Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Кеген ауданына барып, Жалағаш ауылында жаңа Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шарада аймақ басшысы жаңа нысанның ауыл тұрғындарының рухани және мәдени өміріндегі маңызын атап өтті: – Жаңа Мәдениет үйі – өнер мен руханияттың ордасы, жастардың дарынын ашып, шығармашылыққа шабыт беретін мекен болады деп сенеміз. Бүгінде облыста 294 мәдени нысан жұмыс істейді. Биыл олардың 24-інде құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 9 ғимарат салынды, 5 мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасалды, 6 нысан жөнделіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар…

Толық оқу

Биыл Жетісу облысында 130 мың тонна картоп жиналады деп күтілуде. Қазір науқан қызу жүріп жатыр, бүгінге орташа өнімділік гектарына 213,4 ц/га центнерге жетті, бұл өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 5 центнерге жоғары, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, облыста 6250 гектар жерге картоп егілді. Соның бүгінгі күнге дейін 65,5 % жиналып, 87,5 мың тонна өнім қамбаға құйылды. Картоп жинауға Ескелді ауданының шаруашылықтары да белсене кіріскен. Бұл ауданында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 53 408 гектар болса, соның 1116 гектарына картоп себілген, сол қатарда «Нам» шаруа қожалығының алқабы да…

Толық оқу

Түркістан облысында жергілікті кәсіпкерлерді қолдау бағытында нақты шаралар атқарылуда. Құны 5 миллионнан 500 миллион теңгеге дейінгі жобаларды сүйемелдеу жұмыстары қарқын алып, кәсіпкерлік саласының дамуына оң ықпал етуде. 2025 жылдың басында сүйемелдеуге алынған 343 жобаның 205-і бүгінде іске қосылды. Жалпы құны 31,3 млрд теңгені құрайтын бұл жобаларды іске қосу арқылы 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Қалған жобаларды жыл соңына дейін толық іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде айтылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Мәжіліс барысында жобалардың орындалу барысы сараланып, облыс басшысы жауапты тұлғаларға…

Толық оқу

Түркістан облысының Келес ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен аса маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асып жатыр. Әңгіме – ауыз суға зәру ауылдарды таза әрі тұрақты сумен қамтамасыз ету жайында. Соңғы жылдары халық арасында жиі айтылатын мәселелердің бірі – ауылдардағы ауыз су тапшылығы. Енді соған нақты шешім табылып, елді мекендердің тұрғындары көптен күткен игілікке қол жеткізгелі отыр. Қайтарылған қаражаттың ел игілігіне жұмсалуы – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатын айқын қадам. Бұл жобалардың аясында 13 елді мекен таза ауыз суға қосылады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Келес ауданына қарасты Жүзімдік, Ақсу, Қаратөбе, Жаңадәуір, Жуантөбе, Көгерту,…

Толық оқу

Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: түйінді міндеттер және оларды цифрлық өзгеріс арқылы шешу» атты халыққа жолдауын орындауға арналған нақты іс-шаралар жоспарын бекітті, деп жазады Ertenmedia.kz. Құжат Үкімет отырысында қаралып, ел экономикасы мен әлеуметтік ахуалға тікелей әсер ететін басым бағыттарды қамтыды. Жоспарда инвестиция тарту, өнеркәсіпті күшейту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, логистика әлеуетін өсіру, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, адами капиталды жетілдіру және парламенттік реформаны іске асыру бағыттары белгіленген. Жалпы алғанда Президент тапсырмаларынан туындайтын 87 міндет нақтыланып отыр. Жоспардағы ең елеулі қадамның бірі – Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің орнына Инвесторлардың құқығын қорғау комитетін құру. Бұл шешім…

