«Еуразиялық қаржы компаниясы» (ЕҚК) акционерлерінің арасындағы тартыс сот арқылы шешілді деп хабарлайды Ertenmedia. Алматының экономикалық соты Шухрат Ибрагимовтың талабын толық орындап, директорлар кеңесінің 2025 жылғы маусым және шілдедегі шешімін заңды деп таныды. Компанияның ішкі жағдайын өзгерткен шешімдер бірнеше маңызды мәселені қамтиды. Атап айтқанда, ЕҚК Еуразиялық банк пен «Еуразиялық Капиталдың» 2024 жылғы аудиттелген қаржылық есебін ресми түрде бекітуі тиіс. Бұған қоса, банктің директорлар кеңесі қайта жасақталып, оның құрамына Шухрат Ибрагимов, Виталий Репей, Арман Нұрышев, Ерлан Мусин және Жанбота Бекенов енеді. Атқарушы орган директоры лауазымынан Шодиевтің сенімді серігі саналатын Инесса Ким босатылып, осы қызметке Жанбота Бекенов тағайындалады. Патох Шодиев мұны заңсыз деп…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы облысының Іле ауданында орналасқан «Ворошиловское» су қоймасын мемлекетке қайтару жөнінде сот шешімі шықты. Су қоймасының тағдыры тек ауыл шаруашылығына, егіншілікке немесе энергетикаға ғана емес, тұтас аймақтың қауіпсіздігі мен халықтың өмір сапасына тікелей байланысты екені анық. Жергілікті жұрт 2024 жылдың көктемінде болған апатты жақсы біледі. Сол кезде су қоймасындағы бөгеттің жарылуы жүздеген үйге қауіп төндіріп, егістік алқаптарын шайып, инфрақұрылымға орасан зор залал келтірген болатын. Оқиға халықтың жүрегіне қорқыныш ұялатты, ал билікке жауапкершілік жүктеді. 2017 жылы су қоймасы сенімді басқаруға берілген еді. Жарты ғасырдан астам уақытқа жасалған келісімге сол тұста ешкім күмәнданған жоқ. Бірақ уақыт өте келе табиғаттың алдында бейқамдық пен…
Сарыағаш ауданы елдегі емдік-сауықтыру туризмінің негізгі орталықтарының бірі саналады, деп жазады Ertenmedia.kz. Алайда өңірдегі шипажайлар саны көбейгенімен, қызмет сапасы, инфрақұрылым, санитарлық талап және салық тәртібі төңірегіндегі түйткілдер әлі де толық шешілмеген. Осыған байланысты Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен кеңейтілген жиын өтіп, салаға жауапты басшылар мен шипажай иелері бас қосты. Жиында Мемлекет басшысының демалыс аймақтарын халықаралық талаптарға сай дамыту жөніндегі тапсырмасы еске алынды. Облыс әкімі Сарыағаштағы сауықтыру орындары заман талабына сай жаңарып, қызмет көрсету сапасы нақты көтерілуі керек екенін айтты. Оның сөзінше, емдік туризм Түркістан облысы үшін жай демалыс саласы ғана емес, экономиканы алға сүйрейтін, өңірдің беделін арттыратын маңызды бағыт.…
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 2030 жылға дейін ел ішіндегі кедейшілікті толығымен жоятынын мәлім етті. Осылайша өзбек билігі әлемдік стандарттарға сай кедейлікті өлшеу әдістемелері енгізіліп, әлеуметтік саясат толықтай жаңғыртуды көздеп отыр. Кезінде біздің Қазақстан да 2030 стратегиясын қабылдап, халықтың тұрмысын көтереміз деп уәде берген еді. Бірақ іс жүзінде қағазға жазылған жоспар мен ұран көп болғаны жасырын емес. Ал көршіміз өз жоспарын шынайы өмірмен ұштастырып, халықтың тұрмысын күнделікті деңгейде жақсартуға күш салмақшы. Мирзиёевтің айтуынша, тек соңғы жылдардың өзінде 7,5 миллион адам кедейшілік шегінен шығарылған. 2024 жылы кедейліктің деңгейі 8,9 пайызға дейін төмендеп, жыл соңына қарай бұл көрсеткішті 6 пайызға жеткізу жоспарлануда. Енді…
Түркияның электр көліктерін шығаратын Togg компаниясы Мюнхенде өткен IAA Mobility 2025 көрмесінде жаңа T10F моделін жұрт назарына ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде аталмыш көлік модельі Түркияда саудалануда. Жаңа көлік заманауи дизайнмен ғана емес, қауіпсіздік деңгейімен де ерекшеленетінін айта кетуіміз керек. Бұл ретте өндіруші компания Euro NCAP бағдарламасының ең жоғарғы бағасы бес жұлдызын алғанын айтсақ жетіп жатыр. Бүгінде жаңа көліктің бағасы да көпшіліктің талқысына түсіп үлгерді. Негізгі нұсқасы 1 млн 860 мың лирадан басталады (25 млн теңге). Ұзақ жолға арналған үлкейтілген аккумулятормен шыққан нұсқалардың құны 2,3 млн лираға (29 млн теңге) дейін барады. Көліктің техникалық сипаттамасын назар аударған адам Togg T10F…
