақстан Республикасы Парламенті және Сенат депутаттары, шетелдік және отандық инвесторлар, Абай облысынан шыққан ірі кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері қатысты. Маңызды жиынға 500-ге жуық кәсіпкер келді, деп хабарлайды Ertenmedia Форумның пленарлық сессиясында Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов, Мақсат Толықбай, Ринат Зайытов, Сенат депутаттары Айнұр Арғынбекова, Қайрат Тастекеев, «Agro Land Co» ЖШС бас директоры, «EurasiaRed» холдингтік компаниясының президенті Ерлан Мұқашев, «KAZ Minerals» тобы басқармасының төрағасы Эльдар Мамедов, «Сан Бао» сауда-өнеркәсіп корпорациясы басқарма төрағасы Кан Хэпин, «Эйкос» ЖШС бас директоры Александр Соловьёв, Қазақстандағы YOKOHAMA және TRIANGLE компанияларының ресми дистрибьюторы Сырымбек Тау, ASR экожүйесінің негізін…

Толық оқу