Толық оқу

Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Оған құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақтық департаменттердің басшылары, мәслихат депутаттары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, зиялы қауым өкілдері, жастар, онлайн байланыс арқылы Қызылорда қаласы мен барлық аудан әкімдері қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Аймақ басшысы Жолдауда көрсетілген жеті бағыт бойынша тапсырмалар жүктеді. – Мемлекет басшымыз экономиканың салаларын жаңғырту үшін цифрландыру мен жасанды интеллект технологиясын жеделдетіп енгізу мәселелеріне ерекше тоқталды. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін қолданып, елімізді одан әрі өркендетудің, әлеуметтік-экономикалық, инновациялық дамытудың жаңа бағдары айқындалды. Жаппай…

Толық оқу

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетіне жаңа төраға болып Әлішер Мұқажан тағайындалды, деп жазады Ertenmedia.kz. Әлішер Мұқажан осыған дейін аталған комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген. Енді ол министрліктің ақпарат саласына жауапты негізгі құрылымының жұмысын басқарады. Еңбек жолын 2017-2018 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметінде сарапшы ретінде бастаған. 2019 жылдан 2023 жылға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс департаментінде сарапшы болды. Кейін осы министрліктің Мемлекеттік ақпараттық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінге дейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарып келген Әлішер Мұқажан енді…

Толық оқу
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы банктердің мемлекеттен алған қаражатын қашан қайтаратынын мәлім етті, деп хабарлайды Ertenmedia. Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, қазір төрт банктің балансында жалпы көлемі 1,3 трлн теңге мемлекеттік көмек қаражаты тұр. Оның ішінде Alatau City Bank-те 950,2 млрд, Bank RBK-де 176,8 млрд, Еуразиялық банкте 150 млрд, ал Нұрбанкте 46,8 млрд теңге. Бұл банктер алдағы үш-бес жылда аталған қаражатты мерзімінен бұрын қайтаруды жоспарлап отыр. Бірақ Alatau City Bank міндеттемені ұзақ уақыт ішінде ғана орындай алады. Соңғы үш жылда кейбір банктер мемлекет алдындағы қарызын толық немесе ішінара мерзімінен бұрын қайтарған. Мәселен, Halyk Bank 2015 жылы Казкоммерцбанк арқылы алған 250 млрд теңге депозитті…

Толық оқу

Әлемде ақпараттық технологиялар тез қарқынмен дамып, жасанды интеллект күнделікті өмірдің барлық саласына терең еніп жатыр. Көптеген елдер экономиканың жаңа бағыты креативті индустрияны басты назарға алуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Мұндай жағдайда ұлттық цифрлық контентті дамытып, нығайту тек ақпараттық қауіпсіздік пен тәуелсіздікті сақтау емес, сонымен қатар жаһандық цифрлық монополияға тәуелділікті азайтудың маңызды стратегиялық қадамы болып табылады. Президент Қ.Тоқаев: «Заманауи сын-қатерлер экономиканы өркендетуде жаңа тәсілдерге жүгінуді талап етеді. Бұл ретте цифрлық технологиялар маңызды рөл атқарады. Жалпы, цифрландыру мен жасанды интеллект біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағытының бірі» деп атап өткен болатын. Жаңа заманның сын-қатерлеріне уақытылы жауап беру және әлемдік технологиялық үрдістерден артта қалмау үлкен жауапкершілік…

Толық оқу

Іле ауданының саяжайында тұратын халық көптен бері балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасалмағанына алаңдап келген еді. Жаңа қоныстардағы басты мәселе – мектепке қатынас қиындықтары, балалардың таңнан кешке дейін жол машақатын тартып жүргені белгілі. Қарапайым ауыл тұрғындары балаларының мектепке жетуі олардың қауіпсіздігіне, уақытты үнемдеуіне, ең бастысы – білім сапасына тікелей әсер етіп жатқанын айтқан-ды. Саяжай тұрғындарының үнін естіген Алматы  облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым арнайы келіп, халықпен ашық жүздесті. Кездесу барысында құр уәде беріп қана қоймай, бірден іске асатын нақты шешімдер ұсынылды. 16 қыркүйектен бастап қосымша үш автобус жолға шығарылып, маршрут 1,5 шақырымға ұзартылып, тікелей тұрғындар тұратын аумаққа дейін баратын…

Толық оқу