Өзбекстан бүгінгі таңда Орталық Азиядағы мақта өсіріп қана қоймай, оны толықтай өңдеп, дайын өнімге айналдыратын жаңа индустриялық мемлекетке айналып отыр. Көршіміз жыл сайын орта есеппен 3 миллион тонна мақта жинап, одан 1 миллион тоннадан астам талшық өндіріп отыр. Алайда соңғы жылдары билік бағытын өзгертіп, енді бүкіл өнімді ішкі зауыттарда өңдеп, дайын мата мен киім ретінде шетелге сатуды жолға қойды. Өзбекстанда 2020 жылдан бастап мақта талшығын экспорттауға толық тыйым салынып, отандық фабрикаларға мүмкіндік берілді. Салықтық жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдаудың арқасында аз ғана жылдарда кәсіпорындар саны алты есе өсіп, 6 мыңға жеткен. Бүгінде бұл салада 600 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бүгінде…
2026 жылдан бастап Қазақстанда жүргізушілерге көлік нөмірін өз қалауымен таңдау құқығы беріледі. Алайда мұның да өз тәртібі мен бағасы бар деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңа Салық кодексінің жобасына сәйкес, көлік иелері мемлекеттік тіркеу нөмірін еркін таңдай алады. Әдеттегі нөмірді қалауыңыз бойынша рәсімдеудің ресми құны 10 АЕК. 2026-2028 жылдарға белгіленген 1 АЕК көлемі – 4325 теңге. Демек, еркін таңдалған стандартты нөмірдің бағасы 43 250 теңге. Алайда, ел арасында кең тараған, ерекше сұранысқа ие «әдемі» және «беделді» нөмірлерге баға мүлдем бөлек. Атап айтсақ: 010, 020, 030 секілді нөмірлер 57 АЕК (246 525 теңге), әріптері бірдей болса 114 АЕК (493 050 теңге); 100, 111,…
Ғылым ордасында «Палеонтология, зоологиялық, археологиялық, археографиялық қор жинақтарын пәнаралық-кешенді зерттеу және жаңа материалдармен толықтыру, атрибуциялау, каталогтау: «Ғылым ордасы» музейлері негізінде» атты ғылыми семинар өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Іс-шараға Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов, музей меңгерушілері, ғылыми қызметкерлер, реставраторлар, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Зоология институтының өкілдері қатысты. Жиын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің IRN BR28713619 нысаналы қаржыландыру жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба жетекшісі – PhD, этнограф Айнұр Қыдырғалқызы Бейсеғұлова. Семинар барысында биология мен зоология саласында жиі қолданылатын терминдердің қазақша баламалары талқыланды. Сонымен қатар Табиғат музейі мен Археология музейінің қалыптасу тарихы, ғылыми зертхана негізінде оқу-өндірістік практика ұйымдастыру тәжірибесі сөз…
Мәжіліс мінберінен анасының 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, жұрттың сынына ұшыраған депутат Ардақ Назаров өз әрекетін дұрыс деп санайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол әлемжелі мен қоғамда өзін сынға алғандарды «анасын құрметтемейтін адамдар» деп айыптады деп хабарлайды Ertenmedia. «Мені қаралап, қарсы пікір жазғандар анасын құрметтемейтін, қадірлемейтін жандар. Анаға құрметті қоғам алдында жеткізу айып емес. Мен осы әрекетіммен керісінше ана қадірін түсінбейтіндерге үлгі болғым келді», – деді Назаров Мәжіліс кулуарында. Депутат өз сөзінің қоғамда резонанс тудырғанын аса маңызды деп есептемейді. Оның ойынша, ананың орны барлық мінберден биік тұруы тиіс. «Менің әрекетім ешқандай шу тудырған жоқ деп санаймын. Ананың мәртебесі ең биік мінберден де жоғары…
ҚР Қаржы министрлігі «Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Құжат жаңа Салық кодексінің (173-баптың 5-тармағы) ережелерін іске асыру мақсатында әзірленді және салық жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыруға бағытталған, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба салық салу объектілерін айқындаудың жанама әдісін қолдану тетігін көздейді. Ол салық төлеуші есеп жүргізу тәртібін бұзған жағдайларда, сондай-ақ есеп құжаттамасы жоғалған немесе жойылған кезде мемлекеттік кірістер органдарымен қолданылатын болады. Бұдан бөлек, бұл әдіс жеке тұлғалардың кірісін неғұрлым объективті айқындауға мүмкіндік береді. Жанама әдістің мәні – бастапқы құжаттар болмаған немесе бұрмаланған жағдайда салық органдары баламалы ақпарат көздерін пайдаланатынында. Салық…










